Өзім жайлы
Мен жауапкершілігі мол, мақсаты айқын және өмірге риза адаммын. Барлық нәрсеге перфекционизмен қараймын. Мен үшін барлығы өз орнында және жоспар бойынша болу керек. Мен белсендімін, әділмін және мейірімдімін.
Мен халықаралық жарыстарға барып жүрген белсенді әуесқой-спортшымын. Өмірімді бұл спортпен байланыстырамын деп ешқашан ойламаппын. Триталон үш түрлі спорттан тұратының білгенде, қалай барлығына үлгеруге болатынына таңқалатынмын. Сол кезде мүлде жүзу білмейтінмін. Бірақ мен өзіме мақсат қоюға үйреніп кеттім.
Менің жұмысым мен хоббиімнің бір нәрсе болғаны қуантады.
Өмірлік ұстанымдар жайлы
Мен әділдік үшінмін. Бұл ұстанымды жұмыста, достарымның арасында және отбасымда ұстанамын. Өз-өзіме әділ болуға тырысамын.
Бақытты бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Барлығы адамның қандай жағдайда екеніне байланысты. Бақыт — ол сен істеп жүрген істерден ләззат алу.
Мен үшін жақындарымның амандығы маңызды.
Менің өмірімдегі триатлон — өз-өзімді жеңу. Бұл жеке дара спорттың түрі, мұнда сен басқа біреумен емес, өз-өзіңмен жарысасын. Адамның мүмкіндігі шексіз деп білемін.
Спорт тәртіпті талап етеді. Бұл кез-келген өмірдің жолында маңызды: жұмыста, қарым-қатынаста, коммуникацияда. Сондай-ақ бұл тайм-менеджмент. Өйткені триатлонда жаттығуға өте көп уақыт кетеді. Ғажайып нәрсе болмайды, саған тек жаттығу көмектеседі, оны жұмыспен бірігіп ұстау керек.
Өмірімдегі адамдары жайлы
Адамдар — адамның өмірдегі ең бағалысы мен құндысы. Олармен біз қарым-қатынас жасаймыз, бірге түрлі нәрселерді жасаймыз, ойлап табамыз. Егер мен жер бетінде жалғыз қалсам, оның еш маңызы жоқ. Адам жаман ба, жақсы ма маңызды емес, кез-келгенге құрметпен қарау керек.
Егер адам маған ұнамаса, яғни оның бірденесі дұрыс емес. Ол менің ортама сәйкес келмейтін адам. Сондықтан ортамды өзімнің қарым-қатынасыма қарай таңдаймын. Менің өмірлік жолдастарым бар, бірақ триатлонға, жұмысқа барған сайын жаңа орта пайда болады.
Маған қымбат адамдардың сыңын ауыр көтеремін. Бұл мен үшін стресс. Бұл қиындықпен күнде күресемін.
Ісім жайлы
Биыл сегізінші рет «Алматы марафон» жарысы өтті. Салауатты өмір салты мен жүгіру халық арасында танымалдылыққа ие, ал біз сол жүгіруге қатысты жарыстарды ұйымдастырамыз.
Біздің жұмыс спорт сүйер қауымы арасында спортты насихаттауға бағытталған. Жылына 20-дан астам жарыс өтеді. Бұл шаралар алматылықтар үшін мереке. Біз адамдар арасындағы байланысты нығайтамыз.
Бұл менің басты жұмысым. Мен аудиторияны жақсы білемін, өйткені өзім жарыстардың белсенді мүшесімін. Халықаралық жарыстарда ұйымдастыру жұмыстарын зерттеймін. 20 адамнан тұратын топпен күн сайын сапаны жақсарту үшін жұмыс істейміз. Триталон — есіртікі сияқты, бір рет көрсең, одан бас тарта алмайсың.
«Алматы марафон» — қайырымдылық жобасы. Біз мүмкіндігі шектеулі немесе ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмектесеміз. Марафонға тіркеле отырып, қатысушы жарна төлейді. Жыл сайын біз қайырымдылық мақсатын таңдап алып, спорттық жабдықтарды сатып аламыз. Бұл балаларды оңалтуға көмектеседі.
Біз адамдарды спортқа жігерлететіңіміз үшін қуанамын. Жоба ашылғалы бері 17 жобаны жүзеге асырып, 2500 балаға көмектестік.
Менің әкем әйгілі хирург болды. 53 жасында 5000 жанның өмірін сақтап, 30 000 аса өмірлік маңызы бар оталарды жасады. Ол адам ретінде тек отбасында ғана емес, қоғамда да орны бар адам. Менің де қоғамда өз орнымды қалдырғым келеді. Осы уақытқа дейін «Алматы марафон» жобасының тобымен спорттық орта мен мәдениетті қалыптастырдық.
Қала үшін бұл жоба — визит карточкасы. Біз 53 елден спортшылар келетін халықаралық марфон болдық. Бұл елдегі туризмнің дамуына өз үлесін қосады.
Гавай аралдарындағы триатлонның әлем чемпионатына жолдама алғым келеді. Ол үшін әлемнің мықты спортшылары жиналатын жарыстан топ жару керек.
«Алматы марафон» жобасымен біз басқа қалаларға да шығамыз. Адамдар бізге сенеді, сондықтан жарыстарды сапалырақ өткізгіміз келеді.
Мен жұмыста, спортта белгілі бір жетістікке жеттім. Келесі мақсатым, жеке өмірім мен ана атану арманымды жүзеге асыру.