facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
lemdeg-aza-standy-tar-aza-yzyny-a-sh-ta-y-te-z-zhayau-sker-n-zhauynger-n-kezdest-r-p-mayamige-k-sh-p-ketken-zhayynda
logo
Әлемдегі қазақстандықтар. Қазақ қызының АҚШ-тағы теңіз жаяу әскерінің жауынгерін кездестіріп, Майамиге көшіп кеткені жайында

02.05.2019

Әлемдегі қазақстандықтар. Қазақ қызының АҚШ-тағы теңіз жаяу әскерінің жауынгерін кездестіріп, Майамиге көшіп кеткені жайында

Aisulu Perez, 28 жаста, туған қаласы — Астана, көші-қон мәселелері жөніндегі маман

666


Астана — Майами


АҚШ-қа көшіп кеткенге дейін, мен Астанада тұрдым және Қорғаныс министрлігі жанындағы «Қазақстан ГИС орталығы» АҚ ұйымында бас маманның қызметін атқардым.

444

Менің күйеуім – АҚШ-тағы теңіз жаяу әскерінің жауынгері. Ол қызметі бойынша Астанаға келді және біз осы жерде таныстық. Біздің махаббат оқиғамыз ұзақ және әдемі. Басында мен оған қарамайтынмын, кейін біз жарты ай Астанада, оған қоса екі жыл қашықтықта кездесіп жүрдік. Нәтижесінде мен Майамиге кеттім, оның ата-анасымен таныстым, біз тойды Астанада өткіздік те, АШҚ-қа көшіп кеттік.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


333

Бастапқы уақытта жағажайлар, күннің көзі, сауық кештер, сальса, музыка мені рахатқа бөлейтін. Ұзақ уақытқа созылатын демалысқа келгендей сезімде болдым.

Бастапқы уақытта жағажайлар, күннің көзі, сауық кештер, сальса, музыка мені рахатқа бөлейтін


Кейін жақындарымды және туысқандарымды сағына бастаған кезде, қиын болды. Рахаттану кезеңі өтіп, шынайылықты ұғыну кезеңі басталды.


АҚШ-тағы өмір жайында


Майами — түнде оянатын қала. Халықтың басым бөлігі латынамерикалықтар, сол себепті осында әрқашан музыка ойнайды, адамдар әрбір бұрышта билеп жүреді, испан ілі жиі естіледі. Сонымен қатар адамдар қатты сөйлеседі, мен бұған әлі күнге дейін үйреніп жатырмын.

777

Қазақстанға қарағанда АҚШ-тағы өмірдің негізгі ерекшелігі – қызмет түрің қандай болса да, қаншалықты жақсы жұмыс істесең, соншалықты жақсы табыс табасың. Әрбір қосымша атқарылған минутың төленеді. Осында бір сағат жай отырып шыға алмайсың. Егер жұмыс істесең, қызметіңді толықтай атқарасың, бір де бір бос минутың болмайды – ол үшін ланч-тайм бар.

Майамиде адамдар үйде тамақ ішудің орнына көбінесе мейрамханаға барып немес тамаққа тапсырыс беріп алатыны әлі күнге дейін таң қалдырады.

222

Осындағы өмірдің деңгейі әлдеқайда жоғары. Әрбір дерлік американдықта кем дегенде жылына бір рет шетелге барып демалу мүмкіндігі бар. Он жыл ішінде үш жатын бөлмесі мен екі жуынатын бөлмесі бар жеке үйге ақша жинауға болады. Жалақыны әдетте екі апта сайын беріп отырады, бірақ айына бір рет беретін ерекше жағдайлар да бар.

Әрбір дерлік американдықта кем дегенде жылына бір рет шетелге барып демалу мүмкіндігі бар


Бірақ соның өзінде ақылы еңбек демалысы, Жаңа жылға немесе басқа оқиғаларға байланысты сыйлықақы, бала күтіміне қатысты төлемдер берілмейді.

WhatsApp Image 2019-04-29 at 12.34.12.jpeg

Медицинасы өте қымбат. Жедел жәрдемге баруға тура келген жағдай болды. Сол жерде екі сағат болдық және бізге 7000 $ сомасындағы шот келді. Сол кезде бізде сақтандыру болған жоқ, сол себепті ауырып қалу мүлдем тиімсіз.


Жұмыс жайында


АҚШ-та жұмыс көп, оны оңай табуға болады. Бірақ бәсекелестік жоғары. Сенің кандидатураңды қарастыру үшін, бірнеше ай күтуге тура келеді.

Жақында мен ана атандым, бізде тоғыз айлық Мия есімді қызымыз бар. Сонымен қатар мен Connexus Consulting Group LTD компаниясында жұмыс істеймін. Көші-қонға байланысты істермен, АҚШ — USCIS иммиграциялық қызметке құжаттарды жинау мен оларды рәсімдеумен айналысамын.

555


Көшіп кету қалай ықпал етті


Басқа елге көшкен кезде, барлығын басынан бастау керек екенін түсіну қажет. Ешкім сені құшақ жая күтіп отырмайды.

Қысқа мерзімде барлық нәрселерге үйренуге болатынын түсіндім. Бастысы – жалқау болмау.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.