facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/d83/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/d83d4e4ce51b2e733a77503cb3aaa68b.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
madi-sypataev-franciya-a-alay-k-shken-zh-ne-sol-zha-ta-k-s-p-ruy-zhayly
logo
Мади Сыпатаев Францияға қалай көшкені және сол жақта кәсіп құруы жайлы

44 жаста, қала — Ницца, Marino Madi сауда маркасының негізін қалаушы

01.04.2020

Мади Сыпатаев Францияға қалай көшкені және сол жақта кәсіп құруы жайлы


Өзім жайлы


madi_sypataev(1).jpg

Мен әдемілікті бағалаймын. Маған әдемі нәрселерді көру, есту маңызды. Маған бала кезімнен әдемі мұражайлар немесе тарихи орындарды көрген ұнайды. Қазақстанда ондай дүние аз болғандықтан жиі кинофильмдерді көретінмін. Әсіресе Риммен байланысты фильмдер ұнайды. Бұл ең сүйікті және әдемі қалалардың бірі.

Францияда жан-жағымнан әдемілік қоршап жатқан жерде тұрамын: сәулет, теңіз, жағалау. Бұл мені шабыттандырады. Сондай-ақ музыка тыңдағанды ұнатамын.

Мен әдемілікті бағалаймын

Маған шығармашылық жұмыстармен айналысқан ұнайды. Ол маған ләззат әкеледі. Мен айналамдағыларға жақсы көңіл-күй мен энергия бере аламын.

Мен салмақты адаммын. Эмоцияларымды басқаларға шығармаймын.

madi_sypataev(2).jpg

Маған қойған мақсаттарыма жету маңызды. Кейбіреулеріне оңай, кейбіреулеріне бірнеше мүмкіндіктерден кейін жетемін. Бастысы — берілмеу.

Көп адам мені арманшыл дейді. Шығармашылықтың адамы ретінде мен армандауды, одан кейін армандарымды жүзеге асыратын жоспар құрамын. Жоспарың болған кезде арман мақсатқа айналады.


Өмірлік қағидалар жайлы


Мен өзімнің сезімдеріме, интуицияларыма сенемін. Сондықтан әрқашан рационалды және логикалық іс-әрекеттер жасамаймын.

Ұнайтын нәрсенмен айналысу керек дегенге сенемін. Өмірден барынша ләззат алуға тырысамын. Өзімнің мүмкіндіктеріме қарай адамдарға көмектесемін. Тек қана маған емес, басқаларға да жақсы болғанын қалаймын.

madi_sypataev(3).jpg

Мен үшін алдау деген жоқ. Балаларымды да осыған үйретемін.

Мен дипломатиялық адаммын. Сондықтан келусішіліктерге баруды жақсы көрмеймін. Барлығын мінсіз және соңына дейін жасау керек деп ойлаймын. Бірақ өмірде барлығы біз қалағандай емес.

Мен дипломатиялық адаммын. Сондықтан келусішіліктерге баруды жақсы көрмеймін

Мен қиындықтардан қорықпаймын. Кейде өз-өзіме үлкен мақсаттар қоямын. Шешімі жоқ нәрсе болмайды деп ойлаймын. Сабыр сақтап, барлығын рет-ретімен қойып алу маңызды. Мұндайда маған аналитикалық ойлау қабілетім көмектеседі.

Спортпен тұрақты айналасуым тәртіпті болуыма, ойларымды жинақтауға көмектеседі.

madi_sypataev(4).jpg


Өмірдегі адамдар жайлы


Өмірдегі ең басты адамдар — отбасы: жолдасым, балалар. Францияға көшкеннен кейін біздің отбасылық қарым-қатынасымыз өзгерді. Қазақстанда тұрғанымызда отбасыммен бір жарым сағат уақыт өткізетінмін. Қазір Францияның өмір сүру ритмін қабылдап, отбасылқ демалыстарды бірге өткізуге, таңғы ас ішуге, демалуға үйрендім.

Өмірдегі ең басты адамдар — отбасы: жолдасым, балалар

Сондай-ақ жақын орта — бұл ата-анам, қарындасым, мектептегі достарым, серіктестерім. Менде барлығымен байланыста болу қажеттілігі жоқ, үнемі қарым-қатынасқа мұқтаж емеспін. Жеке қалып, бірнеше күн жалғыздықта өткізе аламын.

Қарым-қатынастағы ең басты критерий — маған ол адаммен қолайлы болу керек. Сондай-ақ интеллект дәрежесі, ортақ қызығушылықтар маңызды. Мысалы, тарих, мәдениет, геосаясат жайлы сөйлесе алатын адамдарды бағалаймын.

madi_sypataev(5).jpg


Қызметі жайлы


Францияда Marino Madi киім брендін шығардым. Бұл теңізді жақсы көретін адамдарға арналған бренд.

Бұған дейін менде киім саласында кәсіп жүргізу тәжірибесі болған жоқ. Бірақ бұл — мен қалайтын іс екенін түсіндім. Мектеп кезінен өз талғамым болатын. Сондықтан мен бұл салаға келгенімде ешкім таңқалмады.

Ең басында қиындықтар болды. Алғашқы коллекцияны дайындауда тәжірибемнің жоқтығы сезілді. Еуропалық фабрикаларға сенім арттым, олар барлығын жоғары деңгейде жасап береді деп ойладым. Алайда, олар барлығы үшін сапалы тікпейді екен. Барлығы тапсырыс берушіге және оның сұранысына байланысты екен. Егер сен тауарды дұрыс емес түсіндірсең, нәтиже де сәйкесінші болады.

madi_sypataev(4).jpg

Ақырындап тәжірибе жинақтадым. Менен тәжірибелі кәсіпкерлерден кеңес алдым. Бес жыл ішінде бес-алты коллекция шығардық. Басты бағыт — теңіз стилі, спорт-шик.

Біз француз және итальян нарығы үшін киімді Италияда және Португалияда тігеміз. Сондай-ақ киімді Рессейге, Қазақстанға жеткіземіз.

Францияда Marino Madi киім брендін шығардым

Еуропадағы клиенттеріміз — орташа және жоғарғы табысты адамдар, олар халықтың 70-80%-ын құрайды. Олар брендті қумайды, өздеріне ыңғайлы киімді сатып алады. Қазақстан мен Оессейдегі біздің сегмент — жоғары табысты адамдар. Бұл нарықпен қиындықтар бар. біздің адамдар үшін лейбл маңызды. Сондықтан сапалы, бірақ итальяндық танымал емес бренд оларға қызықсыз болуы мүмкін.

Біз Токиода өтетін Олимпиадаға қатысатын қазақстандық команда үшін форманы жасау конкурсына қатыстық. Қазақстандық спортшылар үшін салтанатты киім мен спорттық костюмдерді тігеміз. Мен әрдайым біздің спортшыларымызды стильді киінгенін қалайтынмын. Сондықтан олар үшін еуропалық, бірақ қазақ элементі бар стильді ойлап таптым.

madi_sypataev(7).jpg

Өзімді әзірше дизайнерлер қатарына жатқызбаймын. Бірақ бұған келгім келеді — қазіргі заманғы дизайнда жастарға арналған киім жасау, көріністерге қатысу, басқа дизайнерлермен танысу, қауымдастыққа кіру жоспарымда бар. Маған Ralph Lauren брендінің тарихы, тәжірибесі мен стилі ұнайды. Сондай-ақ, итальяндық бренд Eleventy де ұнайды.

Бұл менің өмірімнің ісі деп айта аламын. Әрқашан әдемі нәрсемен айналысқым келді. Сондай-ақ, менің балаларым айналыса алатын отбасылық бизнес ашқым келеді. Үлкен балаларымды жұмыс процестеріне қатыстырамын. Бұл іс біздің өмір салтымызға сәйкес келеді. Және маған ұнайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас