facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/8a9/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/8a9421c8030c7928afd251f7f2961654.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
londonda-alay-stipendiya-alu-a-bolady-zh-ne-alay-lybritaniyany-e-ta-dauly-o-u-ornyny-student-atanu-a-bolady
logo
Лондонда қалай стипендия алуға болады және қалай Ұлыбританияның ең таңдаулы оқу орнының студенті атануға болады

03.12.2019

Лондонда қалай стипендия алуға болады және қалай Ұлыбританияның ең таңдаулы оқу орнының студенті атануға болады

Динара Бекмагамбетова, 26 жаста, туған жері — Атбасар, журналист, @i.am.booked


динара (2).jpg

ЖОО таңдауы жайлы


Мен 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірдім. Қаржы баспаларында жұмыс істедім. Кейін Ұлыбритания үкіметінің Chevening стипендиялық бағдарламасына құжаттар тапсырдым.

Мен Financial Journalism-нің ерекше бағдарламасы арқылы City University of London-ды таңдадым. Бұл жерде журналистерге қаржылық тақырыптарды жазуда көмектесетін дағдыларды береді.

динара (4).jpg

City University of London британдық журналистер арасында қатты бағаланады. Бұл жерде түлектердің 86 % жұмыспен қамтамасыз етеді. Оқу орнының басшылары әрдайым жұмыс берушілермен кездесулер ұйымдастырып тұрады. Түрлі стажировкаларға құжаттар тапсыруға көмектеседі.

Университетке түсуі жайлы


Chevenin бағдарламасының шарттары бойынша үш университетке түсіп, оның біреуін таңдау керек. МенCity University of London, Cardiff University, University of Westminster университеттеріне түстім.

Университетке түсу үшін транскрипт пен бакалаврды бітіргенінді растайтын диплом қажет. Барлық университеттің шарттары әртүрлі. Бастысы бакалавр бітірген университеттің деңгейі британдық университеттің деңгейіне сәйкес келуі керек.

динара (1).jpg

Халықаралық студенттерге IELTS керек. Менің мамандығым бойынша ең кіші деңгей — 7,5. Writing бойынша кемінде 7 балл алу керек.

Тәжірибе кез-келген магистратура үшін маңызды. Түсу кеінде кемінде екі мақаланның көшірмесін әкелу керек.

Сондай-ақ университет сұхбаттасу ұйымдастыруы мүмкін. Қазіргі ұстазым менің болашаққа деген жоспарым туралы сұрақтар қойған.

Университеттегі оқу жайлы


Магистратураның 70% өзіңдік жұмыстардан тұрады. Британдық университеттердегі білім жүйесі студенттің оқу уақыты кітапхана мен зерттеу жұмыстарының барысында болатындай жасалған.

Менің оқуым қарқынды. Оқу тек 10 айға жоспарланған, сондықтан мен күнде оқимын.

Мамандығым практикалық тапсырмаларға дағдыланған. Біз жаңалықтар жазамыз, эксклюзивті сұхбаттар аламыз.

динара (3).jpg

Әлемде болып жатқан оқиғалар біздің оқу барысымызға әсерін тигізеді. .

Кеңестер


Өз күштеріңізді сынап, Chevening бағдарламасына құжат тапсыруларыңызға кеңес беремін.

Оқуыңызды өзіңіз төлей алмасаңыз, бұл бағдарлама Ұлыбританияда оқуға үлкен мүмкіндік береді.

Оксфорд пен басқа әлемнің әйгілі университеттеріне талпынудың қажеті жоқ. Әр университет белгілі бір мамандыққа бағытталған. Оқу орынды мамандықтың рейтингісіне қарап таңдайды. Олар The Guardian сайты мен арнайы баспаларда бар. Сондай-ақ жұмысқа орналастыру көрсеткіштеріне қарау керек.


Айгерим Толеген, 26 жаста, туған жері — Щучинск, қаржы маманы, @kanafina_a


айгерим (2).jpeg

ЖОО таңдауы туралы


Университет таңдауымда ағам көмектесті. Ол сол кезде Лондонда оқыды.

Университетке түсуі жайлы


Ұлыбританияның ең үздік университеттеріне түсу үшін колледжде foundation-курсын өту керек. Бұл бакалавриатта оқитын оқу орында таңдауға мүмкіндік береді. Мен City университетінің INTO City University London сұраныс жібердім. Бұл Ұлыбританияның ең үздік 5 бизнес-мектебіне кіретін Cass Business School түсуге мүмкіндік берді.

Біз конкурстан өту арқылы жартылай стипендия алу мүмкіндігі туралы білдік. Мен мектептегі барлық табелімді жібердім. Құжаттарды жинап, эссе жаздым. Аз уақыт ішінде оң жауап алдым.

айгерим (3).jpeg

Бакалавриатқа түсу үшін жоғары балл алу керек. Үміткерлер көп болды. Сондықтан кемінде бес университетті қарастыру керек.

Құжаттардан аттестат, медициналық анықтамалар, IELTS нәтижесі және виза ашуға керек қағаздар.

айгерим (4).jpeg

Барлық құжаттар таңдалған оқу орындарына жіберіледі. City University Cass Business School колледжінің Banking and International Finance факультетіне түстім.

Университеттегі оқу жайлы


Қаржыгерлер үшін қаржы орталығында оқу маңызды. Әр университетте студенттік өмірдің қызықтары бар.

айгерим (1).jpeg

Мен Kazakhstan Student Society in the UK ивент-офицері болдым. Біз Ұлыбританияда тұратын қазақстандықтарға арналған спорттық, әлеуметтік, ұлттық мерекелер ұйымдастырдық. Қайырымдылыққа ақша жинадық.

Кеңестер


Демалыс кезінде барлық Еуропаны аралауға болады.

Лондон — өзімді студент ретінде таңытып, карьералық жолымды бастаған әлемнің ең керемет қаласы.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.