facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
robot-yel-aza-standa-y-toly-ymen-aza-sha-t-s-r-lgen-zhoba-turaly
logo
«Робот әйел». Қазақстандағы толығымен қазақша түсірілген жоба туралы

13.02.2023

«Робот әйел». Қазақстандағы толығымен қазақша түсірілген жоба туралы

Жақында қазақстандық кинотеатрлардан «Робот әйел» фильмі көрсетіле бастайды. Біз кинорежиссермен, продюсермен және фильм актерлерімен танысып, сұхбаттастық. Олар түсірілімдегі қызықты сәттермен бөлісті әрі жобаға қатысу тәжірибесі туралы айтты.


Мақсат Куватов, Алматы қаласы, продюсер, @kuvatov_maksat

Максат Куватов


Бақытжан Жиеналы, Алматы қаласы, режиссер, @baha_zhiyenaly

Бакытжан Жиеналы.jpg

Өзім туралы

Мақсат. Мен ауылдан шыққан қазақтың қарапайым қара баласымын. Әртүрлі жұмыс жасаймын, бірақ көбінесе сауда-сатыққа байланысты болып келеді. Бақытжан — менің студенттік жолдасым. Ол — өнер адамы. Бірде біз аяқасты «Давай кино түсіреміз?» дедік те, солайша осы бағытқа өтіп кеттік.

Фильм туралы

Мақсат. «Робот әйел» киносы — Mandarin Production-ның екінші жобасы. Бірінші жобасы — «Почти мачо» романтикалық комедия. Біз Бақытжан екеуіміз өзбек ағайындыларымыздың «Темир хотин» фильмін көріп отырып, неге осы форматты қазақ тіліне аударып, жаңа фильм шығармасқа деп шештік. «Робот әйелдің» 50 пайызы сол жерден алынды, қалған 50 пайызы өзгеріске ұшырады — біздің менталитетке орай адаптация жасадық. Таза комедия форматында, отбасылық құндылықты бірінші орынға қойып түсірілген кино.

Бақытжан. Жобаның негізгі идеясы — отбасылық құндылық. Фильмде ауыл мен қалалық жерлердегі әйел мен еркектің қарым-қатынасы жайлы және заманауи технологияларға қатысты халқымыздың көзқарасы туралы айтылған.

Мақсат. Иә, ең негізгісі — әйел тақырыбы. Қазақтарда айтады ғой — «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деп. Екіншіден — «Жылтырағанның барлығы алтын емес». Осы екі мақал-мәтелмен әйел тақырыбын қозғадық.

Мақсат. Жоба ауылдық жерлерде түсірілген. Тамақтың барлығын апаларымыз, әпкелеріміз қазанға пісірген. 60 адамның барлығы бір-бірімізді асырадық. Екі-үш күннен кейін бізге бір шағым түсті. Сөйтсек, арамызда тек қана «диетический» тамақ жейтін қыздар бар екен. Сондай біраз қызықты оқиғалар болған. Сонымен қатар кешке таман ауыл адамдары жиналып, актерлермен суретке түсетін. Солайша біз біраз ауылды шулаттық.

Бақытжан. Біздің кинода тәжірибиеміз үлкен болмаса да, бірінші фильм түсіру барысындағы қиындықтарды қайталамауға тырыстық. Біріншіден, фильм 100 пайызша қазақша түсірілген. Екіншіден — комедия жанрына ставка қойдық. Біздің фильм коммерциялық болғандықтан, әрине, өтімділігін да ойлаймыз. Үшіншіден, халыққа шығарылып жатқан кино болғандықтан, біз тәрбие жақтарын да қостық.

Мақсат. Енді әрбір жобаның өз мақсаты бар. Бұл жобаны ары қарай жалғастыру үшін ол өз-өзін ақтауы керек. Ол өзін ақтаса, болашақтағы жобаларымыз одан да жақсы болады. Екіншіден, бұл киноны көрген әр адам өзіне керектісін алады деген үміттеміз. Осы фильммен біз ауылдың мінезін, жаңа технологияларды, оқыған адамның жетістіктерге жететінін көрсетуге тырыстық.


Рауан Романи, Алматы қаласы, актер, @romani.rauan

Роман Рауани

Өзім туралы

Мен актермін. Осыдан 12 жыл бұрын өзімнің актерлік тәжірибемді Лос-Анджелес қаласында бастадым. Сол жердегі театрда оқыдым да, сөйтіп біраз жыл Голливудта жұмыс жасадым. Екі жыл бұрын Қазақстанда тәжірибе жинаймын деп, елге оралдым.

Менің ең алгашқы қазақ киносында түскен жобам — «Бизнес по-казахски в Америке». Осыдан кейін менің қазақстандық киноларда түсуге шабытым ашылды. Осы жобадан басқа мен «Ақжауын» телехикаясында басты кейіпкерді ойнадым, сонымен қатар Salem Social-дың «Первая отрицательная» веб-сериалында түстім және де «Почти мачо», «Зере» жобаларына да қатыстым.

«Робот әйел» — комедия жанрында басты рөльге түскен алғашқы фильмім. Осыдан екі жыл бұрын «Почти мачо» жобасында түскенде, сол фильмді да Бақытжан Жиеналы түсірген. Сөйтіп екеуіміз жақсы араласып, достасып кеттік. Содан Бақытжан мырза осы рөлді ұсынды.

Мен жалпы өзім комедияға жақындамаймын, көбінесе теріс рөлдерді ойнаймын. Маған кино идеясы ұнады әрі тәжірибем арта берсін деп келістім.

Фильм туралы

«Робот әйел» — халық киносы. Көрермендер фильмді көре отырып, өздеріне бір месседж алады. Фильмде махаббат бар, ағайындылардың арасындағы қарым-қатынас бар, көптеген қызықтар туралы да айтылады.

Робот айел съемки

Менің кейіпкерім қызықты, бір жағынан өзіме ұқсайды. Есімі — Алимжан. Ол ауылда өскен, шетелде оқыған, бірнеше тілді біледі. Оның көптеген қиыншылықтары болды, бірақ соңында ол мақсатына жетті. Сондықтан да адам өз мақсатына, арманына жету керек деп ойлаймын. Осыны мен Алимжанның кейіпкерінен үйрендім.

Маған түсірілім процесі қатты ұнады, себебі өзім ауылды сағындым. Біз бір ай бойы Шымкент қаласында, Алатау ауылында тұрдық — атпен шаптық, қымыз іштік, Шымкенттің палауын, кәуабын жедік. Жоба аса жауапкершілікпен түсірілген.


Қуандық Шәкіржанов, Алматы қаласы, актер, @kuandykshakirzhanov

Куандык Шакиржанов.jpg

Фильм туралы

Бұл кино — өзбек ағайындалардың бір фильмінің интерпретациясы. Киноны көре отырып, қазақ және өзбек актерлардың қалай ойнайтынын салыстыруға болады, айырмашылықары неде екенін білуге болады.

«Робот әйел» жобасында мен ойнаған кейіпкер — Қошқарбай. Ол — қарапайым, мал шаруашылығымен айналысатын ауылдың тұрғыны. Жанұясын асырап жүрген адам. Бір кемшілігі — ашушаң, арақ ішеді. Дегенмен ешкімге жамандық тілемейтін кейіпкер. Жалпы рөлге кіру маған ешқандай қиындық тудырмады.

Робот айел съемки

Фильмнің соңына қарай, менің кейіпкерім арақ ішу дұрыс емес екенін түсінді, өзінің жұбайына басқа ешкімнің жетпейтінін де білді.

Түсірілім барысында ешқандай қиыншылықтар болған жоқ. Түсірілім таудың бөктерінде, таза ауада өтті. Ауыл адамдары берекелі, тату-тәтті. 25 күнге созылатын түсірілім 20-21 күнде бітіп кетті. Бәрі уақытымен өтті.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
«Начало», «Интерстеллар», «Дюнкерк»: Кристофер Ноланның ең үздік фильмдері
«Начало», «Интерстеллар», «Дюнкерк»: Кристофер Ноланның ең үздік фильмдері
Сәнді көрінуге көмектесетін Қазақстандық 7 этникалық бренд
Сәнді көрінуге көмектесетін Қазақстандық 7 этникалық бренд
Қазақстандық танымал музыканттар: жаңа буын жұлдыздары
Қазақстандық танымал музыканттар: жаңа буын жұлдыздары
«Кунг-фу панда 4», «Претенденты» және біз көктемде күтетін тағы 10 фильм
«Кунг-фу панда 4», «Претенденты» және біз көктемде күтетін тағы 10 фильм
Қазақ тойына арналған плейлист: 20 ең танымал және сүйікті әндер жинағы
Қазақ тойына арналған плейлист: 20 ең танымал және сүйікті әндер жинағы