facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/9e2/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/9e2cb387d87338233615fad7b196f773.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
qwant-mekteb-aza-standa-kremniy-al-abynda-y-ba-darlama-boyynsha-it-salasynda-o-ytudan-tuge-bolatyn-zher
logo
QWANT мектебі. Қазақстанда Кремний алқабындағы бағдарлама бойынша IT саласында оқытудан өтуге болатын жер

Эльмира Обри

қаласы Нұр-Сұлтан, АХҚО Бюросының супервайзері

07.07.2020

QWANT мектебі. Қазақстанда Кремний алқабындағы бағдарлама бойынша IT саласында оқытудан өтуге болатын жер


photo5195273440486076301.jpg
Басталу жолы

АХҚО командасы өткен жылдан бастап жоғары технологиялар мектебін ашу жобасы бойынша жұмыс істеді. 2019 жылдың шілде айында АХҚО бюросы базасының негізінде білім беру технологияларының көрмесі өтті. Бұл іс-шараға біздің серіктесіміз Кваме Ямгнане және Қазақстанның премьер-министрі қатысқан. Олар бұған дейін Қазақстанда инновациялық мектептерді ашу мүмкіндігін талқылаған еді. Сол себепті біз АХҚО мен QWASAR инновациялық бұлтты платформасы арасындағы келісімге қол қойып, QWANT мектебін құру туралы шешім қабылдадық.

Мектепті кампустың негізінде іске қосу 2020 жылдың сәуір айына жоспарланған. Бірақ әлемдегі жағдайға байланысты біз жобаны онлайнға ауыстырдық – екі аптаның ішінде бүкіл тұжырымдаманы қайта құрдық, бағдарламаны ауыстырдық. Бұл біз үшін одан да көп мүмкіндіктерді туғызды, себебі осындай форматта география жағынан да, физикалық тұрғыдан қатысу жағынан да ешқандай шектеулер қойылмайды. Біз орындар санын 4 есеге арттырдық, себебі қазақстандық мамандардан 2500-ден астам өтінімдер түсті. Жоспарланған күні – 13 сәуірде іске қосылдық.

DSC_4197.JPG

Оқуға қабылдауды екі кезеңде өткіздік. Өтінім бергендер алдымен кәсіби тесттер тапсырды, кейін онлайн-сұхбаттардан өтті. Біз үшін олардың болашақ мамандар ретінде қаншалықты дамығанын түсіну маңызды болды, себебі бағдарлама жобалық командалық жұмысты қажет етеді.

Бірінші қабылдауды тегін өткіздік. Кейін ресурстарға жұмсалған шығындар үшін ғана төлем алатын боламыз. Мүмкін, болашақта жобаны монетизациялайтын боламыз.

Қазірде бізде Қазақстанның студенттері, Еуропа, АҚШ, Азия және жақын шет елдердегі қазақстандық студенттер оқып жатыр.

Біздің бағдарламамыз жаңадан бастап жатқан адамдарға емес, біліктілігін арттырғысы келетін мамандарға арналған. Дегенмен жаңадан бастап жатқан бағдарламашылардан көп өтінімдер келіп түсті, сол себепті біз оларға арналған бағдарламаны іске қосамыз. Өтінімдерді қабылдау басталып кетті.

Міндеттер жайында

QWANT жоғары технологиялар мектебінің мақсаты – АБТ-индустриясы мен IT-технологиялары салаларында кадрларымыздың құзыреттілік деңгейін арттыру. Біздің міндетіміз – IT-индустриясында адам капиталының индексін арттыру болып табылады. Біз Қазақстанның цифрлы экономикасының алдында тұрған міндеттерді іске асыратын жоғары білікті мамандарды, бағдарламашыларды, бағдарламалық инженерлерді, әзірлеушілерді даярлаймыз.

Бағдарлама әртүрлі бағыттағы мамандарға деген сұраныспен айқындалды. Мысалы, қазіргі кезде бағдарламалық инженерлерге, бағдарламалық код инженерлеріне және бағдарламалық қызмет инженерлеріне деген сұраныс жоғары. Сол себепті біз осы бағдарламалардан бастадық.

АҚШ, Израиль және IT-дарындыларының саны көп тағы да басқа елдердің нарығына бағытталдық.

Жоба жайында

Бағдарлама белсенді оқыту, жобалық жұмыс қағидаларының негізінде құрылады. Яғни бізде теориялар мен педагогтар жоқ – тек қана қарапайым міндеттерден күрделі міндеттерге дейінгі тәжірибе.

Сонымен қатар жұмыс процесі андрогогиканың тең құқықтығы – студенттердің өзара әрекеттесіп, кеңестерімен бөлісіп, бір-бірін оқытатын қағидаларға негізделген.

DSC_4419.JPG

Сонымен қатар рольдік модельдеу қағидасы бар – біздің студенттер компанияларда жұмыс істеп, ашық нарықта кездестіре алатын кейстерді шешеді. Жаңадан бастап жатқан мамандар осы бағдарламаға еш қиындықсыз ене алатындай дайындық жүргіземіз деген жоспар бар.

Осы әдістеменің басты қиындығы – әдеттен тыс әдістемеге әлі үйрене алмай жүргенімізде. Біз педагог, сынып, белгілі бір хаттама жүргізілетін мектептер мен университеттерде білім алдық. Бірақ белсенді оқыту әдістемесінің нәтижелілігі әлдеқайда жоғары, әсіресе қысқа мерзімде кәсіби дағдыға ие болу қажеттілігі пайда болған жағдайда.

Біздің бағдарламамыз қолданбалы және тиімді, классикалық университетте бірнеше жылдың ішіндегі нәтижелерге алты ай ішінде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаны әзірлеу үшін Qwasar Silicon Valley жауапты. Оқытудағы барлық инновациялар – серіктестеріміздің ноу-хауы.

Бағдарлама түгелдей бұлтқа жүктелген. Студенттер өздерінің жылдамдығына, жеке қабілеттіліктеріне және бос уақыттарына байланысты оқудан өтеді. Бұл ретте бағдарламаға аптасына 40 сағаттан кем емес уақыт бөліп отыру керек. Біз студенттердің прогресін қадағалап отырамыз.

DSC_4314.JPG

Әрқайсысы оқытудың белгілі кезеңінен өтіп, өзінің жылдамдығын айқындайды. Бағдарлама әр студентке сай бейімделіп отырады – ол мобильді және икемді.

Оқытудың ұзақтығы таңдалған бағдарламаға байланысты. Әдетте алты ай жеткілікті. Жаңадан бастап жатқан бағдарламашылар бір жылдай оқиды. Бұның барлығы оқу жылдамдығына, жеке қабілеттіліктеріне байланысты, бірақ бағдарлама 18 айдан ұзаққа созылмайды. Кейін студенттер қосымша бағыттарды зерттеп, қалаған салада даму мүмкіндігіне ие болады.

Біз бастапқы кезде 417 студентті қабылдадық — қазірде олардан қалғандардың саны 270. Барлығы соңына дейін жете алмайды. Бастысы саны емес, сапасы. Бірақ сұраныс жоғары болып тұр, жылына бір мыңға жуық мамандарды даярлай алатынымызды жоққа шығармаймыз. Бұл Қазақстан үшін қажетті және маңызды жоба.

Бізде студенттерімізге бағыт-бағдар беріп, командалық рухты сақтайтын, топтың динамикасын қалыптастыратын мамандардың тәлімгерлік бағдарламасы бар. Бұл бізді басқа бағдарламалардан ерекшелендіреді. Бұл бағыттың кеңесшісі — Арман Сүлейменов. Сонымен қатар бағдарламалық жасақтамаларды әзірлеу бағыты бойынша қазақстандық немесе шетелдік университеттерде білім алған немесе білім алып жүрген мамандар бар. Олардың көбісі жетекші IT-компанияларда жұмыс істейді. Барлығы да мықты, табысты менторлар болып табылады.

Жоспарлар жайында

Мектебімізді кеңейткіміз келеді. Біз Software engineering және Full stack-әзірлеуші бағыттары бойынша студенттерді қабылдадық.

Үлкен деректерді талдау және жасанды интеллект бойынша бағдарламаларды әзірледік. Жылдың соңына дейін басқа да басымдық бағыттар бойынша бағдарламалар әзірлейміз.

DSC_4368.JPG

5 жылдың ішінде ашық нарыққа 10 000-ға жуық мамандарды даярлап шығаруды жоспарлаймыз.

Жоғары оқу орындарына бағдарламаларды енгізу үшін университеттермен өзара әрекет жасаймыз. Бірінші нысан қайсысы болатыны жайында келіссөздер жүргізіп, шешімдер қабылдап жатырмыз. Сонымен қатар олардың индустрияға деген сұраныстарына құлақ асып отырмыз. Болашақ жұмыс берушілерден артта қалмау үшін кері байланыс жүргіземіз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.