facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nege-astanaly-tar-b-r-b-r-ne-saydy-zh-ne-sa-fermer-alay-m-r-s-red
logo
Неге астаналықтар бір-біріне ұқсайды және ұсақ фермер қалай өмір сүреді

Әділжан Нугманов

36 жаста, туған қаласы – Көкшетау, «Экоферма» ауыл-шаруашылық кооперативінің төрағасы, Bankir.kz-тің иесі

Өмір сүру стилі

25.12.2018

Неге астаналықтар бір-біріне ұқсайды және ұсақ фермер қалай өмір сүреді


Өзі жайында


Менің мінезім қиын, бірақ мен әдептімін. Кішкене жалқаумын, мінезімнің бұл қыры бизнес-процестердің автоматтандыруына ықпал етеді. Мен істердің бәрін жеңілдетіп, маған байланбағанын жөн көремін.

20181129-WED_9768.jpg

Мен тиянақтымын және бірбеткеймін. Кейбір кезде бұл қасиеттер маған кедергі келтіреді.

Мен еліккіш адаммын, сондай-ақ жобаны бастасам, одан бас тартуға қиналамын. Сол себепті қазір қатарынан үш істі жүргізуіме тура келеді.

Мен саяхаттағанды ұнатамын, бірақ, өкінішке орай қазір сирек ел аралаймын. Әсіресе маған Франция, Париж ұнады. Мен бұл қалаға ғашықпын және сол қалаға әрқашан оралып тұруға дайынмын. Биылғы жылы қыркүйек айында мен Италияда болдым, ол жерде өте әдемі, тамағы дәмді және халқы мейірімді. Біз сол елге пайдалы тағам бойынша коференцияға бардық. Одан кейін маған он шақты түрлі қалаларда болу сәті түсті.

20181129-WED_9749.jpg

Уақытымды балаларыммен өткізгенді ұнатамын.

Маған фитнеспен айналысқан ұнайды, осы спорт түріне айрықша көңіл бөлуге тырысамын. Жаттығулардан кейін өзімді физикалық, әрі психологиялық тұрғыдан жақсырақ сезінемін.

Мен өз жобаларым үшін өмір сүріп, оларға толықтай берілемін. 17 жасымда мен Нархозға оқуға кеттім, одан кейін банкқа жұмысқа кірдім және сол салада 10 жыл қызмет еттім. 2012 жылы мен бизнеске кеттім. Басқа адамға жұмыс істегінімді есептегенде маған қиын болды.

Менің басты қағидам — дұрыс әрекет ету


Мен әдепсіз адамдарды ұнатпаймын. Сонымен қатар егер адам мені ренжітсе, мен онымен ешқашан қарым-қатынасқа түспейтінім әбден мүмкін. Егер адам мені алдаса, одан әрі сенбеймін. Менің басты қағидам — дұрыс әрекет ету.

Мен достықты бағалаймын, менің ежелгі достарым көп. Нағыз дос екеу ғана бола алады деп айтады, бірақ менің сегіз шақты нағыз достарым бар. Бізге сөйлесетін әңгіме әрқашанда табылады. Мұңаймауға және еңсемді түсірмеуге тырысамын.


Астана жайында


Мені әрқашан Астанаға тартатын. 2000 жылдары бұл қаланың қалай салынып жатқанын көрдім, кейбір нысандардың сапасыз болғаны мені жасқандырмады. Сонымен қатар мен бұрын тұрған Алматыдағы жер сілкіністеріне үйрене алмадым.

20181129-WED_9769.jpg

Мен Астанадағы саябақтарды ұнатамын, әсіресе Сарайшық пен Жетісу көшелерінің қиылысында орналасқан «Жетісу» саябағын.

Оған қоса мен хоккейді жақсы көремін, «Барыс Арена» — керемет ғимарат. Бәрі де өте ыңғайлы. Мен шетелде осыған ұқсас ғимаратта болдым, Астананікі кем түспейді.

Орташа статистикалық астаналық – елордаға жақсы өмірді аңсап келген 25-40 жас аралығындағы азамат


Астана және оның тұрғындары мен үшін пассионарий. Адамдар негізінен тынымсыз, себебі олар үйлерінде отыра алмай осында келді. Барлығы бір-біріне өте ұқсайды. Орташа статистикалық астаналық – елордаға жақсы өмірді аңсап келген 25-40 жас аралығындағы азамат. Әдеттегідей ол шенеунік немесе кіші бизнес өкілі. Осында келген кез-келген адам қалай болғанда да өз тұрмысын орната алды. Мен екі-үш жылда өздеріне баспана алған көп адамдарды білемін. Астана – көп мүмкіндіктер ұсынатын қала. Бұл қала Дубай талаптарына сай келеді деп те айтады. Мен осы қаланың басқаларға ұқсамай өзгеше болғанын қалаймын.


Жанашыр жандар және олардың өмірлік істері


Мен жаңа технологияларды ұнатамын, сол себепті менің жобаларым ғаламтормен байланысты. Қазіргі уақытта айналысып жатқан жобамыз пайдалы тамақтану мен фермерлік шаруашылықпен байланысты. Ондай өнім арзан бола алмайды. Көп адамдар дүкендерде 1500 теңге тұратын ірімшіктің бір килограммы бізде неге 3000 теңге тұрады деп ашынады. Оның өзінде қалада пайдалы тамақтанумен қызығатын адамдар баршылық. Сатып алушы қабілеті экономикаға байланысты. Бүгінде адамдардың фермерлік азық-түліктерді сатып алу мүмкіндіктері болса, ертең де болатынын білдірмейді.

20181129-WED_9754.jpg

2016 жылы мемлекет тарапынан, Ауыл шаруашылығы министрлігінен қызметімізге қолдау көрсетілді. Бірақ кейін орта және ірі өндірушеге қарағанда ұсақ фермерді қолдау тиімсіз деп шешті. Бүгінде Қазақстанда несие беру бойынша талаптар қатал болып келеді. Дегенмен қаламыздың әкімшілігінде жанашыр адамдар бар, мысалы, бізге павильон ұсынған Байқоңыр ауданының әкімі.



Қазіргі сәттегі рухының күйі



Мен парасатты күйдемін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.