facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/cac/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/cac4c71175c8fa3b5e42a0b80b2c79fc.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
lemdeg-e-bedeld-zho-ary-o-u-oryndaryny-b-r-nde-o-y-an-3-aza-standy-ty-g-mes
logo
Әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірінде оқыған 3 Қазақстандықтың әңгімесі

15.07.2022

Әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірінде оқыған 3 Қазақстандықтың әңгімесі

Шырмауық лигасына кіретін және әлемдегі ең үлкен мегаполис Нью-Йорк қаласында орналасқан, ең беделді ЖОО — Колумбия университетінде қалай білім алғаны туралы қазақстандықтардың 3 әңгімесі.


Ердос Мендыбаев, Алматы қаласы, кәсіпкер, facebook


колумбийский университет



Университет таңдау және оқуға түсу туралы


2000 жылдардың басында менің көптеген достарым «Болашақ» бағдарламасы немесе Эдмунд Маски шәкіртақысы бойынша шетелге оқуға кетті. Мен де әртүрлі бағдарламаларға бірнеше рет тапсырып көрдім, бірақ қажетті ұпай жинай алмадым. Біраз уақытқа оқуға түсу жоспарын тастап, Әзірбайжанда мұнай саласында жұмысқа кірістім. Бірде теледидардан Гарвардта оқыған қазақтармен болған бағдарламаны көріп қалдым. Осыдан соң тағы да бағымды сынап көргім келді, тапсырамын деп шештім.

Әр бос минутымды ағылшын тілін үйренуге жұмсадым, оқуға қарқынды түрде дайындалдым. Мен «Энергетикалық экономикалық саясат» бағдарламасы болған Гарвард және Колумбия университеттеріне құжат тапсырдым, осымен қатар «Болашақ» бағдарламасы арқылы да құжат тапсырдым. Нәтижесінде мен Колумбия университетіне «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқуға түстім.

АҚШ-та магистратура — ​​бұл қызмет саласын өзгертуге, қалаған мамандыққа ие болу мүмкіндігі. Сондықтан, үздік бағдарламалар үміткерлерді таңдау кезінде сіздің тәжірибеңізді ескереді. Оқуға қабылдау кезінде өндірісте жұмыс барысында жинаған тәжірибем басқа студенттерге пайдалы болғандықтан, мені оқуға бірден қабылдады.

Оқудағы ерекшеліктері туралы

Оқу барысында маған, тренинг бағдарламасын өзіміз жасағанымыз ұнады. Университет әкімшілігі тіпті басқа факультеттердің курстарын да өтуге кеңес берді. Мысалы, мен өткен барлық курстардың ішінде болашақта маған керек болғаны бейіндік курс емес, ұйымдастыру психологиясы болды. Сондай-ақ мен, Wine tasting таңдау пәнін алдым, оны Wine&Spirits Magazine журналын бас редакторының орынбасары жүргізді.

Мен мұндай жерде оқуға алдын ала дайындықпен келу керек


Мен мұндай жерде оқуға алдын ала дайындықпен келу керек екенін түсіндім. Егер оны ертерек білсем, Колумбия университетінде алтын уақытты жоғалтпас үшін Қазақстанда негізгі курстарды өтіп, мұнда тек экономика, математика және статистика бойынша тереңдетілген курстарды оқитын едім. Сондай-ақ джаз курсын оқығым келген.

Сабақ барысында профессормен белгілі тақырыпты тең дәрежеде талқылай алу мүмкіндігіне ие болу үшін, біраз әдебиеттерді оқып, дәрістерге үлкен дайындықпен келу керек екеніндігі таң қалдырды.

Колумбия университетінде білім беру әдістері кең ауқымды. Профессорлар өз ісіне адал, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, білімдерін студенттерге жеткізуге барынша тырысады. Олардың арасында көптеген Нобель сыйлығының лауреаттары да бар.

Сонымен қатар, университетке сырттан келген танымал қонақтар көп шақырылады. Мысалы, спикерлер түскі үзіліс кезінде де дәріс оқуы мүмкін. Профессорлардың барлығы бізбен өз тәжірибесімен бөлісу үшін, дәрістеріне белгілі бір кәсіпкерді шақырады.

Колумбия университетіндегі атмосфера


Колумбия университетінің ерекшелігі, ол үлкен көпұлтты қала – Нью-Йоркте орналасқандығы. Сіз мұндайды басқа жерде кездестірмейсіз.

Колумбия университетінің ерекшелігі, ол үлкен көпұлтты қала — Нью-Йоркте орналасқандығы

Әркім өз жұмысымен айналысса да, біз бір-бірімізге көмектестік. Күшті бәсекелестік сезінбедім. Көптеген халықаралық студенттермен танысып, Жапониядан достарым көп болды.

Университеттен не үйрендім

Университет маған тынымсыз ізденуді, жаңа дағдыларды игеруді үйретті. Оқу барысында мен әлемге ашық, көпшіл, сабырлы, толерантты болуды үйрендім. Бірден, Нью-Йорктегі барлық мұражайларды аралап, импрессионистерді ұнаттым. Әлемдік мәдениет тұрғысынан ой-өрісімді кеңейтіп, опера өнерін бағалай бастадым.

Мен әртүрлі елдердегі басқа университеттердің кампустарында болдым, және әр жерде өзіндік ерекше атмосфера, рух бар. Мысалы, Гарвард студенттерінің көзі жанып тұрса, MIT студенттері жұлқынып тұрады, Принстондаға кампуста көптеген өнер туындылары бар, Стэнфордта азиялықтар көп оқиды, Берклиде еркіндік рухы айқын сезіледі. Ал Колумбия университетін Нью-Йорктен бөлек қарастыруға болмайды – ондағы өмір ерекше қарқынды.


Шолпан Пірімбетова, Алматы қаласы, facebook


я учился в Columbia University

Университет таңдау және оқуға түсу туралы

Мен, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын бітірдім, заңгерлік және қаржылық білім алдым. Провизор болып жұмыс істедім, Шымкент қаласында фармацевтикалық қызметті лицензиялаумен айналыстым. Сонымен қатар, Қазақстандағы іскер әйелдер қауымдастығы аясында біз қоғамдық жұмыстармен айналыстық — БҰҰ халық қорының репродуктивті денсаулық жөніндегі жобасымен айналыстық, сонда мен қоғамдық жұмыстарға жақын екенімді түсіндім.

Ол кезде Қазақстанда бұл салада білім беретін бағдарламалар мен университеттер болған жоқ. Сондықтан мен шетелде әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша магистратураға бірнеше рет құжат тапсырдым. Менің тәжірибем жақсы болды, алайда ағылшын тілім онша емес болғандықтан, бірінше рет түсе алмадым. Ал екінші жылы мені күту парағына тіркеді. Үшінші рет тапсырғанымда екі университетке бірақ түстім. Нью-Йоркте орналасқандықтан және Шырмауық лигасына кіретіндіктен мен, Колумбияны таңдадым. Бұл университетте әлеуметтік жұмыстың күшті базасы бар. Сонымен қатар, Нью-Йоркте көпұлтты мәдениет, әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған студенттер көп.

Оқудағы ерекшеліктері туралы


Магистратурада оқудың басты ерекшелігі — пікірталас жүргізе білу деп ойлаймын. Бізге, посткеңестік кеңістіктегі елдерден келген иммигранттарға қайта құру және танымал профессормен айтысу, оның пікіріне күмән келтіре қарау қиындық тудырды. Алғашында жазбаша онлайн талқылауларға қатыса алдық. Ал үшінші семестрден бастап талқылауға белсене қатысып, өз ойларымызбен бөлісіп, сұрақ қоя бастадық.

Мұнда барлық профессорлар сұрақтарға жауап беруге дайын. Мен көптеген регалияларға қарамастан, олармен ашық сөйлесудің қаншалықты оңай және қарапайым екеніне таң қалдым.

Барлық профессорлар сұрақтарға жауап беруге дайын болды


Бірінші күннен бастап біз тәжірибеден өту үшін агенттік немесе ұйымды таңдадық. Ал сабақта үйренгендеріміздің барлығы іс жүзінде жүзеге асырдық. Оқуды бітіргеннен кейін білім ғана емес, тәжірибе де алып шықтық.

Бізге тек оқумен ғана емес, сонымен бірге мүмкіндікті пайдаланып, мұражайларға, спорттық шараларға баруға кеңес берді. Колумбия университетінің студенттері үшін көптеген жерлерде үлкен жеңілдіктер болды.

Колумбия университетіндегі атмосфера

Колумбия университеті — американдықтардың өздері үшін де беделді оқу орны. Курстастарымыз танымал, ауқатты отбасынан шыққан болса, өздерін өте қарапайым ұстайтын. Бұл ретте университетте аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге квота қарастырылған.

Колумбия университеті — беделді оқу орны, соның ішінде американдықтар үшін де


Жыл сайын университет аумағында мемлекеттердің бірінші басшылары қатысатын Әлемдік көшбасшылардың форумы өтетін. Біз бұл шараға қатысуға, талқылауларға қатысуға және кез келген сұрақтарды қоюға мүмкіндігіне ие болдық.

Мәдени шаралар жиі өткізіліп тұратыны да қызықты болды. Қазақстан туралы сөз қозғап, еліміз туралы айтып беретінбіз.

Университеттің инфрақұрылымы оқуға қолайлы жасалған. Кампуста тәулік бойы жұмыс істейтін керемет кітапхана, барлық жерде Wi-Fi, шамдар, сауда автоматтары бар.

Университеттен не үйрендім

Мен үлкен көлемдегі тапсырмаларды орындау үшін уақытты басқаруды үйрендім. Бірдеңе түсініксіз болса сұрақ қоюдан қорықпау керек екенін түсіндім. Коммуникативті дағдылар, жаңа нәрселерді білу, практикалық тәжірибе жинақтадым. Ең жақсы бонус — бұл саясаттау мүмкіндігі болды.


Айжан Темербаева, 30 жаста, Алматы қаласы, Қарағанды техникалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, linkedin


учеба в Нью-Йорке

Университет таңдау және оқуға түсу туралы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде магистратурада оқыдым. Осы кезде Қазақстанға Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов келіп, тұрақты даму саласындағы студент-магистранттарға арналған бағдарлама іске қосылған кезі.

Қатысу үшін — ағылшын тілін білу, мотивацияның болуы, қазақстандық бағдарламаны Колумбия университетінің бағдарламасымен ұштастыруға керек болды. Өтініш берушілер көп болды, бірақ түрлі облыстар мен басқа факультеттер ден жиналған 20 үміткер ғана іріктелді.

Бағдарламаның барлығына университет демеушілік жасады, біз оқуды бітіріп, бағдарламаны аяқтағанымыз туралы сертификатты тегін алдық. Бұл бағдарлама әлі де бар.

Оқудағы ерекшеліктері туралы


Алғашқы алты айда біз Қазақстанда болған кезде онлайн дәрістерге қатыстық. Кешке де, түнде де оқуға тура келді. Дәрістерді, қазіргі Колумбия университетіндегі Тұрақты даму орталығының директоры Джеффри Сакс жүргізді. Осыдан кейін біз Нью-Йоркке жол тарттық.

Мен үшін АҚШ-тағы студенттердің дербестігі үлкен жаңалық болды. Колумбия университетінде оқытушылар мен студенттер үшін жоғары академиялық еркіндік бар. Әркім өзі үшін жауапты, бағдарламаны алдын ала ойланып, курстарды, мұғалімді, қолайлы уақытты таңдайды. Студенттер жеке жетістіктерін өздері бақылайды, оларды ешкім бақылап, тексеріп отырмайды.

Колумбия университетінде оқытушылар мен студенттер үшін жоғары академиялық еркіндік бар


Маған күніне 200-300 бет оқуды үйренуім керек еді. Біз лекцияға келгенде мұғалім қызықты сұрақтар қойып, пікірталас бастайды да, өзі тек модератор ретінде ғана қосалқы рөл атқарды.

Колумбия университетіндегі атмосфера

Оқуға барлық жағдай жасалған университет қалашығы мені таң қалдырды. Онда студенттер бірінші орында, олар үшін барлығы жасалған.

Біз Манхэттеннің орталығында оқыдық


Біз Манхэттеннің орталығында оқыдық. Колумбиялық студенттер өзіне не керегін жақсы біледі, олар неғұрлым жетілген және дайын, көпшіл, топта тиімді жұмыс істей алатын, басқа адамдардың пікірін құрметтейтін, әрқашан сынды жақсы қабылдайтын жеке тұлғалар.

Университеттен не үйрендім

Біздің көзқарасымыз өзгерді. Біз әр түрлі елдерден болғанымызға қарамастан, барлығымызда жаһандық ауқымда ортақ мәселелер бар екенін түсіндік. Ал әлемдік тәжірибені зерттеп, өз еліңе бейімдеу маңызды.

Мен білім беру саласындағы тұрақты даму жобасына қатысып, кейін осы бағыттағы ғылыми жұмысымды жалғастырдым. Қазір мен Назарбаев университетінде PhD докторантымын.

Тағы бір маңызды нәрсе – сапалы нетворкинг. Мен жыл сайын университетке келіп, тұрақты даму жөніндегі конференцияға қатысып, Қазақстандағы білім беру тақырыбында баяндама оқимын.

Маман ретінде өзіме сенімім артты. Тұрақты даму бүгінде барлық салада сұранысқа ие. Көпшілік үшін бұл бағдарлама тамаша бастама болып табылады. Бағдарламаға қатысушылардың барлығының бірдей БҰҰ сияқты халықаралық компанияларда тәжірибесі бар.

Осы уақыт ішінде біз, дербестікті үйрендік. Барлық бастаудың 90%-ы пайызы тек өзімізге байланысты екенін түсіндік.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.