Желіде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы деректі фильм фрагменті пайда болды. Биографиялық фильмінің фрагментін танымал мәнерлеп сырғанаушы Instagram желісінде жариялады. Видео корей тілінде ағылшын субтитрімен берілген. Деректі фильмде спортшының жарақат алғаны, жетістікке жету жолында қандай қиындықтардан өткені баяндалады. Фильмнің толық нұсқасы сейсенбі күні Астана уақытымен 16:35-те оңтүстіккореялық «KBS1» арнасында көрсетіледі. Ретрансляция ақпанның 11-інен 12-сіне қараған түні 21:40-та «KBS2» телеарнасында болады деп күтілуде.
Дерек көз: 24.kz