Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Әлі күнге дейін қолданылатын қазақтың 15 тұрмыстық бұйымы
12289

23.05.2017

Әлі күнге дейін қолданылатын қазақтың 15 тұрмыстық бұйымы

БІЗ ата-бабаларымыз қолданған, алайда бүгінгі таңда өзінің өзектілігін жоймай, әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан 15 тұрмыс заттарын таптық.

6.jpg


— бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек


5.jpg


— тақия — түркі халықтарының ерлер мен әйелдер бас киімі. Бүгінде тек ер адамдар киеді


1.jpg


— ағаш ыдыстар — ұлттық оюмен өрнектеліп, ағаштан ойылып жасалған ыдыс, қазіргі кезде етке арналған ағаш астаулар үлкен танымалдыққа ие


13.jpg


— қамшы — бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Қазір көбінесе интерьер элементі, кәдесый немесе сыйлық ретінде қолданылады


15.jpg


— шапан — ерлердің ұлттық киімі. Қазір, әдетте, тойда, құдалық пен мерейтойларда сыйға тартылады. Сондай-ақ, көптеген отандық дизайнерлер қалада тұратын заманауи тұрғындардың арасында танымалдыққа ие болып келе жатқан шапанның өзіндік үлгілерін ойлап табуда


12.jpg


— жер үстел — қысқа аяқтары бар қазақтың дөңгелек үстелі


11.jpg


— үкі — үкінің қанаты, домбыра мен автокөліктің салонына тағылады. Қазақтарда үкі қасиетті құс саналады


7.jpg


— сандық — бүгінгі күні, әдетте, әжелер мата, киім мен қымбат бұйымдарды сақтайтын ағаштан жасалған тұрмыстық бұйым


3.jpg


— сәукеле — қыз баланың ұзату тойында киетін бас киімі


9.jpg


— білезік — металл немесе сүйектен жасалған сақина түріндегі білекке тағылатын сәндік бұйым


4.jpg


— жүзік — үлкен әшекейлі сақина. Бұрын әйелдер де, ерлер де жүзік таққан болса, қазір тек әйелдер тағады


10.jpg


— мәсі — ерлер мен әйелдердің ұлтаны жалаң және артқы бөлігі қатты теріден жасалған етік. Оларды біздің ата-әжелеріміз жиі киіп жүреді

14.jpg


— тұмар — былғары бөлігінің ішіне Құраннан алынған үзінділер жазылған бұйым


2.jpg


— алтыбақан — Наурыз мейрамын тойлау кезінде қала алаңдарынан көруге болатын алты бақаннан тұратын әткеншектер


8.jpg


— құрақ көрпе — қыз жасауына кіретін немесе дөңгелек қазақ үстеліне қонақтарды жайғастыру үшін еденге төселетін құрақтан тігілген көрпе.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу