Асия Шакетова, 21 жаста, туған жері — Түмен
Салт-дәстүрлер жайлы
Мен дүниеге келген отбасында әрдайым қазақтың салт-дәстүрлерін ұстанады. Мен де қазір барлық салттарды үйреніп келемін.
Менің ойымша, ұлттық дәстүрлерді сақтау керек, олардың арқасында біз туыстарымызбен жиі араласатын боламыз, балаларымызды ұлттық құндылықтарға тәрбиелейміз. Дегенмен қазіргі таңда кейбір дәстүрлерді бұрынғыдай ұстанбайды. Бірақ оларды өзгертуден қорықпау керек. Қазақ жастарының көбісі менімен келіседі деген ойдамын, бірақ кейбіреулері салт-дәстүрлерді ұстануды мүлдем мағынасыз деп ойлайды.
Той туралы
Бағыма орай мен қазақ отбасына тұрмысқа шықтым. Жақында ғана күйеуінің ұлтының қаншалықты маңызды екенін түсіне бастадым. Басқаша тәрбиеленген адамға не себепті өте көп салттарды ұстану керек, одан бетері оларға деген құрметті түсіндіру өте қиын.
Қазақтың тойы — миллиондаған нәрселерді жасауды талап ететін ең қиын салт.
Тойдың алдында туыстарымыз бір-бірлеріне құдалыққа барған. Одан кейін менің ата-анам Қыз ұзату тойын жасады. Ал Неке қиярдан кейін үйлену тойымыз болды.
Айнура Кушурова, 21 жаста, туған жері — Сургут
Салт-дәстүрлер жайлы
Рессейдегі қазақ отбасыларының барлығы әртүрлі. Бірақ олардың салт-дәстүрлерді ұстанудағы құлшыныстары бірдей. Менің ойымша, салттарды білу маңызды, және тек өз дәстүрлерінді ғана емес, басқа елдердікіне де құрметпеу қарау қажет.
Қай елде тұрсақ та, әрдайым қонақжай, мейірімді қазақ болып қалу керек.
Мен барлығы қазақша сөйлейтін отбасында дүниеге келдім. Әр мереке сайын анам бешпармақ пен бауырсақ дайындайды. Ол бізді әрдайым қонақжайлылық пен үлкендерді құрметтеуге үйретті.
Той туралы
Ресейдегі қазақ отбасыларымен жиі араласып тұратындықтан, бұл жерде қазақ жігітіне тұрмысқа шығу өте маңызды.
Менің ойымша, әр ұлттың жақсы мен жаман адамдары бар, бірақ мен өзімнің жанында ешқашан басқа ұлттың адамын көрген емеспін. Күйеуім екеуміздің үйлену тойымыз ерекше болды. Біз үлкендерді ренжітпей, барлық дәстүрлерді ұстанып, кредиттерге батпай, өзімздің ойымыздан да шыққан үйлену тойын жасадық деп ойлаймын.
Алдымен бізде құдалық болды, сыйлықтар берілді, сырға салу және тағы басқа дәстүрлер болды. Бір айдан кейін біз неке қидырып, әдемі фотоссесия жасап, тек жақын адамдарымыздың ортасында тойладық. Тойымызда Қазақстандағы туыстарымыздың болғанын қалағандықтан, той Петропавлда өтті.
Гульжан Кинжалинова, 27 жаста, туған жері — Омбы
Мен Ресейде туып өстім және бала кезімнен ата-аналарымыз ұлтымызға, салттарымызға деген сүйіспеншілікті арттырып келеді. Салт-дәстүрлерді сақтау — күнделікті өміріміздің бір бөлшегі. Бұл барлық мерекелерге: туған күндерге, құдалықтарға, тойларға байланысты.
Салт-дәстүрімізді сақтай отырып, біз ұлт ретіндегі беделімізді сақтаймыз деп ойлаймын. Әрине, бұрынғы заманда қалып қойған салттарымыз да бар. Мысалы, қазір балаларға қатысты көп дәстүрлерді ұстанады. Барлық туыстарын, құдаларын шақырып, үлкен той-думан жасайды.
Той туралы
Мен үшін қазаққа тұрмықа шығу маңызды болды. Мүмкін ата-анам солай тәрбиелегендіктен шығар. Менің жұбайым басқа қаладан, әлі күнге дейін барлығы таңғалады, өйткені Омбыда да қазақтар көп қой. Тағдырым осылай болған ғой. Ұлтымыздың барлық дәстүрлерін ұстанатын отбасыға келгеніме қуаныштымын.
Әртүрлі қалалардан болғандықтан, тойымыз үш деңгейде өтті. Мешітте Неке қию, Қыз ұзату және үйлену тойымыз болды.