facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ma-ystauda-y-turizm-bas-a-planetaly-landshafttar-tarihty-ruhy-zh-ne-k-desyylardy-ornyna-akulany-t-ster
logo
Маңғыстаудағы туризм: басқа планеталық ландшафттар, тарихтың рухы және кәдесыйлардың орнына акуланың тістері
Таңғажайып Қазақстан

11.06.2019

Маңғыстаудағы туризм: басқа планеталық ландшафттар, тарихтың рухы және кәдесыйлардың орнына акуланың тістері

Лейла Іңкәрбекова, 54 жаста, туған қаласы — Алматы, аналитикалық психолог

Лейла 2.jpeg

Сапары жайында


Он жыл бұрын мен интернетте ресейлік саяхатшының Маңғыстау бойынша жасалған саяхаты жайында көрдім. Қазақстанда осындай ерекше жерлердің бар екеніне таң қалдым. Әріпстесім арқылы Маңғыстаудың ең көрікті жерлері бойынша джиптермен сапарлар ұйымдастыратын Руслан @mangistau_explorer жайында білдім. Мамыр айында бес күндік орынға тапсырыс бердім.

Турдың ішінде үлкен бағдарлама болды: Қарынжарық ойпаты, Бұлыойық үңгірі, Босжыр шатқалы, Тұзбайыр борлы таулары, Айрықты тауы, шарлар алқабы, Шақпақ ата мешіті, Каспий жағалауы, Жығылған шұқыры, Тамшалы.

Біз Үстірттің ең танымал жерлерінде болдық. Саяхат кезінде адайлардың көне жерлеулерін көрдік, ұлу қабыршағы және аммонит үлгісіндегі тастарды таптық.

Лейла.jpeg

Маған Тұзбайыр жері әсер етті – бұл көрікті ғибадатханалар мен сарайлар түрінде желмен және сумен жонылған үлкен сордың бойында орналасқан борлы таулар. Ал Босжыра – өзінің формаларымен таң қалдыратын шатқал. Миллион жылдар бұрын бұл аралдар немесе жер асты таулар болатын.

Маңғыстау бойынша саяхат – бұл табиғаттың әсем көріністері, дала, жусан иісі, жел, қырандар мен қарақұйрықтар, шатырдың ішіндегі түнеулер. Бұның барлығы ерекше атмосфераны тудырады – сен ғаламдық тарихты сезінесің және оның бір бөлігі боласың.

Маңғыстау бойынша саяхат – бұл табиғаттың әсем көріністері, дала, жусан иісі, жел, қырандар мен қарақұйрықтар, шатырдың ішіндегі түнеулер


Бұл турдың құны ұшып келуді санамағанда, шамамен 70 000 — 75 000 теңгені құрайды, оның ішіне Ақтауда бір күн қону және азық-түліктер кіреді.

Саяхаттың алдында өзімен бірге саяхатшының қалыпты жиынын алу керек: трекингтік бәтеңкелер, жеңіл жейделер, жылы іш киімдер, флиска, сулық күртеше, маңдай шамы, күнге күюден қорғайтын крем, күнге күйіп қалмау үшін ұзын жеңі бар жеңіл жейде, көзілдірік және бас киім.

Лейла 1.jpeg

Ұйықтайтын қаптар, шатырлар және басқа заттарды бізге Руслан берді.


Жоспарлар жайында


Сапардан кейінгі әсерім әлі сейілген жоқ. Туыстарым және достарым да осындай көрікті жерлерді көргенін қалаймын. Мүмкіндігім болса, Маңғыстауға қайтып келемін.

Сонымен қатар арманымды орындап, Непалға баруды қалаймын.


Мұрат Піржанов, 29 жаста, туған қаласы — Атырау, IT саласының маманы

Мурат Пиржанов.jpeg

Сапары жайында


2015 жылы біз достарымызбен алғаш рет Маңғыстауға бардық. Демалысымызды бұрыннан бері жоспарладық, жеке маршрутымызды құрдық. Тоқталатын жер жайында алаңдаған жоқпыз. Шатырдың ішінде қону, отқа тамақ пісіру, жабайы табиғат – біздің жақсы көретін нәрселеріміз.

Екі аптадан артық саяхаттадық, дегенмен көп жоспарланған жерлерге баруға үлгермедік.

Маңғыстау аймағы – бұл Жер үстіндегі Марс, көптеген саяхатшылар басқа планетаны елестететін ерекше ландшафтты көру үшін осында келеді.

Маңғыстау аймағы – бұл Жер үстіндегі Марс


Біздің жолымыз Айрақты алқабынан, Шерқала тауынан, Шақпақ Ата мешітінен, Ақтау маңындағы көгілдір айлағынан, Бекет ата жер асты мешітінен, Босжыра шатқалынан өтті.

Сапардың алдында өзіңіз саяхаттаймыз деп шешсеңіз киім-кешектердің, жабдықтардың қамын ойлау керек. Егер қонақ үйлер, тұрғын үйлер болмайтын алыс жерлерге барсаңыз, өзіңізбен бірге ұйықтайтын қаптар, каремат, ауыстыратын киімдер, суды, жәндіктерден қорғайтын дәрі-дәрмектерді алыңыз. Сонымен қатар егер көлікпен барсаңыз, жолсыздыққа дайын болуы керек, қосымша шинаның және басқа да қажетті құралдардың болуы маңызды.


Жоспарлар жайында


Шығыс Еуропа арқылы Грузияға, Түркияға және Балқан түбегіне бару жоспары бар. Оған қоса Шығыс Қазақстан мен Моңғолияға баруды қалаймын.


Ринат Ерғалиев, 34 жаста, туған қаласы — Ақсай, көлік маманы

Ергалиев Ринат 1.jpeg

Сапары жайында


2015 жылы біз достарымызбен Маңғыстау түбегі бойынша жол жүріп келуді шештік. Жолымыз Маңғыстаудың ең биік нүктесі – Адай-Ата Отпан тауы, Айрақты қамалдар алқабы, Шерқала тауы, Торыш шарлар конкрециялардың алқабы, Тамшалы құзы, Ақтау, Шопан Ата, Бекет Ата және Босжыра үстірті арқылы болды.

Отпан тау Адай-ата — шыңынан тамаша көрініс ашылатын тау.

Айрақты қамалдар алқабы – өзінің көрінісімен ғана әсер ететін таулар. Осы жердегі таулар мұнаралары бар қамалдарға ұқсайтындықтан, Қамалдар алқабы деп аталады.

Долина Шаров.jpeg

Шерқала тауы шатырды еске салады. Миллион жылдар бұрын табиғаттың әсерінен бұл таулар әдемі көрініске ие болды. Күннің батуынан қызыл түске енеді – бұл ұмытылмас әсер. Тауға жақын жерде Ақмыш алқабы, бұлақ бар. Біз достарымызбен бұлақтың көзін тазартып, қоқысты алып тастадық.

Айрақты қамалдар алқабы – өзінің көрінісімен ғана әсер ететін таулар


Торыш шарлар конкрециялардың алқабы – алқап бойынша миллиондаған шарлар орналасқан жұмбақ жер, олардың пайда болуы жайында көп даулар мен аңыздар жүреді. Сонымен қатар баурайының бірінде Түлекен әулие жер асты мешіті орналасқан, ол 17 ғасырда пайда болды.

Тамшал құзы – әсерлі жер. Жер қабаттарынан су ағады, сол су жиналып әрі қарай дала ортасында табиғи алқапты құрайды.

Каньон Тамшалы.jpeg

Форт-Шевченкода Т. Шевченко атындағы мұражайға бардық. Тарихи жазбалар, суреттер, экспозициялар көп мағлұмат береді. Сонымен қатар қалада «Иса-Досан» саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткіші орналасқан.

Үйге кәдесыйлардың орнына естелікке тарихқа дейінгі акулалардың тістерін, ұлу қабыршақтарын және ғажап формалары бар тастарды, барқандардан және Каспий жағажайынан құмды алып келуге болады.


Жоспарлар жайында


Біз шілде айында салмен өтуді, кейін Шығыс Еуропа және Шығыс Қазақстан бойынша саяхаттауды жоспарлаймыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.