Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Екатеринбург қаласының қазақтары не себепті Қазақстанда өздерін үйіндегідей сезінеді
4886

14.04.2019

Екатеринбург қаласының қазақтары не себепті Қазақстанда өздерін үйіндегідей сезінеді

Диана Абишева, 26 жаста, туған қаласы — Омбы, жетекшінің көмекшісі


Диана.jpg


Өзі жайында


Мен 2016 жылы Омбыдан Екатеринбург қаласына көшіп келдім, мені осында жұмыс бойынша шақырды.


Екатеринбург қаласындағы қазақ диаспорасы жайында


Екатеринбург қаласында қазақтар көп, бірақ мен көшіп келген кезде, екі жыл ішінде біреуін де кездестірген жоқпын. Олар осында мүлдем жоқ деп ойладым.

Омбыда көп қазақтар тұрады, бұл маған жетіспеді, со себепті мен Вконтакте желісінде «Казахи в Екатеринбурге» парақшасын құруды шештім. Қазірде сол парақшада 1400 адам бар. Бұл топтың арқасында «Казахи Екб» деп аталатын қазақ жастар ұйымы құрылды. Біз іс-шараладры, сауық кештерді жиі ұйымдастырамыз, бешпармақ әзірлейміз, бауырсақтар пісіреміз. Оған қоса Құрбан айт мейрамын өткіздік – барлығына ұнады, көп халық жиналды. Біз табиғатқа шығып, ет пісірдік және бір-бірімізбен араластық.

Біз іс-шараладры, сауық кештерді жиі ұйымдастырамыз, бешпармақ әзірлейміз, бауырсақтар пісіреміз


Диана2.jpg

Сауық кештеріміздің ерекшелігі – бұл кездесулерге тек қана қазақтар келеді. Біз клубты жалдаймыз, шақыруларды таратамыз, ас-шәй әзірлейміз. Бұндай сауық кештердің мақсаты – қазақтар бір-бірімен танысып, тіпті жұп болып, отбасы құра алатындай орта құру. Біздің кештер көптеген адамдарға екінші жартыларын табуға көмектеседі.

Сонымен қатар бізде волейбол командасы бар. Екатеринбург қаласында әртүрлі ұлт өкілдері арасында жарыстар өткізу жоспарымыз бар. Кейін Түмен, Челябі сияқты жақын жердегі аудандарға шығып, жергілікті қазақтармен ойнауды қалаймыз. Бұл қызықты болар еді.

Мен қазақ тілін жақсы білмеймін, бірақ Екатеринбург қаласында қазақ тілі мен салт-дәстүрлерді жақсы білетін жастар бар.


Қазақстан жайында


Біз Екатеринбургте қазақша әндерді тыңдаймыз, қазақ кинематогафиясымен қызығамыз. Мысалы, жақында мен «Инстаграмщица» фильмін көріп шықтым.

Диана3.jpg

Ресейлік қазақтар салт-дәстүрлерінен алшақтап, тілін ұмытып жатыр. Ал Қазақстандағы қазақтар өздерінің тарихын сақтауға тырысады.

Мен Қазақстанда ешқашан болған емеспін, бірақ барып келуді қалаймын. Бір кездері менде Астанаға көшу арманы болды.


Нурумов Булат, 32 жаста, туған ауылы — Зори, бас аспазшы


Булат4.jpg

Өзі жайында

Мен 11 жыл бұрын Оренбург қаласынан Екатеринбургке көшіп келдім. Өз ісімен айналысуды шештім, шағын киоск аштым, қазірде сол жерде тамақ әзірлеймін.


Екатеринбург қаласындағы қазақ диаспорасы жайында


Осында қазақтар аса көп емес, олар тіпті көрінбей жүреді. Негізінен, Қазақстаннан студенттер келеді, осында оқып, қайтып кетеді. Менде Ресей ТЖМ Мемлекеттік өрттен қорғау қызметі бойынша Орал институтына келіп түсетін таныстар көп. Бұның арқасында мен Астана, Алматы, Шымкент және Петропавл қалаларынан келген көп жақсы адамдармен таныстым.

Булат2.jpg

Кейбір кезде Екатеринбургте қазақтар отбасыларымен жиналады. Студенттер волейбол, футбол ойнайды, іс-шаралар ұйымдастырады. Біз Наурыз мейрамын атап өтеміз. Мен, негізінен, біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға келетін қазақтармен кездесемін. Кездесулер мен дискотекаларға сирек барамын, оған уақытым жоқ, себебі мен жұмысбасты адаммын.

Мен Ресейде, Оралда тұруға үйрендім – осында өзімді жайлылырақ сезінемін. Бірақ өз туған тегімнен бас тартпаймын. Менен ұлтымды сұраған кезде, қазақпын деп жауап беремін. Осында Қазақстаннан келетін жастарға көмектесуді қалаймын.

Осында Қазақстаннан келетін жастарға көмектесуді қалаймын



Қазақстан жайында


Мен бала кезімнен Роза Рымбаеваны білемін және әлі күнге дейін оны тыңдаймын. Кейбір кезде Қайрат Нұртасты қосады. Менімен бірге қазақстандық жігіт жұмыс істейді және ол қазақ әндерін тыңдауды жақсы көреді, мені осы мәдениетпен таныстырады.

Менің ойымша, Ресейдегі қазақтар Қазақстандағы қазақтардан ерекшеленеді. Қазақстандағы қазақтар әлдеқайда сақ болады. Мүмкін, осында қонаққа келіп, өздерін ыңғайсыз сезінетін себептен шығар. Бұның өзінде олар жылы шырайлы, көпшіл болып келеді.

Булат3.jpg

Мен Қазақстанға бір рет бардым, Орал қаласында болдым. Екатеринбургтан кейін Орал қаласы кішкентай аудан ретінде көрінді. Мен келген кезде, балалық армандарым орындалмағанын түсіндім. Мен әрқашан Қазақстанға баруды қаладым, бірақ оны басқаша елестеттім. Кейін, достарым Алматы мен Астананың суреттерін көрсеткен кезде, Қазақстанның көрікті жерлерін көру үшін, сол жерлерге бару керек екенін түсіндім.

Мен Қазақстанға көшіп кетуді қаламайтын едім. Сол жерде өзімді таба алмай, барлығын басынан бастауға тура келетін жағдайдан қорқамын. Бірақ қонаққа барар едім. Мүмкін, бір кезде Қазақстанға барып, Астанаға немесе Алматыға келемін де, сол жерлерге ғашық болып, тарихи Отаныма оралатын шығармын.


Рустам Бексултан, 35 жаста, туған қаласы — Ирбит, сату бойынша менеджер


Рустам.jpg

Өзі жайында


Мен Екатеринбург қаласында 17 жасымда университетке оқуға келгеннен бастап тұрып жатырмын. Мен Екатеринбургтан 200 километр жерде орналасқан Ирбит қаласының тумасымын және ата-анам әлі де сол жерде тұрып жатыр.


Екатеринбург қаласындағы қазақ диаспорасы жайында


Екатеринбургкте қазақ жерлестіктері бар. Сонымен қатар «Казахи в Екатеринбурге» деген жастар қауымдастығы бар. Жастар сауық кештерді, табиғатқа шығу сапарларын, спорттық шараларды өткізеді – бұл қызықты. Жастар барлық мейрамдарды қолдап, осында тұратын қазақтарды біріктіруге тырысады.

Жастар барлық мейрамдарды қолдап, осында тұратын қазақтарды біріктіруге тырысады


Өткен жылдың тамыз айында Диана Абишева бір іс-шараны ұйымдастырды. Көп жастар жиналды, біз жақсы уақыт өткіздік.

Рустам2.jpg

Біз Наурыз мейрамын білеміз, бір-бірімізді құттықтаймыз. Сонымен қатар Құрбан айтты атап өтеміз, Ораза ұстаймыз. Жыл сайын қонақтарды шақырып, дастархан жаюға тырысамыз. Той жасасақ, барлық қазақ салт-дәстүрлерді сақтаймыз. Соңғы он жылда тойды қазақ салт-дәстүрлері бойынша өткізу үшін, жүргізушіні Қазақстаннан шақыру сәнге айналды.

Мен қазақ тілінде өз ойымды жеткізе аламын, барлығын түсінемін. Менің ата-анам қазақ тілін менен жақсырақ біледі.

Мен қазақ жігіттердің тек қазақ қыздарына үйленгенін қолдаймын. Салт-дәртүрлеріміз бен мәдениетімізді сақтау керек деп санаймын.


Қазақстан жайында


Қазақстанда соңғы рет өткен жылдың мамыр айында болдым. Таяудағы мамыр айында болатын мейрамдар кезінде, достармен қайта барып келу жоспарымыз бар.

Менің көп туыстарым Қазақстанның Қостанай облысында, Астанада, Көкшетауда тұрады. Әсіресе маған Астана ұнады – әдемі және қызықты қала. Мен Астанада соңғы рет болған кезде, өз жерімде екенімді сезіндім. Айналамда қазақтар және қазақ тілі болды.

Қазақстанға көшіп кету қызық болар еді. Менде көшіп кеткен және бұл жайында еш өкінбейтін таныстарым бар.



Меню

Істер

Қала 24

Шолу