facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
n-yu-yorkteg-aza-tar-diana-alieva-mansapty-su-zh-ne-b-r-dollarly-picca-zhayynda
logo
Нью-Йорктегі қазақтар. Диана Алиева мансаптық өсу және бір долларлық пицца жайында

01.02.2019

Нью-Йорктегі қазақтар. Диана Алиева мансаптық өсу және бір долларлық пицца жайында

Диана Алиева, 24 жаста, туған қаласыҚарағанды, ресторан менеджері


Көшіп кетуі жайында


Алғаш рет мен Нью-Йоркте төрт жыл бұрын болдым. Университеттің үшінші курсында оқыған кезде, мен жазды АҚШ-да өткізгім келеді деп шештім. Мен Work and Travel бағдарламасы жайында көп естідім және қатысып көруді жөн көрдім. Жыл бойы мен жолға дайындалдым: құжаттарымды жинап, тілімді арттырып, ақша жинадым.

78700 (1).jpeg

Мен Нью-Йоркке баруды қаладым. Маған қала кішкентай кезімнен ұнайтын және мен басқа нұсқаларды қарастырған жоқпын. Мен жазды осы зор мегополисте өткізіп жатқанымды жақсы елестеттім. Бірақ бағдарламаның шарттары бойынша мен Нью-Йоркте жұмыс істей алмадым. Сол кезде ең жақсы жолы – жақын жерде Нью-Джерсиде жұмыс істеу болады деп шештім.

Көп адамдар үшін Нью-Джерси – ерекше жайлы аймақ. Нью-Йоркте барлығы жұмыс істеп жатқан кезде, Джерсиде барлығы өмір сүреді.

Нью-Йоркте барлығы жұмыс істеп жатқан кезде, Джерсиде барлығы өмір сүреді

Сол кезде мені кафедегі жұмысқа жіберді. Әртүрлі жастағы клиенттердің үлкен ағымына таң қалғаным есімде. Бірақ американдықтар үйде тамақты аз әзірлейді. Таңғы асты олар жұмысқа барар жолда ішеді, түскі асты да, кофені де үйден тыс жерді ішеді. Өз уақытын әрдайым кеңседе өткізетін немесе әдеттен тыс кестесіне ие адамдар да тамақ әзірлеуге үлгермейді, сол себепті тез және дәмді тамақтануға болатын жерлерге деген сұраныс әрқашан жоғары.

65654.jpeg

Сол жазда мен әр үш апта сайын демалыс күндері Нью-Йоркке барып тұратынмын. Мен үшін бұл шағын саяхаттар болатын. Кейбір кезде мен адамдар Нью-Йоркті көрген кезде, көңілдері қалады деп естимін, бірақ мен қатты тәнті болдым. Әрбір сапар барысында мен қаланың әртүрлі бөліктерінде қыдыратынмын. Сол үшін мен сияқты жазға келген серіктес достарды тауып алатынмын. Осылайша тұратын жерді жалдап, бір жерден басқа жерге баруға жеңілірек болды.

Мен сыйлықтарға немесе басқа нәрселерге ақша жұмсаған жоқпын және қайтып келгесін, қайтадан оқуға бару үшін ақшаны депозитке салдым

Сол сапарлардан бөлек мен аса көп шығынданбадым, сол себепті мен шағын көлемде ақша жинадым. Мен сыйлықтарға немесе басқа нәрселерге ақша жұмсаған жоқпын және қайтып келгесін, қайтадан оқуға бару үшін ақшаны депозитке салдым.

Өзім қалаған тілдік курстарды таңдаған соң, мен көшіп кетуге дайындалдым.


Жұмыс жайында


Қазірде мен курстар мен жұмысты қатар алып жүрмін. Мен шағын ресторанда менеджер қызметін атқарамын. Бізде итальяндық тағам түрлері ұсынылады: пицца және паста. Жазғы жұмысымнан айырмашылығы – мен тамақ дайындамаймын. Қазірде мен қызметкерлердің жұмыстарын ұйымдастырумен айналысамын.

Қазірде мен қызметкерлердің жұмыстарын ұйымдастырумен айналысамын

Ресторанға алғаш келген кезде, мен барлық қызметкерлер сияқты бассер қызметінен бастадым. Кейін даяшы болып жұмыс істедім. Бұл қызметтер клиенттердің шайпұлдар қалдыра алатынымен жақсы. Егер жалықпай жұмыс істеп, жылы шырай мен түсінушілік қасиеттеріңді танытсаң, жақсы шайпұл алуға болады.


Адамдар жайында


Мен келген кезде, мәдени есеңде болдым деп айта алмаймын, бірақ көп нәрселер мен үшін таңғаларлық болды.

87998.jpeg

Осында адамдар әртүрлі. Бұл айырмашылықты көру үшін йью-йорктік метрода болып көру керек. Әрқашан бір вагонда ұйықтап отырған кеңсе қызметкері, шуылдаған жастар, жарқын кейіптегі қыз және тамақ ішіп тұрған біреу болады. Кейбір кезде жұлдыздарды да кездестіруге болады.

Бұл айырмашылықты көру үшін йью-йорктік метрода болып көру керек

Мен осында кездестіретін адамдардың барлығы жайдарлы. Дегенмен тәнті болуға асығудың қажеті жоқ. Әдетте адаммен қарым-қатынасқа түскеніңе қарамастан, ол өзінің жеке өмірін ашпайды. Бұл орайда қазақстандықтар басқаша болып келеді. Олар шаршаған және түнерген күйде болса да, әрқашан көмекке келіп, қолдау көрсетуге дайын.


Тамақ жайында


Маған Нью-Йоркте аш қалудың мүмкіндігі жоқ болғаны ұнайды. Егер де сенің бюджетің тым шектеулі болса да, әрқашан қала бойынша әзірлейтін бір долларлық пиццаны табуға болады. Майға пісірілген бүйрекше бәліштер, стрит-фудтар бар.

43444.jpg

Сонымен қатар журналдарда, чектерде жеңілдіктерге немесе кез-келген жердегі тегін тағамға арналған купондарды табуға болады. Бұл әйгілі маркетингтік тәсіл, сол себепті чектерге ұқыпты болып, оларды бірден лақтырудың қажеті жоқ.


Жоспарлар жайында


Курстарды бітірмегенімше, мен ресторандық бизнесте жұмыс істеуді жалғастырамын. Бірақ ұзақ мерзімді жоспар бойынша мен саламды ауыстырып, өзімді жайлы кеңсе қызметінде көргім келеді.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.