facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/063/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/063a358b086edc3eedce254ed672c93e.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
michigan-state-university-otbasyly-adamdar-a-a-sh-ta-ayda-o-y-an-y-ayly-bolady
logo
Michigan State University. Отбасылық адамдарға АҚШ-та қайда оқыған ыңғайлы болады

11.05.2022

Michigan State University. Отбасылық адамдарға АҚШ-та қайда оқыған ыңғайлы болады

Michigan State University — оқуға отбасымен ұшып келетін адамдарға арналған АҚШ-тың ең керемет университеті. Орталық Азиядағы отандастарымызбен оқуға түсу жайлы, оқудың ерекшеліктері мен атмосферасы жайында сөйлестік.


Алия Бижанова, қаласы — Ист-Лэнсинг, штаты — Мичиган, Doctoral student, Michigan State University-де graduate research assistant, facebook


Алия Бижанова.jpeg

Университет таңдау жайында


Мен Алматыданмын. Ресейде оқыдым. Vanderbilt University-да магистр дәрежесін алдым. Жеті жылдай Астанада жұмыс істедім. Кейін докторантураға түсуге шешім қабылдадым.

Университет таңдау кезінде бірнеше тізім құрыңыз, оларды жоғарғы деңгейдегі екі-үшеуі — dream schools, ал басқасы — оңай, нақты түсуге болатындай етіп жазуға кеңес беремін.

Мен бірнеше оқу орнына түстім. МSU-ды білім беру колледжінің деңгейі өте жоғары, ал докторанттарға қаржылық пакет ұсынатындықтан таңдадым.

Мен отбасыммен көшкендіктен географиялық фактор маңызды болды. Бізге Middle West сай келді – қазақстандық климатқа ұқсайтын аймақ.

Оқуға түсу жайында


Дайындықты кем дегенде жарты жыл бұрын бастаған жөн. Бірінші кезең — университетті таңдау. Оқу орнының сайтына кіріп көріңіз, профессорлар жайлы ақпарат және олардың зерттеу қызығушылықтары жайлы іздеңіз. Мамандық туралы ақпаратты қадағалау, құжаттар тізімі мен мерзімі туралы білу маңызды.

TOEFL, GRE емтихандарына дайындық пен тапсыруға уақыт бөліңіз. Эссемен бөлек жұмыс істеу қажет. Бұл адамның университетке қаншалықты сай келетінін көрсететін маңызды құжат. Бір-екі бетте жұмыс тәжірибесі, ғылыми қызығушылықтар мен оқу аяқталғаннан кейінгі қызмет туралы жазған дұрыс. Пікірмен бөлісе алатын адамдардан сұрау керек.

Дайындықты кем дегенде жарты жыл бұрын бастаған жөн

Оқуға түсу мүмкіндігін көбейту үшін зерттеу қызығушылықтарыңыз егіз профессорлармен байланысқа шығуға тырысып көріңіз. Мен MSU профессорымен магистратурадағы грурпаластарым арқылы байланыстым. Біз Zoom арқылы кездескеннен соң, ол менің құжаттарымды қабылдау комиссиясына жіберді.

Құжаттар арасында үш ұсыныс хаты болуы міндетті. Оны жаза алатын адамдарды таңдауға стратегиялық тұрғыдан келу қажет. Бұл сіздің академиялық және жұмыс ортаңыз болуы керек. Ұйым және адам танылатын болғаны жөн.

Оқу ерекшеліктері


Оқыту құрылымы әртүрлі деңгейде ерекшеленеді. Докторантурада зерттеу бағыты басым. Оқу бес жылдай, бірақ ерте немесе кеш бітіруге болады.

Алғашқы екі жыл біз міндетті курстарды өтеміз. Параллелді басқа пәндерді алуға болады. Бағдарлама өзгеруге икемді. Бәрі қызығушылыққа байланысты.

Үшіншіден бесінші курсқа дейін докторанттар зерттеу жұмыстарымен айналысады, диссертация жазады. Бірінші мен үшінші жылдың соңында біліктілік емтихандарды тапсырады. Төртінші жылы диссертация алды кеңестің алдында proposal қорғаймыз, бір жылдан кейін қорғау өтеді.

Оқу процесі қиын, бірақ қызық. Университет профессорылары фундаменталды зерттеулерімен әлем бойынша танымал, ал олардың дәрісінде болу — үлкен мәртебе.

Мен көп жұмысқа дайын болуға кеңес беремін. Көптеген әдебиеттер оқу, мақала дайындау, конференцияларда сөйлеуге дайын болу керек. Бұл жердің интелектуалды ортасы керемет. Тек қана профессорылармен емес, өзге де студенттермен жұмыс істеуге болады. Бір-біріне пайдалу болу.

Атмосфера жайында


Университеттегі академиялық тәжірибенің жартысы — адамдар мен бірнеше онжылдықта құрылған ерекше мәдениет. Ол барлық деңгейде оқу орнынан қолдау табады. Бізде студенттер ашқан, мыңдаған ұйымдар бар.

Мен посткеңестік мемлекеттерден тұратын Еуразиялық студенттер ассоциациясының президентімін. Университет қаржы бөледі, ал біз академиялық іс-шаралар өткіземіз, профессорыларды шақырамыз, тәжірибемен бөлісеміз, мерекелерді тойлаймыз.

Бижанова Алия.jpeg

MSU — АҚШ-тағы көлемі бойынша алтыншы оқу орнында. Мұнда әрдайым бірдене болып тұратын, орталықтар көп. Мысалы, сәуір айы бойы ғылыми фестиваль өтіп жатыр соның негізінде мыңдаған шараларға қатысуға болады. Өмір қызып жатыр, бастысы — уақыт табу.

Отбасылық адамдарға арналған жағдайлар жайында


Университет сайттарында студент-ата-анаға арналған қосымша әлеуметтік пакет жайлы айтыла бермейді. Бұны оқуда жүрген адамдардан білуге болады.

MSU-де студент-ата-аналар Ассоциациясы жұмыс жасайды, мүше болу құны 20$. Әр жыл сайын ұйым іс-шаралар өткізеді, мұражайға ваучерлер тартады, сыйлықтар береді. Тағы олар балабақшаға баруға грант ұсынады.

Біз үшін қызымның балабақшаға барғаны маңызды болды. Бұл қымбат, сондықтан ұйым бізге 5000$ көлемінде грант ұсынды. Сонымен қатар олар студент пен оның отбасысына сақтандыруға көмектеседі. Ол үшін өтініш толтыру және кіріс деңгейі жайлы құжат әкелу керек. Біз жыл сайын сақтандырудан 3000$ аламыз.

Кампуста тегін тамақ ұсынатын Food Bank сервисі бар. Әсіресе алғашқы кезде, көптеген шетелдік студенттер қолданады. Онлайн түрде азық-түлік тізімін көрсету, кейін барып алып кету керек.

Ағылшын тілін үйрену және басқа да дағдыларды үйрететін студенттер отбасына арналған тегін курстар бар.

Университет нені үйретті


Әр семестр білім аласың, жобаларға, зерттеу жұмыстарына қатысасың. Ойлау үдерісі өзгереді.

Мен өз мамандығым бойынша жақсы білім, нетворкинг пен топтық жұмыспен байланысты көп мүмкіндіктерге ие болдым.

MSU-ға отбасысы бар студенттерге түсуге кеңес беремін. Университет кішігірім Ист-Лэнсинг қалашығында орналасқан. Мұнда қымбат емес, қауіпсіз және жайлы өмір.


Мөлдір Молдагалиева, қаласы — Ист-Лэнсинг, штаты — Мичиган, Michigan State University-ның магистранты, @moldirmoldagali


Молдир Молдагалиева.jpg

Университет таңдау жайында


АҚШ-та оқу балалық арманым еді. Оқу бітірген соң жұмысқа тұрдым, уақыт өте келе бірінші орынға отбасым шықты. Отыз жасымда оқуды жалғастыруды шештім.

Жоғары оқу орындарының тізімін менің мамандығым — «Жарнама және қоғаммен байланыс» бойынша үздіктердің рейтингіне қарап жасадым. Отбасылы студенттерге қолайлы жағдай басты өлшемшарт болған еді. Өндірісте немесе ғылыми-зерттеу бағытында жұмыс істеуге дайындалуға мүмкіндік беретін пәндердің кең ауқымын ұсынатыны ұнайды.

Оқуға түсу жайында


Менің оқуға түсуім «Болашақ» шәкіртақысына құжат тапсырудан басталды. Грант алғаннан кейін MSU-ға өтініш беруге дайындалдым. Оған екі мотивциялық эссе, үш ұсыныс хат, түйіндеме, IELTS, TOEFL, GRE және GMAT тест нәтижелері кіреді.

Университеттің сізге не бере алатынын түсіну маңызды. Профессорылардың ғылыми жұмыстарын оқыған, сізге қызық зерттеулермен біреуі айналысатынын білген пайдалы.

Оқу аяқталғаннан кейінгі қызмет ету жайлы ойыңыз және оны мотивациялық эссеге сауатты түрде жазу керек. Мұқият дайындалған жөн, олар арқылы қабылдау комиссиясы сізді таниды.

Екінші кезең — сұхбат. Ол бейресми түрде өтеді. Менің эссемде көрсеткен профессор, менімен жақын танысуды ұйғарды. «Болашақ» шәкіртақысы мен жоспарларым жайында сұрады. Мен академиялық өмір, жағдайы, оқу процесі жайында сұрағанмын.

Оқу ерекшеліктері


MSU-да қолайлы академиялық орта. Студенттер мен оқытушылар ашық жарқын. Профессорлар өз беделіне қарамастан қарапайым, олармен жұмыс істеген оңай. Әр сабақ «Демалыстарың қалай өтті», — деген сұрақтан басталады.

Студенттер мен оқытушылар ашық жарқын


Дискуссияға көп көңіл бөлінеді. Студенттер өз пікірімен бөлісе алуы үшін сабақтар талқылау форматында өтеді. Осының арқасында тек қана оқытушыдан ғана емес студенттен де үйренуге мүмкіндік бар.

Аудиторияның алдында қорғау үшін топпен жиі жобаға дайындаламыз. Бұл презентациялау қабілеті мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға көмектеседі.

Молдагалиева Молдир.jpg

Мұнда дәстүрлі түсініктегі топтар жоқ. Әр адам өзінің оқу жоспарымен оқиды. Жұмыстағы әріптестер сияқты, студенттер арасында қарым-қатынас та ресми. Оқудан тыс кейде ғана олар уақытты бірге өткізеді. Бұл факт басқа студенттермен бірігіп, Еуразиялық студенттер ассоциациясын құруға әкелді. Біз посткеңестік он бес мемлекет пен аймақты зерттеуге қызығатын адамдарға академиялық және мәдени көпір сынды қызмет етеміз.

Отбасылық адамдарға арналған жағдайлар жайында


МSU-да ғажап дәстүр бар: Рождество тұсында әр департаменттен сыйлық берілетін бір отбасы таңдалады. Мереке алдында, үйді сағынған кезде мұндай қолдау өте бағалы.

Сонымен қатар бала күтушімен де көмектеседі. Әр балаға 100 академиялық сағат бөлінеді — төлем сағатына 15$ емес, 3$. Сақтандыру мен балабақшадағы орынмен қатар бұл үлкен көмек.

Университет нені үйретті


Мен арманға жетуді үйрендім. Жақсы, білімді, тәжірибелі болуға бала кедергі емес, мотивация болатынын түсіндім. Жайлы зонадан шығып, ең керемет профессорлармен жұмыс істеу тәжірибесіне ие болдым.

Академиялық адалдық жайлы көбірек білдім. Зерттеу жұмысын жүргізуді, мақала жазуды, командамен жұмыс устеуді үйрендім.

MSU кішігірім қалашықта таза ауамен, әдемі табиғатымен және көп жасыл өсімдіктер арасында тұрғысы келетіндерге жарайды.


Madina Dadajonova, қаласы — Ист-Лэнсинг, штаты — Мичиган, Michigan State University-де MBA student, @madina.ddj

Madina Dadajonova.jpeg

Университет таңдау жайында

Мен Supply Chain Management бағытында оқуға қызықтым. MSU бұл салада АҚШ-та бірінші орында.

Бұл оқу орнында оқыған отандастарыммен байланыстым, университет туралы жағымды пікірлер естідім және тек оған ғана құжаттар тапсырдым.

Оқуға түсу жайында


Шетелдік оқу орнына түсу — ұзақ үдеріс. GMAT, IELTS емтихандарына дайындалуға және оны тапсыруға бір жылдай уақыт кетті. Кейін мен мотивциялық хаттарды жаздым, маған объективті баға бере алатын адамдардан ұсыным хаттарын алдым.

Университет менің портфолимды екі апта қарастырды, содан соң сұхбаттасуға шақырды. Ол қырық бес минуттай болды. Міндетті сұрақтар: «Не себепті дәл осы университетті таңдадыңыз?» және «Өзіңізді біттіргеннен кейін кім ретінде көресіз?». Тағы да жұмыс тәжірибесі, мотивация туралы сұрады.

Әр жоғарғы оқу орынның өз миссиясы бар, MSU-да — көшбасшылық қабілеттерді. Сондықтан эссе құрылымы сізді көшбасшы ретінде көрсетуі керек. Бұл сұхбатқа да қатысты.

Оқу ерекшеліктері


Мені оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынасы таңғалдырды. Профессордан өзгеше өз ойыңды айтқан кезде оны дәлелдеп қорғай алсаң, сені көтермелейді.

Үй жұмыстарын тапсыратын, баға қоятын және оқытушыдан кері байланыс ала алатын, оқуда арнайы платформа бар.

Мені оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынасы таңғалдырды

Бірінші семестрде біз барлық бағыттағы пәндерді оқыдық. Екіншісінен кейін мамандықты таңдап, сонымен лайық оқыған қажет. Басында маған Supply Chain Management қызық болған, бірақ уақыт өте келе мені маркетинг көбірек қызықтыратынын түсіндім.

Атмосфера жайында


MSU-да білім алушылармен құрылған және университетпен қаржыландыратын көптеген студенттік ұйымдар бар.

Dadajonova Madina.jpeg

Университет Ист-Лэнсинде орналасқан. Бұл тыныш және жайлы студенттік қалашық. Оны «бірқабатты Америка» деп атаймын және оқу үшін мінсіз орын деп санаймын.

Университет отбысылы адамдарға көп көмектеседі. Бірақ басты өлшемшарт — отбасыңыз АШҚ-та болуы керек. Олар визаға қатысты сұрақтармен көмектеспейді.

Университет нені үйретті


Университет мені жайлы зонамнан шығуды, жаңа адамдармен танысуды үйретті. Нетворкинг — мансаптық өсудің кілті екеінін түсіндім.

Мен MSU-ға әсіресе қыздарды түсуге шақырамын. Университет Forty Foundation-мен серіктестікте, ол қаржылай және өзге де аспектілерде көмектеседі.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ғылыми мақалаларды қайдан іздеуге болады: зерттеушілер үшін тегін материалдары бар 12 сайт
Ғылыми мақалаларды қайдан іздеуге болады: зерттеушілер үшін тегін материалдары бар 12 сайт
Онлайн немесе офлайн. Жастар әртүрлі оқыту форматтарының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы
Онлайн немесе офлайн. Жастар әртүрлі оқыту форматтарының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы
Мінсіз сыныптар: неге кішкентай сынып оқушылары қарапайым сынып оқушыларына қарағанда табысты
Мінсіз сыныптар: неге кішкентай сынып оқушылары қарапайым сынып оқушыларына қарағанда табысты
Қазіргі мектептердің басты мәселесі неде және тәрбие — тек ата-аналардың ғана емес, мұғалімдердің де міндеті болып табылады
Қазіргі мектептердің басты мәселесі неде және тәрбие — тек ата-аналардың ғана емес, мұғалімдердің де міндеті болып табылады
Мен «НЗМ» жұмыс істеймін. Бірегей білім беру желісінде мансапты қалай құруға болады
Мен «НЗМ» жұмыс істеймін. Бірегей білім беру желісінде мансапты қалай құруға болады