facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
koreya-singapur-zh-ne-sauyd-arabiyasy-magistratura-men-phd-ge-t-su-sh-n-aza-standy-tar-a-arnal-an-sh-k-rta-yly-ba-darlamalar
logo
Корея, Сингапур және Сауыд Арабиясы: Магистратура мен PHD-ге түсу үшін қазақстандықтарға арналған шәкіртақылы бағдарламалар

27.09.2017

Корея, Сингапур және Сауыд Арабиясы: Магистратура мен PHD-ге түсу үшін қазақстандықтарға арналған шәкіртақылы бағдарламалар

Ли Куан Ю атындағы мемлекетттік саясат Мектебінің магистрлік бағдарламалары


Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі он жыл ішінде әлемдегі ең үздік үш мектеп арасына кірді. Бүгінгі күні шетел студенттері бүкіл оқушыларының 80%-ын құрайды. Мектеп – автономды ұйым, сондықтан шәкіртақы Мектептің өзімен беріледі. Сонымен қоса, «Назарбаев Университетінің» мемлекеттік саясатының Жоғарғы мектебі оның Қазақстандағы стратегиялық серіктесі.


Шәкіртақылық қолдау сөзінде не түсініледі

— оқуды толығымен төлеу

— тұратын жер

— медициналық сақтандыру

— ай сайынғы шәкіртақы

— орналасу мен оқу әдебиетін алу үшін бір жолғы төлем

— Сингапурға алғашқы рет келіп, оқудың аяқталуымен қайта кетуге арналған эконом-класс билетімен қамтамасыз ету.


Іріктеу белгілері

— үміткерлерде 3.0/4.0 –дан кем емес орта баллға ие бакалавр деңгейі болу керек (экономика мен математика салаларындағы деңгей артықшылық болады)

— TOEFL iBT: 100, TOEFL PBT: 600, IELTS:7

— академиялық және мамандық іскерліктегі аса көрнекті жетістіктер

— ағылшын тілін ауызша және жазбаша еркін меңгеру

— жетекшілік қасиеттер мен қоғамда маңызды мақсаттарына жетуге өз үлесін қосу ықыласы.


Құжаттарды тапсыру тәртібі

Құжаттарды тапсыру барысы онлайн түрде өтеді.


Онлайн-сұраным келесіні қажет етеді

— ресми транскрипт пен сертификаттар

— түйіндеме

— TOEFL / IELTS

— GRE / GMAT

— екі эссе

— екі мінездеме хат.


Дедлайн: 31 желтоқсан 2017 жыл

Толығырақ осы сілтеме бойынша өтетін сайтта.




Орталық Еуропалық университетіндегі магистрлік бағдарламалар


Орталық Еуропалық университет Будапеште ашылу кезінен бастап 25 жыл ішінде Венгрияның ең үздік оқу орындарының бірі болды. Университеттің өзі академиялық саладағы жетістіктер негізінде шәкіртақылар ұсынады.


Шәкіртақылық қолдау сөзінде не түсініледі

— оқуды толығымен төлеу

— тұратын жер

— медициналық сақтандыру

— зерттеулер өткізуге арналған гранттар.


Іріктеу белгілері

— бакалавр деңгейі

— ағылшын тілін еркін меңгеру.


Құжаттарды тапсыру тәртібі

Құжаттарды тапсыру барысы онлайн түрде өтеді.


Онлайн-сұраным келесіні қажет етеді

— сұранымның толтырылған үлгісі

— мінездеме хаттары

— ағылшын тіліне аударылған ресми транскрипт

— келесі сертификаттардың біреуі: TOEFL iBT: 88 / TOEFL PBT: 570 / IELTS Academic: 6.5 / Pearson test of English (Academic): 59.Cambgridge Proficiency Examination: C / Cambridge Advances English Test: B.


Дедлайн: Әр жылдың ақпанының басы

Осы сайтта қарауға болатын әр бағдарламаға байланысты өзгеше құжаттар қажет болуы мүмкін.



KAUST-та PhD бағдарламасы — Абдалл патша атындағы Ғылыми-техникалық университет


астана.jpg


Сауд Арабиясының жетекші университеті 2012 жылдан бастап университеттің өзі де,Ислам Даму Банкі де демеушілік ететін докторлық бағдарламаларға шәкіртақылар ұсынады.


Шәкіртақылық қолдау сөзінде не түсініледі

— 4 жыл бойы өтетін толығымен оқуды төлеу

— шәкіртақы (жылына $20 000-30 000)

— тұратын жер

— дәрігерлік қызмет көрсету

— көшуге арналған жәрдемақы.


Іріктеу белгілері

— үміткер Исламд даму Банкінің қатысушы-мемлекеттің азаматы болу керек

— үміткердің жасы 35-ден аспауы керек

— үміткер зерттеулік немесе академиялық салада немесе даму институтында тұрақты жұмысқа ие болуы керек.


Құжаттарды тапсыру тәртібі

Құжаттарды тапсыру барысы онлайн түрде өтеді.


Онлайн-сұраным келесіні қажет етеді

— толтырылған онлайн-сұраным

— ең төменгі балл:TOEFL IBT :79 немесе IELTS:6.0

— ағылшын тіліне аударылған ресми транскрипттер

— оқытушының немесе ғылыми нұсқаушының өзімен жіберілген 3 мінездеме хат

— түйіндеме.


Дедлайн: 2018 жылдың күзгі және көктемгі семестріне оқуға өтінімдер 2017 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады

Толығырақ осы сілтеме бойынша өтетін сайтта.




Стокгольмдік университетінің магистрлік бағдарламалары


Стокгольмдік университетінің шәкіртақылары Еуропалық экономикалық зонаның және Еуропалық Одақтың мүшесі болмаған елдерінен келген шетел студентеріне сайыс негізінде ұсынады. Бұл Қазақстан студенттері үшін керемет мүмкіндік.


Шәкіртақылық қолдау сөзінде не түсініледі

Стокгольмдік университетіндегі оқуды толығымен төлеу.


Іріктеу белгілері

— үміткер дипломдарды өзара мойындаудың Еуропалық жүйесі бойынша кем дегенде 180 кредиті бар бакалавр деңгейіне ие болуы керек

— ағылшын тілін еркін меңгеру.


Құжаттарды тапсыру тәртібі

Онлайн-сұраным жіберу керек. Бүкіл құжаттар қабылдау комиссиясының офисіне жіберілу керек.


Дедлайн: 2018 жылдың күзінен басталатын оқуға сұраным 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады.

Толығымен ақпарат университеттің сайтында берілген.



Сеул ұлттық университетінің Graduate Scholarship for Excellent Foreign Students (GSFS) магистрлікбағдарламасы


денвер.jpg


Жыл сайын Сеул ұлттық университеті сайыс негізінде 20 шәкіртақылар бөледі.


Шәкіртақылық қолдау сөзінде не түсініледі

— ең көп дегенде 4 семестр үшін оқу үшін төлемді жабу

— ай сайынғы шәкіртақы.


Іріктеу белгілері

— үміткерлер Азия елдерінің азаматтары болу керек

— бакалавр деңгейі

— уәждемелік хат

— тілдік дағдылар артықшылық ретінде қабылданады.


Құжаттарды тапсыру тәртібі

Шәкіртақыға сұраным халықаралық мәселелер бойынша Бөлімшеге жіберілуі керек.


Дедлайн: Әр жылдың ақпанының басы

Толығымен ақпарат университеттің сайтында берілген.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.