Бұл біздің ана тілімізге қызығушылық танытып отырған Ұлыбританиядағы алғашқы жоғарғы оқу орны. Шетелдіктер тілімізден бөлек Қазақстанның бай тарихы мен мәдениетін де тереңінен зерттегісі келеді.
Лейла Наджафзада — Оксфорд университеті жанындағы «Бір сөз» бастамасының директоры. Бастама дегеніміз университет қаржыландыратын, бірақ академиялық білімге жатпайтын жоба. Лейланың айтуынша, атақты оқу орнында түрік тіліне деген қызығушылығы жоғары студенттер мен оқытушылар өте көп. Олар түркітілдес тілге жататын қазақ тілін де меңгергісі келеді. Тіл арқылы мәдениеті бай, тарихы терең елімізді тануды қалайды.
Дереккөз: baq.kz