facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/af8/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/af8ee1576f4b9900ecdc459ed16c94bb.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
men-oksfordta-o-ydym-aza-standy-tar-asyrly-d-st-rler-lemd-k-alymdar-men-perspektivalar-turaly
logo
Мен Оксфордта оқыдым. Қазақстандықтар ғасырлық дәстүрлер, әлемдік ғалымдар мен перспективалар туралы

21.07.2022

Мен Оксфордта оқыдым. Қазақстандықтар ғасырлық дәстүрлер, әлемдік ғалымдар мен перспективалар туралы

Әлемдегі ең танымал университеттердің бірі University of Oxford-да оқыған отандастарымыздың әңгімесі. Ғасырлық дәстүрлері, сәулеті, профессорлары мен «Гарри Поттер»-дің түсірілімдері туралы.


Амантай Нұрғалиев, Алматы қаласында дүниеге келген, операциялық менеджер, Uber Eats


Амантай Нургалиев


Университет таңдау және оқуға түсу туралы


Мен өзіме қызықты болған бағдарламаның сапасы мен мазмұнына қарай жоғары оқу орнын таңдадым. Сол кезде, 2013 жылы Оксфордта Ұлыбританиядағы қаржы және экономика бойынша ең мықты магистратура бағдарламасы бар еді. Сондықтан мен осы ЖОО таңдадым. Өтініш беру үшін GRE немесе GMAT мамандандырылған тестін тапсыру, эссе жазу, сауалнаманы толтыру қажет болды. Мен ағылшынша бітіргендіктен, шет тілінен тест тапсырмадым. Осыдан кейін факультет мүшесімен сұхбаттасып, екі айдан кейін оқуға шақыру алдым.

Емтихандар мен тесттерге дайындалу үшін кем дегенде бір жыл бұрын бастауды ұсынамын.

Эссе — өтінімнің маңызды бөлігі. Бұл қабылдау комиссиясына сіздің қандай адам екеніңізді, осы бағдарламадан не алғыңыз келетінін, сізді не итермелейтінін түсінуге көмектеседі. Сондықтан оған жеткілікті назар аудару керек. Мен, бұрынғы қоғамдық, академиялық, кәсіби жетістіктеріңізбен бөлісуді ұсынар едім. Менде мықты бағалар, қоғамдық жұмыс тәжірибесі, бірнеше тағылымдама болды. Мұндай деректер қабылдау кезінде көмектеседі. Сондай-ақ, сұхбатқа жақсы дайындалу керек. Интернетте шамамен құрылымы мен сұхбат сұрақтары бар көптеген ресурстар бар. Менің кеңесім: нақты көзқарасыңыз бен пікірлерінңізді айта біліңіз.

Оқудағы ерекшеліктер туралы


Оксфордта оқудың бірнеше артықшылығы бар:

— мықты академиктер. Мысалы, бізге Ұлыбританияда 3G-лицензия беру аукционының дизайнын жасауға көмектескен профессор сабақ берді

— университеттік бизнес-мектептің банкинг және консалтинг саласындағы ірі жұмыс берушілермен байланысы бар

— әлемнің ең талантты студенттерімен қарым-қатынас жасау және жұмыс істеу мүмкіндігі.

Oxford Univetsity

Мені университеттегі іс-шаралар саны таң қалдырды. Танымал тұлғалар жиі келеді. Мысалы, профессор Джон Нэш – қазіргі ойын теориясының негізін қалаушы, Билл Экман — американдық кәсіпкер, Pershing Square Capital Management хедж-қорының негізін қалаушысы келетін. Барлығына үлгеру үшін оқу, іс-шаралар мен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау және басымдық беру қажет болды.

Оксфордтағы атмосфера


Оксфордтың атмосферасын сөзбен жеткізу қиын. Ол өзінің тарихымен, білімімен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен өмір сүреді. Мені дәстүрлерді сақтауға деген ұмтылыс таң қалдырды. Оқу барысында мұнда уақыт тоқтаған сияқты көрінді. Мысалы, емтихандарда біз арнайы мантия мен белгілі бір түстерді кидік. Бір жағынан, бұл өткенге қайта оралудың ерекше мүмкіндігі. Екінші жағынан, университетке уақытпен жүруге кедергі келтіретін сияқты.

Оксфорд студенттерінің ойлау тәсілі ерекше


Оксфорд студенттерінің ойлау тәсілі ерекше. Ондағылардың ойлау қабілеті таңқаларлық. Әр кешкі ас кезінде мен әр түрлі факультеттерден келген студенттердің қызықты және өршіл жобалары туралы тыңдайтынмын. Әр колледжде өз саласында жетістіктерге жеткен атақты түлектер мен профессорлар бар. Мысалы, бір күні асханада менің қасымда Сэр Эндрю Уайлс кешкі ас ішіп жатқанын байқадым. Бірақ қазір мен, жұмысқа орналасу кезінде университет түлектері, өздерін тым сенімді ұстайтынын байқаймын. Көптеген кандидаттар өздерінің түйіндемелерінде жоғары оқу орнының атын пайдаланып жұмысқа орналасамыз деп ойлайды. Бірақ бұл үміткерге сұхбаттасуға шақырудан басқа ештеңе де бермейді.

Университеттен не үйрендім


Оксфордтан алған ең маңызды дүние — менің достарым, курстастарым. Мен әлі күнге дейін көптеген достарыммен араласамын. Біреу банкир, біреу академик, біреу саясатқа кетті. Олардың жетістіктері мен жеңістерін көру өте керемет. Біздің кітапханалардағы ұйқысыз түндеріміз бекер кетпегенініне қуанамын. Университет ой — өрісімді кеңейтуге мүмкіндік берді, бүкіл әлемнің үздік студенттерімен бәсекелесу оңай емес екен. Мен бұрын Факультеттің үздік студенті едім. Ол Оксфордқа келгенде, үздік бола алмадым, мен әрқашан алға ұмтылудың маңыздылығын түсіндім. Егер сіз еңбекқор, өршіл, білімге тойымсыз болсаңыз, үнемі өз бетіңізше жұмыс істеуге дайын болсаңыз, Оксфордқа баруды ұсынар едім. Университет өз студенттеріне көп нәрсе береді, бірақ жауап ретінде сізде көп нәрсені құрбан етуіңіз керек.


Талғат Досанов, Алматы қаласында дүниеге келген, CEO, linkedin.com


Талгат Досанов


Университет таңдау және оқуға түсу туралы


Мен Ұлыбританияда оқып, Лондонда тұрдым және ірі корпорацияда жұмыс істедім. Оқуға деген қажеттілікті сезіндім. Мен халықаралық компанияларда басқару және жұмыс істеу дағдыларын дамытуға көмектесетін бағдарлама іздедім.

Мен әрқашан Оксфордта оқуды армандайтынмын. Маған тарихы бар көне университеттер ұнайды. Сонымен қатар, онда көптеген көрнекті ғалымдар, саясаткерлер, кәсіпкерлер оқыды. Сондықтан мен Оксфордта өтініш бере алатын қолайлы бағдарлама бар екенін біліп, құжат тапсырдым. Ол кезде менде екі жоғары білім және басшылық лауазымдарда қажетті жұмыс тәжірибем болды. Мен өтініш бердім, түйіндеме дайындадым, сұхбаттасып, оқуға шақырту алдым.

Оқудағы ерекшеліктер туралы

Ұлыбританияда оқытудың жоғары стандарттары бар. Ал Оксфордта әлемге әйгілі оқытушылар жұмыс істейді. Университет мүмкіндіктер шегінде жұмыс істеуге дайын адамдар үшін қолайлы. Келісу, жеңілдіктер деген жоқ. Студенттерге қойылатын талаптар жоғары, сондықтан күш-жігер жұмсау керек.

Оксфордта әлемге әйгілі оқытушылар жұмыс істейді

Мен Оксфордқа тәжірибелі қызметкер ретінде саналы түрде келдім. Сондықтан мен болашақта тәжірибемде қолдана алатын білім алуға тырыстым. Оқу барысында мен әртүрлі елдерден, әртүрлі жастағы көптеген достар таптым. Өз тәжірибемізбен бөлісу қызықты болды.

Оксфордтағы атмосфера


Оксфорд студенттері кез-келген жаста жаңа білім мен дағдыларға ұмтылады. Ұлыбританияда нарықтық орта, жоғары бәсекелестік. Сондықтан адамдар әрқашан дамуға бағытталған. Біздің курста білім алуға ұмтылған зейнеткерлер, топ-менеджерлер және үй шаруасындағы әйелдер болды.

Оксфорд

Университеттің тағы бір ерекшелігі — оның сәулеті. Оксфордтағы барлық колледждер, кампустар, дәрісханалар ежелгі, ерекше атмосферасы бар. Біздің сабақтарымыз уақытында университет аумағында «Гарри Поттер» түсірілімі өткені есімде.

Университеттен не үйрендім


Оксфордта мен жаңа білім мен орта таптым. Нетворкинг — бұл университеттің үлкен құндылығы. Қазақстанға оралғаннан кейін барлық алған білімдерін іс жүзінде қолдана алдым. Әсіресе маған оқу кезінде танысқан адамдар көмектесті. Мұндай университеттің дипломымен бүкіл әлемдегі ірі корпорацияларда жұмысқа орналасу жеңіл.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.