facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nel-kten-almatyly-tar-haly-ty-sauy--sayrandar-a-atyspay-nauryz-meyramyn-otbasymen-atap-tud-zh-n-k-red
logo
Неліктен алматылықтар халықтық сауық-сайрандарға қатыспай, Наурыз мейрамын отбасымен атап өтуді жөн көреді

27.03.2019

Неліктен алматылықтар халықтық сауық-сайрандарға қатыспай, Наурыз мейрамын отбасымен атап өтуді жөн көреді

Әлжан Мұңайдаров, 27 жаста, туған қаласы — Алматы, экономика саласының қызметкері


Альжан.jpg

Алматы жайында


Алматы – бірегей қала. Ол көптеген маңызды нәрселерді қамтиды – қаланың қызықты орындары, мәдени, спорттық және ойын-сауық шаралары көп және табиғаты көркем. Бірақ маған қаланыңадамдары көбірек ұнайды. Алматылықтар мәдениетті және тәрбиелі болып келеді. Бұл қаланы одан сайын көркейтеді, ерекше атмосфера орнатады. Осында мен өзімді ыңғайлы және жайлы сезінемін. Мен бұл қалада туғаныма ризамын.


Алматыдағы Наурыз


Наурыз мейрамы қала бойынша үлкен салтанатпен аталып өтеді. Халық орталықта жиналып, сауық-сайрандар өткізеді, әртістер өнер көрсетеді, Наурыз көже әзірленеді. Бұл көңіл-күйді көтереді.

Алматының тұрғындары көбінесе қаладағы іс-шараларға қатыспай, алысқа ұшып кетуді жөн көреді. Біз достарымызбен Ташкент қаласындағы палау мейрамына баруды қаладық – бұл мейрам қызықты, әрі дәмді болып өткізіледі деп естідік.

Алматының тұрғындары көбінесе қаладағы іс-шараларға қатыспай, алысқа ұшып кетуді жөн көреді


Мен де қалада өтетін халықтық саууық-сайрандарына бармаймын. Мен үшін Наурыз – бұл отбасылық мейрам. Менің туыстарым көп және біз бірге жиналамыз. Әдетте, ауылға барып, уақытымызды үлкен дастархан басында отырып өткіземіз.

Бұл мерекелік күнде Алматыда адамдар саны ұлғаяды деп ойламаймын. Кейбіреулерге басқа қалалардан туыстар келуі де мүмкін, бірақ мен оны байқаған емеспін.


Шерзод Саттарұлы, 23 жаста, туған қаласы — Қызылорда, актер


Шерзод.jpg

Алматы жайында


Мен Алматыда 1998 жылдан бері тұрамын. Менің ойымша, бұл қала басқа қалалардан ерекшеленеді. Көптеген адамдар осында келіп, Медеуге, Шымбұлаққа барады, жорыққа шығады, тауларға мінеді, таза ауамен дем алады.

Алматы – мегаполис, осында жастар шоғырланған, барлық іс-шаралар осында өтеді.


Алматыдағы Наурыз


Мейрам қарсаңында бүкіл Қазақстан мен таяу елдердегі адамдар Алматыға келеді. Олар осында қалып, Наурыз мейрамын алматылықтармен бірге атап өтеді.

Жыл сайын орталық алаңда Наурыз көже таратылады, палау әзірленеді, тегін концерттер қойылады, қаланың тұрғындары мен қонақтары үшін әртүрлі шаралар ұйымдастырылады


Қаланың өзінде мейрам салтанатты түрде өтеді. Жыл сайын орталық алаңда Наурыз көже таратылады, палау әзірленеді, тегін концерттер қойылады, қаланың тұрғындары мен қонақтары үшін әртүрлі шаралар ұйымдастырылады.

Барлық алматылықтар Наурызды әртүрлі атап өтеді – кейбіреулер үйде отырады, кейбіреулер достарымен қыдырады. Мен әдетте мейрамды үйде отырып, өз отбасымен атап өтемін. Өткен жылы біз достарымызды, туыстарымызды, жақындарымыз бен әріптестерімізді шақырып жинадық. Ортақ дастархан басында көңіл көтеріп, араластық.


Қалтай Оспанбеков, 33 жаста, туған қаласы — Алматы, диджей, концерттердің ұйымдастырушысы


Калтай.jpg

Алматы жайында


Мен өмір бойы Алматыда тұрып жатырмын. Менің ата-анам, ата-әжем де алматылықтар. Мен Қазақстанның әртүрлі қалаларында болып көрдім, бірақ қайтадан осы қалаға оралдым, себебі мені осы жерге тартады.


Алматыдағы Наурыз


Алматының тұрғылықты халқы Наурызды тойламайды. Біз үшін бұл ұйқыны қандырып алудың немесе үй шаруаларымен айналысудың, қаланың сыртына шығып кетудің сылтауы.

Наурыз кезінде бүкіл Қазақстандағы адамдар Алматыға келеді. Көбінесе бұл Астанада тұрып, жұмыс істейтін, ал мейрам күндері үйге қайтып келетін алматылықтар болып табылады. Сол себепті егер алматылықтар кетпесе, басқа қалалардан келетін қонақтарды қарсы алады.

Наурыз кезінде бүкіл Қазақстандағы адамдар Алматыға келеді


Әдетте, біз Наурызда достарымыз жиналатын кештер ұйымдастырамыз. Уақыт болған кезде, мен жеке шаруаларымды ретке келтіріп алуға тырысамын. Бірде Наурыз мейрамы кезінде досым маған Көк-Жайлауды көрсетті. Оған дейін мен таулардың жақын орналасқанынан басқа, бұл жерге аса қызығушылық білдірген емеспін. Бірақ бұл жер шынымен де өте көрікті екен.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.