facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
samara-alasynda-y-aza-tar-zge-elde-t-ryp-salt-d-st-rler-ar-yly-b-rlesuge-bolatyn-m-mk-nd-kter-zhayynda
logo
Самара қаласындағы қазақтар өзге елде тұрып, салт-дәстүрлер арқылы бірлесуге болатын мүмкіндіктер жайында
Өмір сүру стилі

26.04.2019

Самара қаласындағы қазақтар өзге елде тұрып, салт-дәстүрлер арқылы бірлесуге болатын мүмкіндіктер жайында

Ренат Исказиев, туған қаласы — Самара, Самара облысының Білім және ғылым Министрлігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі департаментінің бас кеңесшісі

Ренат3.jpg

Өзі жайында


Мен Самарада туып өстім. Кезінде менің арғы аталарым мен әжелерім осында көшіп келген сияқты, бірақ жалпы менің бүкіл отбасым – ресейлік қазақтар болып табылады.


Самарадағы қазақ диаспорасы жайында


Самарада шамамен 15 000 қазақ тұрады. Бізде «Ақжол» деп аталатын жеке автономиямыз бар, ол облыстағы барлық қазақтарды біріктіреді, оған қоса «Қайрат» жастар ұйымы бар. Студент болған кезімде, бұл ұйымның қызметіне белсенді түрде араластым. Біз жастарға арналған іс-шараларды, ұлттық мейрамдарды ұйымдастырдық.

Мен таза қазақша сөйлемеймін, бірақ айтқанды түсінемін. Біз Наурыз сияқты қазақ мейрамдарын атап өтеміз. Аға буын өкілдері ұлттық салт-дәстүрлерді әрдайым ұстанады.

Ренат.jpg

Менің ойымша, Ресейде барлық ұлттық мейрамдарға терең мән беріледі. Бұл жай ғана «белгілеп қою» үшін өткізілетін шаралар емес, біз оларды салт-дәстүрлерімізді сақтап қалу үшін өткіземіз. Бір елдегі ұлт өкілдері қаншалықты аз болса, мәдениет пен салт-дәстүрлерді сақтау қажеттігі соншалықты жоғары. Бұл бізді байланыстыратын нәрсе, онсыз біз бір-бірімізден жекелеп жүреміз.

Салт-дәстүрлерді, тұқым мен қаныңды сақтап, тек қазақ қызына үйлену маңызды. Бірақ басқа жағынан, адамдар екі әртүрлі мәдениетте де бақытты өмір сүре алады.

Қазақстанда адамдардың қонақжайлылығы – оларға тән ерекше қасиет


Қазақтандағы қазақтар мен Ресейдегі қазақтар ерекшеленеді деп ойлаймын. Қазақстанда адамдардың қонақжайлылығы – оларға тән ерекше қасиет. Ресейде қазақтар әлдеқайда ашық болып келеді – бұл қазақ және орыс мәдениеттерінің араласуының әсері.


Қазақстан жайында


Мен Қазақстанның Орал қаласында ғана болдым. Бір күнге бардым, сол себепті бірдеңе көре алдым деп айта алмаймын.

Ренат2.jpg

Мен Қазақстан бойынша саяхаттауды қалаймын, Астана мен Алматыға барғым келеді. Бізді Қазақстанда күтіп отыр деген стереотип бар, бірақ менің ойымша, олай емес. Менің немере қарындасым Алматыға көшіп, үш ай тұрды, кейін қайтадан оралды, себебі жаңа орында жайлы орналаса алмады және жұмыс таба алмады. Сол себепті менде Қазақстанға көшу ниетім жоқ.

Маған Қзақстандық комедиялар ұнайды – олар жеңіл және жақсы түсірілген. Музыканттар жайында айтсам, маған Moldanazar тобы ұнайды.


Серік Санатов, 33 жаста, туған қаласы — Самара, жеке кәсіпкер


Серик2.jpg

Өзі жайында

Мен Самарада тудым. Менің атам және апам, ата-анам да осында, Самара облысында тұрды.


Самарадағы қазақ диаспорасы жайында


Өңірде көп қазақтар тұрады. Кейбір жерлерде қазақтар жергілікті тұрғындардан көбірек болып келеді.

Мен қазақ дәстүрлерімен, тілмен таныспын. Біз шекараға жақын жерде тұрамыз және мәдениетімізді ұмыптауға тырысамыз.

Қалада Наурыз сияқты ұлттық мейрамдар аталып өтеді. Бүкіл облыстағы қазақтар келеді, көп адамдар жиналады.

Серик.jpg

Қазақстанда және Ресейде үлкен кісілерге деген қатынас әртүрлі. Қазақстанда аға буын өкілдеріне құрметпен қарайды.

Самарадағы қазақтар әлдеқайда заманауи тұрғыдан ойлайды


Самарадағы қазақтар әлдеқайда заманауи тұрғыдан ойлайды. Әртүрлі ұлт өкілдері танысып, тұрмыс құрады.


Қазақстан жайында


Мен Қазақстанның Орал, Ақтөбе, Атырау, Астана қалаларына жиі барып тұрамын. Жазда Алматыға баруды жоспарлаймын. Астанада, Оралда, Қызылордада, Қарағандыда және Шымкентте көп туыстарым тұрғанымен, көшіп кету ойымда жоқ.

Біз қазақ фильмдерін көруді ұнатамыз. Бүгінгі заман фильмдерінің ішінен «Келинка Сабинаны», «Бизнес по-казахскиді» көрдім. Әншілерден Қайрат Нұртасты тыңдаймын.


Азамат Нугманов, 26 жаста, туған қаласы — Самара, IT-маман


Азамат.jpg

Өзі жайында


Мен Самара облысының Озерск деген жерінде туып өстім. Тоғызыншы сыныпты аяқтағаннан кейін, Самараға көшіп кеттім. Менің әкем және атам Озерск ауылында туды.


Самарадағы қазақ диаспорасы жайында


Мен кішкентай кезімнен әртүрлі ұлт өкілдерінің арасында өстім. Бірақ айналамдағы адамдардық басым бөлігі – қазақтар болып табылады, сол себепті Самарада қазақтар аз деп айта алмаймын.

Біздің қаламызда өңірдегі қазақтарды біріктірумен және қазақ мәдениетін қолдаумен айналысатын «Ақжол» қазақ ұйымы бар. Олар газет шығарады, Наурыз мейрамын ұйымдастырады, жергілікті іс-шараларды, қазақ мәдениетін білуге бағытталған сабақтарды өткізеді.

Мен қалаға келген кезде, «Қайрат» жастар ұйымына қосылдым. Біз футбол, волейбол және баскетбол бойынша жарыстар ұйымдастыратынбыз. Біздің ұжым әлі күнге дейін достық қарым-қатынасты қолдайды.

Азамат2.jpg

Туыстарымның басым бөлігі жанымда және ауылымның тұрғындары көбінесе қазақтар болғандықтан, салт-дәстүрлерді кішкентай кезімнен білемін. Мейрам сайын қонақтар келеді. Бала кезімде адамдар көп болған кезде, ұялатынмын, бірақ қазірде іс-шараларға қатысқанда, қарым-қатынастың жылулығы сезіледі. Адамдар өз тәжірибелерімен, өмірлік оқиғаларымен, ақыл-ойларымен бөліседі, қолдау көрсетеді.

Барлық салт-дәстүрлердің ерекше мән-мағынасы бар деп ойлаймын, бірақ артық кертартпа түсініктер қажет емес.

Ата-анам қазақ қызынына үйленгенімді қалады. Мен қазақ қыздарымен араласуға тырыстым, бірақ орыс қызына ғашық болдым. Менің отбасым оны қабылдады және маусымның аяғында тойымыз болады.


Қазақстан жайында


Қазақтар Ресейдің мәдениетінен орын алып жатыр және бұл қуантады. Мысалы, Геннадий Головкин, Айсұлтан Сейітов, Скриптонит, Jah Khalib, Танир, Hiro, Байзакова, Dana Tunes, Димаш. Қазақстан жайында жаңалықтар арқылы хабардар болып жүреміз.

Барлық байқауларда, жарыстарда қазақтардың көбірек болғанын қалайсың. Ал Қазақстанның туы ең әдемі және заманауи ту деп санаймын.

Қазақстанда аса болмағаныма қарамастан, қазақстандық достарым ақырындап пайда болып жатыр


Қазақстанда аса болмағаныма қарамастан, қазақстандық достарым ақырындап пайда болып жатыр. Бұл позитивті, қарапайым және ашық халық.

Алматы мен Астанаға барып келу жоспары бар. Отаным жайындағы жаңалықтар мені әрдайым қуантады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.