facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
lybritaniyada-y-aza-standy-tardy-auymdasty-ruy-zh-ne-m-deni-s-sharalardy-yymdastyruy-zhayynda
logo
Ұлыбританиядағы қазақстандықтардың қауымдастық құруы және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруы жайында

21.06.2019

Ұлыбританиядағы қазақстандықтардың қауымдастық құруы және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруы жайында

Адия Уразбаева, 25 жаста, туған қаласы — Павлодар


Мен 2010 жылы Уэльстің ғажайып астанасы Кардифф қаласына бардым. Кардифф Университетіндегі медицина мектебінің жетістіктері, оқу ортасының бәсекеге қабілеттілігі, жақсы мұғалімдер жайында естіп, осында оқуға түсуді шештім.

Уэльстің табиғаты керемет, Еуропада үздік болып саналатын ежелгі қамалдары мен жағаайлары көп. Мысалы, Кардифф қамалы – Уэльстегі ең ескі ғимараты болып табылады, оның ішінде айналасында әдемі бағы бар мұражай орналасқан.

Ұлыбританиядағы қазақстандықтардың қауымдастық құруы және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруы жайында

Кардифф — өте жайлы қалашық, тұрғындары ашық және жылы ақкөңіл. Сүйікті жерлерімнің бірі – Bute саябағы, жақсы ауа-райы кезінде жергілікті тұрғындар жиі пикниктер ұйымдастырады.

Қызығы – регби Уэльстің ұлттық ойыны болып саналады. Жергілікті балалар кішкентайынан регби ойнауды үйренеді.

Бұл ел маған Қазақстанды еске салады. Осында да барлығы екі тілде жазылған: бізде орыс және қазақ тілінде болса, оларда уэльс және ағылшын тілінде. Кейбір өңірлерде бір тіл екіншісінен көбірек кеңге таралған.

Отандастарысымыз және достарымыз – Манарбек пен Арайлым тойларын Кардиффте өткізді, себебі бұл қала олардың махаббат оқиғасында үлкен рөл атқарады. Олар Қазақстанда болған кезде, достық қарым-қатынаста еді, университетіміздің магистратурасында бірге оқыды, кейін достық махаббатқа ұласты. Диплом тапсыру кезінде олар той салтанатын ұйымдастырды.

Ұлыбританиядағы қазақстандықтардың қауымдастық құруы және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруы жайында

Осында оқи бастаған кезде, біз, студенттер Кардифф қаласында қазақ қоғамдастығын құру қажеттілігін сездік. Себебі Отанынан тыс жерде тұрып жатқан әрбір адам туған жерін, жақындарын сағына бастайды. Біз де Кардиффте оқыған кезде,әсіресе, басында қолдауды қажет еттік. Сол себепті жастар қазақстандықтардың жиналып, бір-бірімен араласа алатын, өздерін Қазақстандағыдай сезінетін қауымдастық құруды шешті. Сол себепті 2011 жылы Cardiff Kazakh Society құрылды. Әлеуметтік желілерде KazAlliance in Wales деп аталамыз. Өткен жылдан бастап мен бұл қауымдастықтың президенті атандым.

Ұлыбританиядағы қазақстандықтардың қауымдастық құруы және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруы жайында

Қауымдастығымыздың мақсаты – қазақстандық студенттерді қолдап, пайдалы кеңестер мен идеялармен алмасу. Менің ойымша, бірге араласып, бір-бірімізге сүйеніш болу – жақсы идея.

Ұлыбританиядағы қазақстандықтардың қауымдастық құруы және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруы жайында

Қауымдастықта шамамен 30 қатысушы бар. Барлық қатысушылар әрқашан белсенділік танытып, іс-шараларға қатысатынын мақтан тұтамын. Оқу мерзіміне байланысты қатысушылардың саны жыл сайын өзгеріп отырады. Бізге кез-келген қазақстандық немесе Қазақстан жайында қызығатын адам қосыла алады.

Ұлыбританиядағы қазақстандықтардың қауымдастық құруы және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруы жайында

Уэльсте көбінесе қазақстандық орындарға жақын келетін қоғамдық орындарда кездесеміз. Мысалы, біз түрік мейрамханасын ұнатамыз, сол жерде бізді әрқашан қуынышпен қарсы алып, қонақжайлылық танытады.

Ұлыбританиядағы қазақстандықтардың қауымдастық құруы және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруы жайында

Бізде жақсы дәстүр бар – біз Кардифф Университетіне түскен студенттерді қолдау мақсатымен оқу жылының басында жиналамыз. Бұл кездесулерден бөлек, қазақстандық мейрамдарды тойлаймыз.

2012 жылы қазақ мәдениетін шетелде кеңге тарату аясында мәдени іс-шара өткіздік. Студенттеріміз қазақ әндерін салып, халық билерін биледі, әртүрлі ойындар өткізді. Іс-шара өте жақсы өтті және Кардифф қаласының тұрғындары жақсы әсер алғандарымен бөлісті. Келесі жылы көбірек халықты шықырып, бұл іс-шараны Елшіліктің қолдауымен өткізуді жоспарлаймыз.

Ұлыбританиядағы қазақстандықтардың қауымдастық құруы және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруы жайында

Халықаралық әйелдер күні мен Отан қорғаушылар күнінде бір-бірімізге сүйкімді сыйлықтар сыйлаймыз. Сонымен қатар KazAlliance in Wales Құрбан Айт мейрамын атап өтеді, мерекелік дастарханның басты тағамы – бешпармақ болады.

Ұлыбританиядағы қазақстандықтардың қауымдастық құруы және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруы жайында

Қазақстандық мерекелерді атап өткенде, әрқашан үйімізді еске аламыз. Отаныңнан тыс жерде тұрып, оқыған кезде, отандастарыңмен байланысты қолдау – өміріміздің маңызды бөлігі болып табылады.

Ұлыбританиядағы қазақстандықтардың қауымдастық құруы және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруы жайында

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.