Шымкенттік Әлиасқар Сатылды Германиядағы өміріміне, қалай оқуға түскендігімен бөлісті, сондай-ақ логистика саласындағы әлемдік көшбасшы саналатын компанияға қалай жұмысқа тұрғанын айтып берді.
Әлиасқар Сатылды, 21 жаста, қаласы — Прага, DHL-да Data Analytics Auditor, @alli_askar
Қоныс аударуы туралы
Мен Шымкент қаласында дүниеге келдім. 2018 жылы мектепті бітіргеннен кейін Германияға Constructor University-ге оқуға тапсырдым. Бұл Бремен қаласында орналасқан америкалық университет. Мен онда өнеркәсіптік инженерия және менеджмент, сондай-ақ халықаралық бизнесті оқыдым. Тіпті университет сайтында мен туралы қызықты мақала бар.
Жаңа өмірге бейімделу және қиындықтар туралы
Германиядағы иммигранттар жиі тап болатын проблемалар:
— Тілдік кедергі. Неміс тілі жұмыс іздеуде, оқу және әлеуметтік бейімделуге қажет болуы мүмкін. Ал неміс тілін білмейтін иммигранттар үшін қарым-қатынас жасау, интеграциялану қиын болуы ықтимал. Менің жағдайымда бұл кедергі болмады, өйткені университетте негізгі қарым-қатынас тілі ағылшын тілі еді.
— Мәдени шок. Мәдени айырмашылықтар оқшаулану мен күйзеліс сезімін, түсінбеушіліктерді, қақтығыстарды және әлеуметтік бейімделудегі қиындықтарды тудыруы мүмкін. Мысалы, Германиядағы адамдардың тамағы, өмір салты, дүниетанымы Қазақстандағыдан мүлде бөлек.
— Тұрғын үй мәселесі. Тұрғын үйге сұраныс өте жоғары. Олардың бағасы иммигранттарға пәтер табуды қиындатады, әсіресе егер олар елге енді келсе және тұрақты табыс көзі болмаса.
— Жұмыс. Германия Еуропадағы жетекші елдердің бірі болса да, иммигранттар үшін жұмыс табу қиын болуы мүмкін, әсіресе олардың арнайы дағдылары немесе тіл білмесе. Жұмыс мәдениеті мен дағдыларға қойылатын талаптарда да айырмашылықтар болуы мүмкін.
Мен Германияға алғаш келгенімде әлі кәмелеттік жасқа толмаған едім. Менде осыған байланысты менде қосымша қиындықтар туындады. Мысалы, мен банк шотын ашқым келгенде ата-анамнан рұқсат және тағы қосымша нәрселер талап етілді. Бірде олардың Шымкенттен Алматыға құжаттарға қол қоюға барғаны есімде.
Бремен тұрғындарының көпшілігі ағылшын тілін білмейтіндіктен, кампустан тыс жерде адамдармен сөйлесу қиын болды. Кейде айтқым келген нәрсені түсіндіру үшін «цирк» ойнауға тура келетін. Бірақ мен жиі қолданылатын неміс сөздері мен сөз тіркестерін үйренгеннен кейін жағдай өзгерді.
Германияның маған ең ұнайтын тұстары:
— Қоршаған ортаға, экологияға қамқорлық, тазалық. Қалалар мен ауылдар таза әрі күтім көрген.
— Өмір сүру деңгейінің жоғарылығы. Германия — дамыған елдердің бірі. Бұл тұрғын үй сапасы, қоғамдық көліктің дамуы, медициналық көмектің қолжетімділігі және өмірдің басқа да аспектілерінен анық байқалады.
— сыпайылық пен сыйластық.
Иммигранттарға неміс тілін үйренуге кеңес беріер едім. Бұл жаңа елдегі мәдениет пен күнделікті өмірге тез бейімделуге көмектеседі. Белсенді болыңыз: проблемалардың алдын алу үшін әрбір келесі қадамды жоспарлаңыз. Мысалы, егер сіз жұмыс іздеп жатсаңыз, процесті кем дегенде бес ай бұрын бастаңыз. Көлік жүйесін, қозғалыс кестесін және қоғамдық көлік түрлерін зерттеңіз. Онлайн карталар мен навигаторларды пайдаланыңыз. Бюрократияға дайын болыңыз.
Германияда қалай жұмыс іздеуге болады
Университеттегі бірінші семестрдің басында студенттік өмірімді өзгерткен оқиға болдыОқудағы жетістіктеріме және үлгеріміме байланысты мені түлектердің оралуына шақырды. Университетіміздің атынан қатысып, барлық түлектермен сөйлесу мүмкіндігіне ие болды. Табысты адамдармен танысқаннан кейін солар сияқты боламын деп мақсат қойдым.
Нәтижесінде бірінші семестрден кейін жұмысқа орналастым. Университетті бітіргенше профессордың көмекшісі болып жұмыс істедім. Үшінші курста маған DHL компаниясынан Бонн қаласындағы штаб-пәтерде жаһандық операциялар стратегиясы бойынша талдаушы-стажер ретінде жұмыс істеу туралы ұсыныс түсті. Мен келістім, бірақ профессордың көмекшісі қызметін қатар алып жүрдім. Тағылымдаманы сәтті аяқтағаннан кейін Бременге оралып, диплом алдым. Содан соң батылданып, E-Commerce саласында бизнес бастадым. Оған қоса, мен біраз уақыт болашағы зор стартаппен жұмыс істедім. Ақырында тағдыр мені қайта DHL-ге әкелді, бірақ бұл жолы компания маған тұрақты жұмыс ұсынды. Содан бері мен Прагада деректер аналитикасының аудиторы болып жұмыс істеймін.
Келесі дағдыларды игеруге кеңес беремін:
— Техникалық білім. Бағдарламалау, информатика, математика, механика және басқа да техникалық дағдыларды білу сізге технология немесе ғылым саласында жұмыс табуға көмектеседі.
— Икемді дағдылар Soft Skills маңызды. Олар сізге көптеген мүмкіндік береді.
— Уақытты басқару және тапсырмаларға басымдық беру мүмкіндігі
— Соңғысы, дегенмен маңыздысы: сенімділік — табысқа жетудің кілті.
DHL-де жұмыс істеу туралы
Мен қазір DHL үшін деректер талдауының аудиторы болып жұмыс істеймін. Бұл компания логистика саласында әлемдік көшбасшы саналады.
Мен жаһандық компанияның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Біздің команда АҚШ, Сингапур, Германия және Чехия сияқты әлемнің әртүрлі елдерінде жұмыс істейді.
Маған біздің жай ғана әріптес еместігіміз, яғни дос ретінде жақсы араласып, бірге көңіл көтеретініміз ұнайды.
Қоныс аудару қалай әсер етті
Басқа елде тұру маған көп нәрсені үйретті. Мен өз бетіммен шешім қабылдауды үйрендім, батыл, көпшіл, ізденімпаз бола бастадым.