Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/af9/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/piof29iu31wbzsvf2d11najogbty8p9v.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Мәди Рымбаев шығармашылығы мен жақында жарыққа шығатын әні туралы
1482

13.04.2024

Мәди Рымбаев шығармашылығы мен жақында жарыққа шығатын әні туралы

Қазақ музыка индустриясында өз орны бар Мәди Рымбаев бізбен өз жолын, өнер мен мәдениетке деген көзқарасын баяндап берді. Толығырақ осы материалда оқыңыз.


Мәди Рымбаев, Алматы қаласы, музыкант, орындаушы, саундпродюсер және әндердің авторы, @madirymbaev

Қазақстандық әнші Мади Рымбаев

Өз жолы туралы

Бәрі білетіндей отбасым өнерлі, сахнада жүрген адамдар. Өмірге келгеннен бастап өнердің айналасында жүріп, айналам тек музыка, шығармалық және сахна жұмыстары болды. Сол себептен, өзімді осы саланы көрейін деп бастау алдым. Анам музыкант, Әли ағам әнші болғандықтан емес, бұл толықтай менің арманым болды.

Өнер мен мәдениетке деген көзқарасым өте жақсы. Себебі, екі нәрсе әрдайым қатар жүреді және бір-біріне жақын болады. Мысалы, біздің жастардың өнеріне келсек, қазір қаншама жаңа есімдер, жаңа әндер көбейіп жатыр. Осындай жаңалықтар мені әрдайым қуантады.

Менің шығармашылығыма үлкен әсер еткен жанрлардан және әртістерден бөлек, ол оқыған мектебім. Мен Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатында оқыдым. Бізді алты жасымыздан бастап классикалық музыканы, литератураны үйретті. Мен ойымша, менің мектебім үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар, әртүрлі жанрдағы музыкаларды тындай бастадым. Плейлистімді көрсеңіздер, бұл жерде үлкен әншілердің диапазоны көп. Бір сөзбен айтқанда, барлық жанрдағы әндерді тындай беремін.

Шығармашылығы туралы

Әрбір адам, әрбір музыкант үшін жеке нәрсе. Барлық адамның ойы бір емес. Мен үшін ең қызықты нәрсе, ол музыка жазу процессі. Музыканы жазған уақытта, ерекше бір еркіндікті сезінесін. Жан дүниен, ойын, сезімің бәрі бір организм болып, жұмыс жасайтын болады. Мен үшін музыканың шығуы емес, әнді жаздырту ең керемет сезімдердің бірі деп айтсақта болады.

Біріншіден, ән жазуға адамдар шабыттандырады. Әрбір адамның өзінің бір саған берер ерекшеліктері болады. Ал музыкаға тоқталатын болсақ, мен әндерді тындап, шабыт аламын. Әр әндерден өзіме қажет әдістер мен идеяларды ұялы телефонымның ескертпеме жазып аламын.

Мади Рымбаев шығармашылығы туралы

Басында мен аранжировкадан бастаймын. Бұл қызық естілуі мүмкін. Ешқашан бір ережелер мен мотивтарды ұстанбаймын. Біріншіден, мен әуеннен басталады. Бірақтан, ән жазу процесім басқалар үшін дұрыс немесе бұрыс көрінуі мүмкін. Әуенің жазып болғаннан кейін, соған сүйеніп сөзін жазуға кірісемін.

Менің ойымша, менің жетістіктерім әлі алда сияқты. Осы уақытқа дейін мен бір үлкен жетістіктерге жеттім деп айта алмаймын.

Жаңа әні туралы

Кезекті мұңлы өлеңдердің бірі. Осы сәтке дейінгі менің ең шынайы, таза сезімдерден құралған болатын. Толығымен бәрі менің қолыммен, ойыммен жазылған ноталар. Ең басты ерекшеліктерінің бірі болып саналады.

Мади Рымбаев әртіс

Жоспарлар

Негізінде жоспарларыммен бөліспейтінмін және бөлісуге болмайды. Болашақта әнші ретінде жоспарлар көп. Ол туралы айтып қойсам, кейін орындалмау қалуы мүмкін. Бірақ осы жылдың басында өзіме және командама сөз берген болатынмын. Осы жылы 2-3 есе көп жұмыс жасаймын және дамып, сахналардан көп көрінемін деп уәде бердім. Өз шығармашылық жұмыстарымды өз қолыма алдым.

Кеңестер

Жаңа бастаушыларға айтарым, өзіңмен дос болу, еңбекқор болу, жұмыс жасау және музыкан тек жүректен шығатындай болсын. Сенің жазып жатқан әнің сені бақыт сезімін сыйлау керек. Сол кезде тындарман оны сезіп сені қолдайтын болады.

Мади Рымбаев жаңа ән

Меню

Істер

Қала 24

Шолу