facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
n-yu-yorkte-t-ryp-big4-te-zh-mys-steu-k-n-ne-100-zh-msau-zh-ne-aza-stan-a-oralu-zhayynda
logo
Нью-Йоркте тұрып, Big4-те жұмыс істеу, күніне 100 $ жұмсау және Қазақстанға оралу жайында

15.06.2019

Нью-Йоркте тұрып, Big4-те жұмыс істеу, күніне 100 $ жұмсау және Қазақстанға оралу жайында

Нью-Йоркте тұрып, Big4-те жұмыс істеу, күніне 100 $ жұмсау және Қазақстанға оралу жайында


Өмірі жайында


Алғаш рет Штаттарда жас маман ретінде болдым, Үлкен төрттікте жұмыс істедім. АҚШ-ға баруды армандадым, бірақ сол кезде ағылшын тілін енді үйрене бастаған едім. КИМЭП университетінің көптеген түлектері сияқты алдымен бизнес деңгейдегі ағылшын тілін оқып, экономика сабағында презентация өткізе алатынмын. Бірақ мені мейрамханаға жіберсе, сәбізден жасалған кеспеге тапсырыс бере алмаушы едім, себебі сәбіз, тәрелке сияқты сөздердің аудармаларын білмейтінмін. 2007 жылы ағылшын тілінің жоғары деңгейіне жеткеннен кейін, «Болашақ» және «Маски» бағдарламаларына өтінім тапсырып, екеуіне де өттім. «Максиді» таңдадым, себебі бұл беделді бағдарлама еді және шарттары да ұнады. Бұл америкалық Үкіметтің ТМД елдерінің жастары үшін беретін Эдмунда Маск атындағы грант. Осылайша мен Питсбург университеттінің құқықтану магистрлік бағдарламасына түстім.

АҚШ-да өзімді Питсбургтан шыққандай сезіндім. Мен әрқашан ашық, белсенді болып, адамдармен араласуды жақсы көретінмін. Бірде профессорларымыз ұйымдастырған түлектердің кездесуіне келдім және сол жерде әртүрлі компаниялардың басшылары болды. Сонда Питсбургтағы Делойта серіктестерінің бірімен таныстық.

Жұманың бірінде Нью-Йоркте түлектер үшін ең ауқымды бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті, біз танысқан серіктес менімен телефон бойынша сұхбат өткізді, соның нәтижесінде маған Делойте халықаралық салық салу саласында жұмыс ұсынылды. Менің қай қалада жұмыс істеуді қалайтынымды сұрады, мен Нью-Йоркті таңдадым. Салықтарды есептемегеннің өзінде жалақым жоғары болатын, сол ақша Қазақстанға оралған кезде, қайтарылып берілді.

Нью-Йоркте тұрып, Big4-те жұмыс істеу, күніне 100 $ жұмсау және Қазақстанға оралу жайында

Бастапқыда мен Манхэттонда Орталық Саябақтың жанында бір көрші қызбен тұрдым. Бұл шағын пәтер болатын, мен оны shoe box деп атаймын. Нью-Йоркте көп ақша жұмсайтыным есімде. Ерте тұрасың, таңғы асқа мюсли жейсің, көшеге шығасың, Starbucks аласың — $6, кеңсеге барған кезде, смузи немесе снэк аласың — $14, кейін түскі ас — $20. Осылайша күніне $100 жұмсауға болатын. Сол кезде мен жалақыдан жалақыға дейін өмір сүретінмін.

Бұның өзінде мен Saks Fifth Avenue-ге барып, әдемі дизайнерлік туфли алу үшін, ақшамды үнемдеуге тырысатынмын. Бұл өмірімнің керемет кезеңі еді.

Қаржымды сауатты түрде үлестіруді үйренген соң, өзім жақсы пәтерде тұра бастадым. Жағалаудың жанындағы жақсы ауданда өмір сүру үшін, үнемдеп жүрдім.

Нью-Йорк — бұл әлемнің астанасы, жеңімпаздардың қаласы. Осында тұратын барлық адамдар осы серпін мен энергетиканы сезеді. Таңертең метромен Манхэттонға барып, кешке біреудің пентхаусында өтетін сауық кешке, қонаққа барудың өзі қуат береді.

Нью-Йоркте тұрып, Big4-те жұмыс істеу, күніне 100 $ жұмсау және Қазақстанға оралу жайында

Екінші рет келуім аяқ астынан болды. Мен Астанада тұрдым және Лондондағы агент қоңырау шалды. Көп ойландым, нәтижесінде KPMG New-York жұмысына ұсынылған шақыруды қабылдап, келістім. Осы жолы Нью-Йоркте тұруды қаламадым, себебі біржолата кетемін деп ойладым және бұл қала үшін жалақым жеткілікті болмайтынын білдім. Гарвард университетінің түлектері жылына $120 000 жалақы алу мүмкіндігіне ие, ал қарапайым университеттердің түлектері — $60 000 алуы мүмкін. Оның 30% салыққа кетеді, жақсы пәтерді жалдап тұру үшін айына $2000-3000 жұмсалады, қалғаны тамаққа, киімге және ойын сауықтарға кетеді. Сол кезде мен үшін өмірдің сапасы маңызды орын алатын, себебі мен отбасылы адам едім. Сол себепті мен Филадельфияны таңдадым, ол Манхэттеннен жылдам жүретін поезбен жүрсеңіз, бір сағаттық жерде орналасқан. Сол жердегі өмір отбасылы адамдар үшін жайлы.

Филадельфия — бұл жақсы мейрамханалары бар тыныш, сүйкімді қала. Мен бұл жерде екі жыл тұрдым және қонақжайлылығы, достығы мен қолдауы үшін қалаға және адамдарына алғысымды білдіремін.

Бір кездері Силикон алқабына көшу жайында ойладым, өйткені Сан-Францисконы өте жақсы көремін, және біз күйеуімізбен сонда барып көрдік. Сол жерде ұзақ мерзім тұру өте қымбатқа түседі. $250 000 тұратын Филадельфиядағы қарапайым үй Силикон алқабында $1 500 000 тұрады. Сонымен қатар сол жерде өмір сүру үшін, технологиялардан, интернет жобалардан, IT-стартаптардан хабардар болу керек.


Тамақ жайында


Нью-Йоркте тұрып, Big4-те жұмыс істеу, күніне 100 $ жұмсау және Қазақстанға оралу жайында

Дереккөзі: www.simplyscratch.com

2007 жылы Питсбургқа кетейін деп жатқан кезде, бізді сапар алдында дайындаған болатын. Қазақстанға оралған америкалық жоғары оқу орындарының бұрынғы студенттері сол жердегі тамақтың жасанды және тіпті дәмсіз екенін айтқан. 2007-2008 жылдарға дейін шынымен солай болатын.

Сол жерге барған кезде, барлық студенттерді әуежайдан алып, кешкі асқа мейрамханаға апарды. Мен салат және ет жедім – олар дәмсіз болды. Қазірде Америкада органикалық өнімдердің кезеңі. Бұл тамаққа әсер етті және тамақ әлдеқайда дәмдірек, экологиялық тұрғындан таза бола бастады. Қазірде Штаттарда салаттар, кеспелер, вегандық десерттер мен смузилер кеңге таралған.

Бургерлердің барлығы американдықтар үшін, оларды әрдайым осы тамақты жейді. Осыдан көптеген мейрамханаларда әдемі безендірілген ағаш подносымен және фри картобымен ұсынылатын gourmet burgers сәнге айналды.


Адамдар жайында


Нью-Йоркте тұрып, Big4-те жұмыс істеу, күніне 100 $ жұмсау және Қазақстанға оралу жайында

Пәтердегі көршім жігерлі, белсенді және мақсатқа талпынған қарапайым нью-йоркерлік еврей болатын. Ол үшін қаржылық тәртіп маңызды еді, сол кезде менде ондай түсінік әлі қалыптаспаған. Бірде мен екі ай қатарынан пәтерге төлейтін ақшамды кеш бердім, сол себепті түн ішінде көшіп кетуге мәжбүр болдым. Бұл өмір бойы есімнен кетпейтін жақсы сабақ болды, сол кезде мен қаржылық жауапкершілік дегенді ұғындым.

Сол кезде Нью-Йорктегі адамдар бір бірін қолдайтынын түсіндім. Сол сәтте мен далада қалдым, айдың соңында көшуге жоспарлаған қызға хабарластым және ол мені өзіне ертерек кіргізді. Біз әлі күнге дейін доспыз.

Нью-Йорктегі адамдарға талапшыл болуға тура келеді. Олар өте ақжарқын және ашық, бірақ корпоративті әлемде кәсібилігің мен құзыреттілігіңді дәлелдесең ғана, құрметке ие боласың. Егер қателік жіберсең немесе жобаңды уақытында тапсырмасаң, сенімді қайта қалпына келтіруге қиын болады.

АҚШ-да білімді, көп оқыған американдықтармен араластым. Соған сай, олар ақылды және оқымысты болып келеді деген әсер қалды.

Әрине, қарапайым өмірде американдықтар өте ақжарқын және әдепті болып табылады. Олар әрқашан есікті ашып, сізді өткізеді және жалпы көмектесуге дайын тұрады. Бір ер адам басқа ер адамға есік ашты, ал екіншісі: «Жоқ , сізден кейін кіремін», - деп айтқан жағдайдың куәсі болдым. Осылайша олар бірнеше минут бір-бірін өткізіп тұрды.

Нью-Йоркте тұрып, Big4-те жұмыс істеу, күніне 100 $ жұмсау және Қазақстанға оралу жайында

Мені әлі күнге дейін Амеркамен байланыстыратын нәрселер бар, бірақ мен өмір бойы сонда тұруды қаламаймын. Жай ғана бір немесе екі айға йога-турмен Калифорния, Клорадо немесе Гавайиға баруға болады. Маған Астанадағы өмірім ұнайды, қазірде өмірімнің ең жақсы кезеңдерінің бірін кешіп жатырмын. Жақында өзімнің жиендеріммен әңгімескенмін және олар менің қай жерде тұруды қалайтынымды сұрады. Олардың өздері АҚШ және Жапонияны таңдады, ал мен Астанада тұруды армандайтынымды айттым. Олар таң қалып: «Сіз Астанада тұрып жатырсыз ғой», - деді, ал мен: «Менің қаншалықты бақытты екенімді көрдіңдер ме – мен Астанада тұруды армандаймын және мен осында тұрып жатырмын», - деп жауап бердім.

АҚШ-дағы өмірі жайында бөліскен – Әлия Жолболдина.

Суреттер Әлия Жолболдинаның жеке мұрағатынан алынды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қалай кепілді түрде шенген визасын алуға болады: тәжірибелі саяхатшыдан 8 кеңес
Қалай кепілді түрде шенген визасын алуға болады: тәжірибелі саяхатшыдан 8 кеңес
Қай елдерде сүйісу мен құшақтасуға тыйым салынады, ал қай елдерде барлығына және одан да көпке рұқсат етілген
Қай елдерде сүйісу мен құшақтасуға тыйым салынады, ал қай елдерде барлығына және одан да көпке рұқсат етілген
Еуропа бойынша 50 жылдан кейін саяхат және тек қана емес: шабыт, тәжірибе және жаңа көкжиектер туралы
Еуропа бойынша 50 жылдан кейін саяхат және тек қана емес: шабыт, тәжірибе және жаңа көкжиектер туралы
Тель-Авив, Манама және Джидда — Қазақстаннан ұшатын жаңа әуе бағыттары
Тель-Авив, Манама және Джидда — Қазақстаннан ұшатын жаңа әуе бағыттары
Әлемдегі үздік 10 қысқы ойын-сауықтар
Әлемдегі үздік 10 қысқы ойын-сауықтар