Біз сәуір айында баруға болатын ең қызықты іс-шараларды жинақтадық. Бүгінгі материалымызда әрқайсысы туралы толығырақ айтып бермекпіз.
Өтетін күні: 8 сәуір
Өтетін орны: Астана
Қазақстандағы тіл пәні мұғалімдеріне арналған тұңғыш оффлайн конференция.
Іс-шараға өз тәжірибесімен бөлісуге дайын әдістеме және білім беру бизнесінің сарапшылары жиналады.
BILLIE JEAN KING CUP
Өтетін күні: 14-15 сәуір
Өтетін орны: Астана, Beeline Arena ұлттық теннис орталығы
Billie Jean King Cup — ITF аясында өтетін әйелдер теннисінен халықаралық командалық жарыс. Биыл еліміздің атынан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Гозал Айнитдинова және Жанель Рүстемова қатысады.
beetech conf 2023
Өтетін күні: 22 сәуір
Өтетін орны: Алматы, Narxoz University
Beetech conf — инженерлерге, әзірлеушілерге, product менеджерлерге, QA мамандарына, agile коучтарға, скрам шеберлеріне және басқа да dev мамандарына арналған Beeline компаниясының жыл сайынғы IT конференциясы.
Биыл бағдарлама қазақстандық IT-технологияның өзекті мәселелерін және жергілікті нарықтың ерекшеліктерін талқылауға негізделген. Сондай-ақ нақты кейстер арқылы трендтер, құралдар мен жұмыс тәсілдері талқыланады.
Конференцияға 800 офлайн және 5000-нан астам адам онлайн қатысады деп күтілуде.
Алматы жартылай марафоны 2023
Өтетін күні: 23 сәуір
Өтетін орны: Алматы, Тұңғыш Президент саябағы
23 сәуір күні Алматыда жыл сайынғы Алматы жартылай марафоны өтеді. Биыл алтыншы рет өткізілмек. Ұйымдастырушысы — «Смелость быть первым» корпоративтік қоры.
Жартылай марафонға 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Ал 15 жастан асқандар жарыстың басқа қашықтықтарына қатыса алады. Барлығы төрт қашықтық болады: 21,1 километр, 10 километр, 10 километр скандинав жүрісі және Экиден командалық эстафетасы.
Қатысу үшін almaty-marathon.kz сайтында тіркеліп, сөрелік слот үшін төлем жасау керек.
PROFIT Construction Day
Өтетін күні: 28 сәуір
Өтетін орны: Алматы, InterContinental Almaty
Қазақстандағы құрылысты цифрландыру жөніндегі конференция. Қазақстанның құрылыс саласында ақпараттық технологиялар қалай дамып жатқаны, отандық компаниялар қандай шешімдерді қолданып жатқаны және салада қандай мәселелер бар екендігі туралы ақпарат аласыз.