Бүгінгі материалымыз жергілікті жердің тағамынан дәм татып, саудаласауды жақсы көретіндер үшін: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы ең ірі және көне базарлар туралы пайдалы ақпарат.
«Алтын Орда», Алматы, @altynorda_kz
Алматының шетінде орналасқан ең үлкен базар. Базарға аумағы дүңгіршектер мен ауыр жүк көліктеріне, сауда павильондарына лық толы. Мұнда 5000-ға жуық адам жұмыс істейді. Базарға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен тауардың ірі партиясы келіп жатады.
«Көк базар», Алматы, @kok.bazar.almaty
«Көк базар» тауарларының молдығымен таңғалдырады. Мұнда ет, жеміс-жидек, дәнді дақылдардан бастап мата-мақта өнімдері, тіпті жиһазға дейін сатылады. Базарда демалатын, тамақтанатын орындар да бар.
Бұл жер туристер арасында танымал, өйткені «Көк базарды» экскурсия бағдарламаларына жиі кіргізеді.
«Дордой», Бішкек
«Дордой» — Орталық Азиядағы ең үлкен киім базары. Ішінде 40 мыңға жуық контейнерлер, сауда қатарлары бар. «Дордойға» тауарлар Қырғызстан, Қытай, Түркия, Өзбекстан және Ресейден жеткізіледі. Базар 15 шағын ауданнан тұрады. Мысалы, «Джунхайда» тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, кеңсе тауарлары, косметика және т.б. сатылады.
Негізгі аудан — «Мурас-спорт». Мұнда тігінге арналған тауарлар, киім-кешек, тұрмыстық техника және т.б. бар.
«Ош» базары, Бішкек
«Ош» базарын Бішкектегі ең арзан базар деп те атайды. Тауар түрлері өте көп. Мұнда сондай-ақ ерекше тауарлар да бар, мысалы, америкалық үлгідегі формалар. Кәдесый сөрелері киізден жасалған аяқкиімдерге, картиналарға, ұлттық киімдерге толы.
«Янгиабад» базары, Ташкент
«Янгиабад» базары — бұрынғы КСРО елдері аумағындағы ең ірі базарлардың бірі. Мұнда халық өз өнімдерін саудаға шығара алады. Тәжірибелі сатып алушы пайдаланылған техника, ескі кітап-журналдар, сирек кездесетін мата түрлерін табады. Қараусыз қалған қоймалардың ғимараттарында чех хрусталы мен венгр фарфоры сатылады. Жергілікті тұрғындар: «Янгиабад базарынан көп нәрсе сатып алуға болады», — дейді.
«Чорсу», Ташкент
«Чорсу» базары қаланың ескі бөлігінде орналасқан және Ташкенттің ең көне базарының бірі саналады. Әр тауардың өз қатары бар: азық-түлік, қолөнер заттары, киім базары. Шай ішіп, ұлттық тағамдардан дәм татуға болатын тамақтану орындары да. Зергерлік бұйымдарды базардың өзінде жасайды.
«Корвон», Душанбе
Тәжікстандағы ең үлкен базар — «Корвон» базары. Мұнда көтерме және бөлшек бағада аяқ киім, киім және т.б. сатылады. Елдегі басқа базарларға қарағанда бағалары төмен. Корвонда сапасы жақсы тауарлар сататын киім секторы да бар. Базардың айналасында банк бөлімшелері, асханалар, қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.