facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/4b2/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/4b2f688aa934dbe37f368a87201d9969.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
qatar-airways-ke-r-kteuden-t-p-lemdeg-e-bay-elge-alay-k-sh-p-ketuge-bolatyny-zhayly
logo
Qatar Airways-ке іріктеуден өтіп, әлемдегі ең бай елге қалай көшіп кетуге болатыны жайлы

03.06.2020

Qatar Airways-ке іріктеуден өтіп, әлемдегі ең бай елге қалай көшіп кетуге болатыны жайлы

Айя Адылханова, 23 жаста, қала — Алматы, бортсерік, @its.aiya

image-01-06-20-08-00-1.jpeg


Алматы — Доха


Мен Катарға 2019 жылдың қыркүйек айында жұмыс барысы бойынша көшіп келдім.

Көшкенге дейін Air Astana компаниясында бортсерік болып жұмыс істедім. Мансабымның жоғарылағанын қаладым. Qatar Airways жайлы білдім. Бұл — әлемде ең бірінші орында тұрған Катардың ұлттық авиакомпаниясы.

Компания өкілдері Алматы мен Нұр-Сұлтанға келіп, сұхбаттар өткізеді. Олар Алматыға келгенде мен екі күннің ішінде барлық ірікетуден өтіп үлгердім. Бірнеше ай ішінде қажетті құжаттарды жинап, Катарға келдім. Авиакомпания виза, билеттер және басқа да құжаттарды өзі рәсімдеді.


Көшу кезіндегі қиындықтар жайлы


Алғашқы кезде мәдениетті таңқалыс болуы мүмкін. Катар — мұсылман елі. Жазда 50 градус ыстық болса да сенің киімін жабық болуы керек.

Жұмыс бойынша қиындықтар жоқ. Доха — көп мүмкіндіктері бар енді дамып жатқан қала. Мұнда ТМД елдерінің көп азаматтары бар. Кейде ыстықта жұмыс істеу қиын, әсіресе бортсеріктерге, себебі біз арнайы киім киеміз.

Катарда бәрі ағылшанша сөйлейді. Жергілікті арабтардың үлесі шамамен 10 %, қалғаны — шетелдіктер. Көбінесе үндістер, филиппиндер, еуропалықтар тұрады. Олар ағылшын тілінде сөйлейді. Егер адам ағылшын тілін білсе, оған мұнда оңай болады.

Сондай-ақ мұнда судың сапасы өте төмен, осыған дайын болу керек. Көп адамдарда осы қиындық бар. Кейбіреулері сүзгілер қояды.

image-01-06-20-08-00-3.jpeg


Дохадағы өмір жайлы


Көшіп келердің алдында, елді зерттеп, Катар — әлемдегі ең бай ел дегенді оқыдым. Маған оны көру қызық болды.

Доха — Катардың астанасы, Дубайға ұқсайды. Қала тез дамып келеді. Жақында мұнда футболдан әлем чемпионаты болады. Соған орай жолдар, метро салынып жатыр.

Басында жұма күні барлық мекемелер жабық екені мені таңқалдыратын. Біз мұны білмей құрбым екеуіміз қаланың басқа бөлігін көру үшін жолға шыққанбыз. Бірақ бәрі жабық болып, далада бірде-бір жан болмады. Содан кейін мұнда жұма күні ешбір орын істемейтінін білдік, тіпті банктер де. Мекемелер жұмыс күндері бірнеше сағат қана жұмыс істейді — мені бұл өте таңқалдырды.

Арабтардың тәртібі мен ережелерін сақтау міндетті. Әйтпесе үлкен айыппұл алуға болады.

Катарға көшердің алдында адамдарға душқа арналған сүзгі алуға кеңес беремін. Себебі мұнда оны табу қиын. Сондай-ақ ағылшын тілін үйренгендері жақсы болады.

Көбісі баспананы Airbnb арқылы алады. Сонда арзан болады.

Авиакомпанияда бізге және достарымызға көптеген жеңілдіктер бар. Егер туристердің таныс бортсеріктесі болса, ол оның жеңілдігін пайдалана алады. Бұл ыңғайлы.


Қызметі жайлы


Qatar Airways өкілдері әр екі-үш ай сайын Қазақстанға келіп, біздің азаматтарды жұмысқа қабылдайды. Оларға бірнеше талаптар бар:

— ұзын бойлы

— ағылшын тілін жетік білуі

— келбетті

— мейірімді.

image-01-06-20-08-00-2.jpeg

Егер осы талаптарға сәйкес келсеңіз, біліміңіз маңызды емес. Егер авиацияда тәжірибеңіз болмаса да, жұмысқа қабылдай алады.

Іріктеу бірнеше кезеңде өтеді. Бірінші сұхбаттасу, ағылшын тілін білуіңіз маңызды. Содан кейін бойы тексеріледі: қабырғада 212 сантиметр белгі бар, және тұмсықта тұрып, осы сызыққа дейін созылу керек. Егер сіз екі сантиметрден кем емес саусақтарыңызды созбасаңыз, онда одан әрі кіргізбейді.

Әрі қарай денедегі шрамдардың, бет, қол, аяқта үлкен дақтардың болмауын тексереді. Сондай-ақ тері күйіне қарайды. Сыртқы көрінісі маңызды.

Келесі кезеңде сіз неге әуе компаниясында жұмыс істегіңіз келеді деп сұрайды. Жұмысқа қатысты емес сұрақтар бар, мысалы, фильмдер, кітаптар, кез келген нәрсе туралы. Қандай адам, өзіңді қалай жүргізіп, сөйлей аласың. Осыдан кейін сізбен қоштасып, қоңырау шалып, жауаптарын айтады. Бірнеше аптадан кейін маған қоңырау шалып, менің өткенімді айтты.

Бортсерік болу үшін саяхатқа үлкен ниет қажет. Мен үшін бұл ең жарқын мотивация, себебі Qatar Airways-тің 150 елге бағыты бар. Сондай-ақ жұмыста ашық, коммуникабельді болу маңызды. Еңбекқор болу керек, өйткені көп жұмыс істеу керек.

image-01-06-20-08-00.jpeg


Көшу қалай әсер етті


Бұл менің бөтен елге алғаш баруым, алғаш рет жалғыз өмір сүре бастадым. Сондықтан жауапкершілігім артып, дербес бола бастадым. Мен өстім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары