Апталық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынып, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен өтуде. Жоба облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Жобаға сәйкес тарих пен тағылымға бай оңтүстік өңірінің əрбір аймағын өскелең ұрпаққа аңыз-әңгімелер ғана емес, кино жанры арқылы да насихаттау көзделген. Жуырда «Оңтүстікфильм» мекемесі мен «САҚ» киностудиясының бірлесіп «Отырарды қорғау» анимациялық жəне «Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар» деректі фильмі, «Көне жетігеннің сыры» атты 13 сериялы фильм түсірілген болатын. Сондай-ақ Отырар ауданының əкімі Ерлан Айтахановтың тапсырысымен «Көне құмыраның сыры», «Отырар дастаны» анимациялық фильмдері жарыққа шықты.
Ал кино апталығында «Отырарды қорғау», «Күш атасы - Қажымұқан», «Көне құмыраның сыры» анимациялық туындылары мен «Көне жетігеннің сыры» көркем фильмі көрсетілетін болады. Олар ауданның бірқатар елді мекендерінде мәдениет үйлері мен клубтарда көрермен назарына ұсынылады.
Дерек көзі: kazinform.kz