Аксинья Шнайдер, 30 жаста, туған жері — Мәскеу, журналист
Грузияға ең бірінші рет ұшып бара жатқанда оның қандай ел, онда қандай адамдар тұратыны жайлы түсінігім де болған жоқ. Бірақ әуежайдан келе жатқан жолда біз жартастағы үңгіртасқа кірдік және осында тұруды қалайтыным жайлы ойладым. Маған бұл мүмкін емес болып көрінді, бірақ бұл ой ойымнан шықпады. Бұған дейін үнемі екі жыл бойы Тбилисиге бірнеше аптаға келіп тұратынмын.
Мәскеуде «Битва экстрасенсов», «Холостяк» және ТНТ арнасындағы басқа жобалар жасайтын продакшнда жұмыс істедім. Ол жерде пәтерім, көлігім болды. Бірақ осы мемлекетті, адамдарды, Тбилисиде сезінетін балалық шағымдағыдай мерекелік сезімді жақсы көріп қалдым.
Грузия — бұл адамдар туралы. Грузияда танысу және қарым-қатынас ағынына қосыласың. Қонақжайлылық бірден көз алдыңа түседі. Менің жігітім болды және оны шағын ота күтті. Мен үйде болып, оны ертең шығаратынын білдім. Ол онда тәуліктен аз уақыт болды, бірақ менің таңғалғаным сол уақытта оған достарының барлығы келді. Сол кезде ол маған ренжіді, ал мен себебін түсінбедім. Немесе топта бір дос екіншісіне желеткесінің әдемі екенін айтады, екінші досы шешіп, оны жай ғана бере салады. Осыған ұқсас жағдайларды жиі байқап жатамын. Тбилисидегі адамдарда орташа еуропалық адам түсінбейтін ерекше руханилық бар. Бұл оларды мәскеуліктерден ерекшелендіреді. Бағалы екеніңді сезініп, өзің де бағалауды үйренесің.
Тбилисидегі адамдарда орташа еуропалық адам түсінбейтін ерекше руханилық бар
Мұндағы балалар мен үлкен адамдарға деген қарым-қатынас ұнайды. Таныс емес адамдар жақындап, балаңды сүю мүмкін. Дәл солай Мәскеуде балаңа біреудің жақындағанын елестету қиын.
Және сондай-ақ, мұнда әдемі, ыстық және дәмді. Бұл бір апта ішінде айналып шығуға болатын кішкентай мемлекет, бірақ ол махаббатпен жасалған. Бір жерде сұлулықтың жиналғанына таңдалудан жалықпаймын.
Тбилиси Мәскеуден тыныштығымен және өмірге деген дәмімен ерекшеленеді. Ырғақты өмір ритміне үйренген адамдарға грузиндермен іс жүргізу қиын. Мәскеулікке дәлдік пен мұқияттылық маңызды, ал грузин қазір мәмілеге келісіп, кешке қарай бас тартуы мүмкін. Бұны әрдайым еске салып, тексеру қажет.
Әрине, кемшіліктер де бар. Мәселен, баяулық жиі кедергі жасайды, еріншектік пен жұмысты істемеу ниеті де бар. Мәселе өзің үшін ымыра тауып, оған келісуіңде. Жұмыс істеу де аса ыңғайлы емес, жалақы аз. Жұмыс берушілер жақсы мамандарды тапқысы келеді, әсіресе шетелдік қызметкерлерді, біақ жергілікті ақшаға. Сонымен қатар, Грузияда лифт ақылы, қыста үйдің іші салқындау және суды дәл шүмектен ішеді. Осындай тұрмыстық жағдайлар мені таңғалдырды.
Мүмкін, адамдар осында рух, «әдемі» өмір сүру мен өздерімен тепе-теңдікке келу үшін келеді. Мұны түсіну үшін осы жаққа келу керек. Мұнда нәзік дәм, шығармашылық бастама мен рухани қарапайымдылық үйлесімі бар.
Бұл мемлекетке ғашық болдым. Бұрын осында келіп, Мәскеуге қайтқанда, онда өзімді үйдегідей сезінбейтінмін. Instagramпарақшамды белсенді жүргізіп, Грузия туралы жаза бастағанда мен секілді адамдар көп екенін түсіндім. Мәскеу суреттерін көргенде сағынбаймын, ал Грузияны көргенде жылап жіберуім мүмкін. Менің үйім осында екенін түсіндім.
Ары қарай осында тұрып, пәтер сатып алып, ата-анамды да осында көшіргім келеді. Өзімнің балалар клубын ашу жайлы ойланып жүрмін, үрдістерді қарастырудамын. Жаңа әрі заманауи нәрсе жасағым келеді.
Бюльбюль Алиева, 32 жаста, туристік компанияның PR-менеджері
Екі керемет баланың анасымын және сүйікті әйелмін. Қалаған мемлекетімде өмір сүретініме, рахат әкелетін сүйікті ісіммен айналысқаныма және балаларымды еркін ойлап, менің ұрпағымнан әлдеқайда алға дамитын ортада тәрбиелеп жатқаныма сенімдімін.
Барлық өмірім — көшу және бұған қуаныштымын. Ресейде өстім, ал 15 жасымда өз Отаныма, Әзірбайжанға көштім. Университеттен кейін тұрмысқа шығып, журналистикада мансабымды құра бастадым. Мемлекеттегі үздік баспа басылымында жұмыс істедім. Кейін отбасылық жағдайларға байланысты Қазақстанға көштік. Атырау, Ақтау, Алматыда тұрдық. Кейін тағдыр біздің Грузияға әкелді.
Грузия мен үшін ашылым болды. Мені таңғалдырған алғашқы нәрсе — толыққандылық пен өзгешелік. Ол әмбебап. Грузияға бұл трендке айналмағанға дейін және туристік үрдістің динамикасы жаңа өсе бастаған кезде көштім. Барлығын ең алдымен ана ретінде, содан кейін журналист және қоғамдағы үдерістерге бей-жай қарамайтын қоғамның мүшесі ретінде қабылдадым. Балаларымның қолайлығын бағаладым. Мұнда мемлекеттік балабақшаларда кезек жоқ, жеке балабақшалар қымбат емес, спорт пен балалар алаңдары әр үйдің жанында бар және дәрігер-педиатрлар да сауатты.
Мені таңғалдырған алғашқы нәрсе — толыққандылық пен өзгешелік
Грузиядағы адамдар еркін ойлай алады, олар патриот, бірақ ашулы емес. Өзіме белсенді айналысатын іс іздей бастадым, қызықты әрі жарқын қоғамның мүшесі болуды қаладым. Оңтүстік Кавказдың журналистер мектебіне түстім және мені мемлекетте барлығы жайлы жаза алатын еркін БАҚ өкілдері бар екені таңғалдырды. Сондықтан, Грузия — мүмкіндіктер елі деп айта аламын.
Тағы бір жақсы әсер грузиндік полициялардан болды. Олар әрдайым сыпайы және ықыласты. Грузиндік мемлекеттік мекемелерде барлығы ресми, кезектер жоқ. Құжаттарды алу үшін күтіп, сұрап, іздеудің қажеті жоқ. Бұл жай ғана бүкіл мемлекеттерде бола бермейтін адами қолайлылық. Ал Грузияда ол қалыпты нәрсе ретінде көрінеді. Қолайлылыққа, икемділікке, жақсы жолдарға тез үйренесің және кейін басқаша өмір сүргің келмейді.
Әрине, әдемі суретті сипаттап жатырмын, бірақ бұған сенімдімін. Мемлекетте ішкі проблемалар, әлі жасап, шешуді қажет ететін нәрселер жайлы білемін, бірақ ол үрдіс басталды.
Балаларымның ой-пікірлері қандай да бір насихаттармен толмағанына қуаныштымын, мұнда олардың көзқарасы басқа қағидалармен қалыптасады. Сонымен бірге олар Кавказда өсіп жатыр. Олардың өмірінде таулар, өзендер, кавказдық ән мен билер, ет, ірімшік, көкөністер бар. Балаларымызбен Бакуға туыстармен кездесу үшін жиі барып тұрамыз.
Грузияда жұмыс бар, бірақ оны табу қиын. Грузин тілін білсең әлдеқайда жеңіл, ал егер білмесең барлығы біліктілігіңе байланысты. Менің ойымша, Грузиядағы жұмыс көп күйзеліс әкелмейді. Тбилисиде барлығы тыныш ырғақта, қатаң шектеулер жоқ. Грузин менталитетін түсініп, жұмыс істеудің басқа стилімен танысуға дайын болу қажет.
Грузияға өмір сүруге көшу — бұл тренд. Менің ойымша, барлығы тұрмыстық қолайлылық пен күйзелістің жоқтығына байланысты. Тауда демалып, теңізге бара аласың, адамдарды кедей мен байға бөлу жоқ. Өзін жеткілікті мөлшерде қамтамасыз және дамыта алатын орташа буын қалыптасуда.
Рахатпен саяхаттап, жаңа қалаларды ашудамын. Грузияда өмір сүріп, дамып, балаларымызды өсіруді жоспарлаудамыз. Біздің арманымыз — түрлі мемлекеттерден шығармашыл адамдар жиналып, өлең оқып, сурет салып, саясат пен мәдениет жайлы сөйлесе алатын үй салу. Уақыт өте келе танымал адамдар бос уақыттарын өткізетін сүйікті үйге айналады. Дұрысы, ол судың жанында орналасып, үлкен бақтың болуы.
Инна Ивасюк, 29 жаста, туған жері — Донецк, Украина, мейрамханалық бизнес пен SMM-маркетинг
Украинада, Донецкте туып өстім. Грузияға көшкенге дейін жеке зергерлік бұйымдар брендім болды. 2014 жылы «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратураны аяқтадым. Донецкте тұрақсыз жағдай орнады және күйеуімнің бизнесі де қабілетсіз болды, сондықтан бірдеңе өзгертуді шештік. Көшуден бірнеше жыл бұрын белсенді саяхаттауды бастадым, маған түрлі мемлекеттерде болған ұнады. Бір күні көркем жерге көшетінім жайлы ойладым. Бірақ, барлығы соншама кездейсоқ болады деп ойлаған жоқпын. Күйеуім досы екеуі бірігіп, Грузияда бір жобаны бастамақ болды және біз көшуді шештік, бірақ ешқашан онда болған емеспіз.
Тбилисиге көлікпен бардық. Жолда бұл ел өзінің көріністерімен сүйсіндіре бастады. Грузияның табиғаты өзінділік сұлулық пен энергетикаға ие. Ескі қаланың орталығына келгенде мен үйлерді, қиылыстарды, балкондарды көріп, осында қалғым келетінін түсіндім. Бұл қалада ескі сәулет заманауимен көршілес, қала орталығында өзен ағады және барлық жерден таулар көрінеді, ал түнде бәрі жарқырайды.
Алғашқы уақытта жаңа орында өзімді іздеумен болдым, Facebook желісінде орысша сөйлейтін адамдар топтары бар екенін білдім. Басқа қыздармен сөйлесіп, кездесу ұйымдастыруды шештім. Күйеуім екеумізде мейрамханалық бизнес болды және мен барлығын жақсы ұйымдастыра алдым.Бұл кездесулер жиі өтті, оны біздің Huggo Bar мейрамханасында екі айда бір рет өткіздім.
Грузияда әрқашан күлімдейтін мейірімді және қонақжай адамдар тұрады. Бірақ Грузияны сүйетін Украинамен салыстырмаймын. Әрине, Грузияда барлығы мінсіз және жайбарақат емес, бірақ мұнда жақсы. Грузияда түнде жүретін адамдар көп, түнгі үште таңертеңге қарағанда адамдар мен көліктерді көбірек көресіз. Грузияда қауіпсіз және полиция жағымды. Олар ақкөңіл, ешқашан көмек көрсетуден бас тартпайды. Туристерге ерекше көзқараспен қарайды. Бір рет полиция қызметкерін суретке түсуге сұрағанын көрдім. Ол көлікке барып, жарқырақтарын жағып, сурет үшін осылай жақсырақ болатынын айтты. Меніңше, бұл ұнамды.
Грузияда барлығы мінсіз және жайбарақат емес, бірақ мұнда жақсы
Әрине, грузин тілін білмей жұмыс табу қиын. Бірақ, жеке ісіңді бастауға болады. Кеңсені тіркеу жарты сағаттан аз уақытты алады, мемлекеттік қызметтер кәсіпкерлерге жұмсақ қарайды, бұл дамуға көмектеседі.
Грузияның климаты қолайлы. Менің тіпті қысқы аяқ киімім жоқ және жылы киімдерім аз. Олар тек тауға шыққа кезде ғана қажет. Мен үшін бұл керемет. Қарды көргіңіз келсе, көп қар болатын Гудауриға бара аласыз, онда керемет пейзаждар көрінісінде глинтвейн ішіп, тақтайша тебуге болады.
Грузия бойынша саяхаттағанды ұнатамын. Бекіністер, көне шіркеулер, өзен жағасындағы пикник, тауға, теңізге бару, шарап дайындайтын жерге бару немесе классикалық туристік бағыт — таңдау көп.
Грузия бойынша саяхаттағанды ұнатамын
Адамдар Грузияға түрлі себептерден көшеді. Мені қоршайтын қыздардың көбісі грузиндерге тұрмысқа шыққан, олардың отбасылары керемет. Қарбаластан мұнда қашатындар бар. Өмір мұнда ырғақты, ешкім ешқайда асықпайды, адамдарақкөңіл, тағамдәмді, ауа райы керемет, бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктер бар. Әрине, теріс жақтар да бар, бірақ мен үшін олар екінші орында.
SMM-маркетинг саласында жұмыс істеймін. Жұмысым ләззат әкеледі. Сондай-ақ, Instagram желісінде Грузиядағы өмір туралы айтатын шағын блог жүргіземін. Маған осында өмір сүрген ұнайды, ары қарай қалай болатынын көре жатармыз.