Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Нұрсұлтан Әмір АҚШ-тағы 16 үздік компаниядан қалай ұсыныс алғаны және Snapchat-та қызмет мансабын қалай құрып жатқаны туралы
931

30.11.2022

Нұрсұлтан Әмір АҚШ-тағы 16 үздік компаниядан қалай ұсыныс алғаны және Snapchat-та қызмет мансабын қалай құрып жатқаны туралы

Нұрсұлтан Әмір соңғы 3 жылда Google, Amazon, LinkedIn, Meta және Uber сияқты компаниялардан 16 ұсыныс алған. Ол өзінің оқиғасымен және Snapchat-тағы жұмысқа қалай келгенімен бөлісті.


Нұрсұлтан Әмір, Сиэтл қаласы, Snapchat-та Software Engineer, @nursul.amir

Нурсултан Амир

Қоныс аударуы туралы


Мен Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде бакалавриатты бітірдім.
Ал төрт жыл бұрын магистратурада оқуымды жалғастыру мақсатымен АҚШ-қа қоныс аудардым. University of Washington университетінде «Компьютерлік ғылымдар» мамандығында оқыдым. Таңдауым Америка Құрама Штаттарын түсті, өйткені мен «Силикон» алқабында: Apple, Facebook және Google сияқты ірі компаниялардың штаб-пәтері орналасқан жер, жұмыс істеп, үздік технологиялық компаниялардың бір мүшесі болғым келді.

Нурсултан Амир

Мен қазір Сиэтлде, Вашингтонда тұрамын және Snapchat-та бағдарламашы болып жұмыс істеймін.

Жаңа өмірге бейімделуі және кездескен қиындықтар туралы


Көшіп келгенімде мен 24 жаста едім.
Нью-Йоркті көру өте қызықты болды. Қаладан «мәдени шок» алдым десем де болады. Қала шулы, лас, адам өте көп. Бірақ уақыт өте келе мен мәселе тазалықта емес, әртүрлілік, мүмкіндіктер мен дамуда екенін түсіндім.

Бас кезінде отбасымды қатты сағындым


Алғашқыда ең қиын болатыны — тіл мен мәдениет.
Біз көбінесе ағылшын тілін британдық жүйе бойынша үйренеміз, алайда америклық ағылшын тілі сәл басқаша. Сондай-ақ күнделікті тұрмыс салты ғана емес, жұмыс мәдениеті де басқаша. Алғаш қоныс аударған кезімде университетте де, жұмыста да адамдармен дұрыс сөйлесуді қайта үйренуіме тура келді.

Нурсултан Амир

Отбасымды, жақындарымды қатты сағындым. Штаттардағы мәдениет, халқы мен әдет-ғұрыптары Қазақстаннан мүлде бөлек. Біздің адамдар танысың сияқты сезіледі, олармен сөйлесу оңай, ал шетелдіктермен сөйлескенде тосқауыл болатын.

Менің көшуімнің басты мақсаты — үздік IT-компанияларда жұмыс істеу. Дегенмен көптеген адамдар жақсы өмір іздеп және мансап қуып АҚШ-қа көшіп жатады. Мұндай жоғары бәсекеге төтеп беру қиын болды. Дегенмен ол адамды шыңдай түседі.

Қоныс аударған кезде адамдармен танысуға ұялмауға, сыпайы болуға кеңес беремін.

АҚШ-та жұмысты қалай іздген дұрыс


Оқу барысында мен HBO компаниясында тағылымдамадан өттім, ал кейінірек толық күндік жұмысқа шақыру алып, бір жарым жыл жұмыс істедім.
Кейінірек бірнеше шақырту алдым: Google, Meta, Amazon, Microsoft, TikTok және Snapchat-тан. Мен Meta-ны таңдадым. Компанияда бір жыл жұмыс істедім. Байқағаным, бүгінде IT нарығы сұраныста. Бұл өзімді жетілдіріп, одан да жақсы жағдайларға қол жеткізуіме жақсы мүмкіндік болды. Екі ай бұрын мен Meta-дан Snapchat-қа ауыстым.

Нурсултан Амир

АҚШ-та жұмыс табу үшін алдымен жоспар құру керек. Қандай да бір компанияда сұхбаттың қалай өтетінін, олардың не талап ететінін білуге тырысыңыз, сұрастырып көріңіз. Сондай-ақ жұмысқа тұрғыңыз келетін ұйымдардың тізімін жасаңыз. Мен сізге алдымен АҚШ-та тәжірибе жинақтауға, содан кейін барып мақсатты компанияларға түйіндеме беруге кеңес беремін.

АҚШ-та жұмыс табу үшін алдымен жоспар құру керек


Рекрутерден жауап алғаннан кейін сұхбат процесі басталады.
Сіз бірінші сұхбатты рекрутермен өтесіз, содан кейін инженермен техникалық сұхбаттан өтесіз, содан кейін on-sight-қа барасыз. Бұл — төрт сағаттан асатын сұхбат, онда үміткер өздеріне сай келе ме, жоқ па, соны тексереді. Бағдарлама әзірлеушілер үшін сұхбат көбінесе бағдарламалауды, кодтауды және информатика тұжырымдамаларын білуді қамтиды. Олар сондай-ақ жүйелік архитектура туралы сұрайды: көп адамдар пайдаланатын үлкен бағдарламаларды қалай құру керектігін.

Бастауыш және орта деңгейлерде әңгімелесу дағдылары ерекше маңызды. Сіздк сұхбаттың нәтижелеріне және жұмысыңызға байланысты бағалайды. Бұл дағдыларды шыңдау үшін көптеген ресурстар бар. Бірақ мен techinterviewhandbook.org платформасын ұсынамын. Мұнда барлық кеезеңдер анық сипатталған, пайдалы мақалалар мен басқа да сайттарға сілтемелер бар.

Snapchat-тағы жұмысы туралы


Мен Snapchat-та бағдарламашы-әзірлеушімін.
Менің командам AR and Monetization-мен айналысады. Біз платформада монетизацияны арттыратын жаңа түрлер мен бағдарламаларды жасап жатырмыз. Мысалы, біз жарнама берушілер жарнамалардың жаңа түрлерін жасауға пайдалана алатын фичтер жасаймыз.

Мен Snapchat-та бағдарламашы-әзірлеушімін


Snapchat-та бәрі ұйымшыл.
Мұндағы адамдар мейірімді және ақкөңіл, әрқашан көмек қолын созуға дайын тұрады.

Компанияда жұмыс қатынастарын жақсартуға арналған көптеген бағдарлама бар. Олардың бірі қызметкерлердің белгілі бір тобына қатысты теріс пікірді азайтуға бағытталған. Мысалы, бұл жынысқа, ұлтқа немесе нәсілге байланысты кемсіту болуы мүмкін. Маған компания мен басшылықтың осыған мән беретіні ұнайды.

Нурсултан Амир

Snapchat-та жаңа идеялар мен коллаборациялардың пайда болуына әсер ететін түрлі бэкграунды бар адамдар істейді. Snapchat Meta сияқты тегін тамақ бермейді, бірақ спортқа арналған бонустар береді, ұялы телефондар мен интернет ақысын төлейді.

Snapchat-та бәрі ұйымшыл


Біз офсайт үшін жылына бірнеше рет Лос-Анджелестегі штаб-пәтерде кездесеміз.
Мұнда бір үлкен команда болып жұмыс жасаймыз. Кеңсеге келудің қажетілігі жоқ болғандықтан, бұл шарада барлық қызметкерлер жиналып, шағын құрылтай ұйымдастырады.

Қоныс аудару қалай әсер етті

Нурсултан Амир


АҚШ-қа көшу маған қатты әсер етті.
Мұнда ешкімге қажетім жоқ екенін түсіндім. Сондықтан мақсатыма жету үшін күресіп, дамып отыру керектігін түсіндім. Бұл көп нәрсеге көзіңізді ашып, көңіл көкжиегіңізді кеңейтеді.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу