facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
provansta-y-aza-standy-tar-sel-iskakova-franciyada-y-byurokratiya-men-zh-mys-m-deniet-zhayynda
logo
Прованстағы қазақстандықтар. Әсел Искакова Франциядағы бюрократия мен жұмыс мәдениеті жайында

11.04.2019

Прованстағы қазақстандықтар. Әсел Искакова Франциядағы бюрократия мен жұмыс мәдениеті жайында

Әсел Искакова, 28 жаста, туған қаласы — Семей, бюджеттік жоспарлаудың маманы, @asselfrkz

IMG_5452.jpg


Семей — Экс-ан-Прованс


Мен Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының тумасымын. 2011 жылы КИМЭП университетінде Business Administration and Accounting мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алғаннан кейін, Франция Елшілігінің шәкіртақылық бағдарламасымен Management Généraleмамандығы бойынша Экс-ан-Провансқа магистратураға оқуға түсіп кеттім. Мен француз тілін оқыдым, сол себепті оқуымды Францияда жалғастыруды қаладым.

IMG-20180815-WA0006.JPG

Осылайша мен 2011 жылдан бері Францияның оңтүстігінде, Экс-ан-Прованс қаласында тұрып жатырмын. ИТЭР термоядролық реакторын салуды ұйымдастырумен айналысатын халықаралық ұйымда жұмыс істеймін.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Мен Францияға студент кезімде келгендіктен, ортаға, миенталитетке, тілге тез бейімделдім. Көптеген қиыншылықтар мені айналып өтті. Топта шетелдіктер көп болған жоқ және менің француз группаластарым бізге қиынырақ екенін түсінетін, сол себепті көп жағдайларда көмектесуге тырысатын.

Мен Францияға көшу кезінде болатын топ-3 қиындықты атап кете аламын. Біріншіден, тұратын жер. Мен үшін қолайлы баға бойынша ыңғайлы орамда орналасқан тұратын жерді табу қиын болды. Бұдан бөлек, әкімшілік бөлікпен байланысты мәселелерді шешу керек болды, әсіресе, студент болған кезде, көп құжаттарды жинау қиынға соғады.

IMG-20180713-WA0031.JPG

Екіншіден, көлік. Прованста көліксіз жүру қиын, ал біздің қазақстандық жүргізуші куәлігі осында жарамсыз. Жүргізуші куәлігіне тапсыру керек болды, бұл екі жыл уақытты алды, себебі оқумен немесе жұмыспен қатар бұл мәселемен айналысу қиын еді.

Үшіншіден, бюрократия. Франция – бұл ең бюрократиялық ел шығар. Қай жерге бармасаң да, барлық жерде көп қағаздарды сұрайды. Әрі әлем бойынша барлығы электронды поштаны қолданып жатқанына қарамастан, құжаттарды қарапайым пошта арқылы жіберуді талап етеді.


Прованстағы өмір жайында


Осындағы адамдар ешқашан асықпайтыны және абыржымайтыны таң қалдырды. Барлығы өз денсаулықтарын, тамақтануды қадағалайды, спортпен айналысады. Прованста спорт залдан тыс спорт түрлеріне – шаңғы, серфинг, велосипед жарысы және т.б. арналған барлық жағдайлар бар.

IMG_20190207_142825_584.JPG

Маған көбірек ұнағаны – адамдардың сыпайлылығы. Қай жерге бармасаң да, әрбір күнің «bonjour», «Ca va?», «Merci», «Bonne journée» сөздерінен басталады. Оған қоса, әрине, осы жердің климаты мен табиғаты тамаша.

Қай жерге бармасаң да, әрбір күнің «bonjour», «Ca va?», «Merci», «Bonne journée» сөздерінен басталады



Жұмыс жайында


Мен термоядролық жоба бойынша ИТЭР халықаралық ұйымында кеңесші қызметін атқарып жатырмын. Мен магистратураны бітіргесін бірден осы ұйымға орналастым. Тағылымдамаларды санамағанда, бұл менің алғашқы жұмыс тәжірибем болды. Ұйымға жеті мемлекет енеді – АҚШ, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Жапония және Еуропалық одақ. 2017 жылдан бастап Қазақстан да ұйымымыздың мүшесі болып табылады.

IMG-20181111-WA0029.JPG

Мені француздардың жұмысқа деген қатынасы таң қалдырды. Олар жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтау керек екенін біледі. Кеңсеге бірінші болып келмейді және соңғы болып кетпейді, жұмыс істеп жатқан сияқты кейіп таныспайды. Француздар жұмыстан тыс уақытта ешқашан жұмыс имейлін тексермейді. Олар үшін жұмыс сағат 17:00 бітеді. Олар батыл түрде өз пікірлерін айтады, сол үшін оларды ешқашан жазаламайды.

Француздар жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтау керек екенін біледі


Компьютер алдында түскі ас ішіп отырған французды сирек кездестіресің. Олар үшін толыққанды түскі үзіліс пен күніне бірнеше рет кофе-брейк ұйымдастыру – киелі нәрсе. Жақын орналасқан мейрамханаға шығуға тырысады, себебі бұл серуенге шығудың, көңілді басқа нәрсеге ауыстырудың және күш жинаудың мүмкіндігі.


Көшіп кетудің ықпалы


Басқа елге көшіп кету менің мінезімді шыңдады деп айтуға болады. Мен басымнан кешірген барлық қиындықтарға алғысымды білдіремін, себебі үйдегі мәпелеп өскен баладан дербес және тәуелсіз бойжеткенге дейін өсіп жетілдім. Мәселелерімді өздігінен шешуді және өзіме ғана сенуді үйрендім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.