facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
haly-araly-marapattar-a-ie-bol-an-aza-standy-akterler-men-rezhisserler
logo
Халықаралық марапаттарға ие болған қазақстандық актерлер мен режиссерлер

18.08.2019

Халықаралық марапаттарға ие болған қазақстандық актерлер мен режиссерлер

«Айка», 2018


Режиссері: Сергей Дворцевой

Фильм жайында: Суық Мәскеуде заңсыз жұмыс істейтін жас қырғыз қызы жаңа туған баласын перзентханада тастап кетуге мәжбүр болады. Бұндай айырылысуға көне алмайтынын түсіну үшін, қандай жағдайларды бастан кешіретіні баяндалады

Марапаттары: Канн халықаралық кинофестиваліндегі «Ең үздік әйел рөлі»: Самал Еслямова

Гонгонгтағы Азиялық киноакадемияның нұсқасы бойынша «Ең үздік әйел рөлі»: Самал Еслямова


«Лифт», 2018



Режиссері: Нұртас Адамбай

Фильм жайында: Үш күнге лифтте жабылып қалған екі бейтаныс ер адамдар жайындағы психологиялық драма.

Марапаттары: Жанрлық кино бойынша Лос-Анджелесте өткен Genre celebration 2018 жыл сайынғы халықаралық фестиваліндегі «Үздік драмалық фильм», «Үздік режиссура» және «Үздік операторлық жұмыс»: Азамат Дулатов.


«Әміре», 2017


Режиссері: Джефф Веспа

Фильм жайында: Фильм қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты біртуар әншісі – Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды.

Марапаттары: АҚШ-дағы Hollywood Film Festival Silver Screen Prize марапаты.

АҚШ-дағы Richmond International Film & Music Festival «Үздік актер»: Санжар Мәди.


«Біздің қаламыздың кішкентай ханзадасы», 2017


Режиссері: Талғат Теменов

Фильм жайында: Бибол есімді бала мен Қасымхан есімді музыкант атаның өмірлері және олардың үлкен достыққа ұласқан кездейсоқ танысуы жайында. Ақсақал ұл бала үшін ең жақын адам болып кетеді. Бибол Қасымханмен араласу барысында рухани және моральдық қасиеттердің арқасында ғана нағыз бақытқа жетуге болатынын түсінеді.

Марапаттары: Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше елдер кинофестиваліндегі «Үздік ер адам рөлі»: Төлеубек Аралбай.

Бангладеште өткен 17-ші МКФ-дегі «Бадал Рахман атындағы үздік балалар фильмі».


«Оралман», 2017


Режиссері: Сәбит Құрманбеков

Фильм жайында: Ауғанстанда тұратын қазақ отбасыдағы Базарбай есімді қарттың ұлы мен қызы бар. Олар есейіп, өз отбасыларын құрды. Ұлы жергілікті қызға үйленеді. Қызы да ауғанстан жігітіне тұрмысқа шықты. Сапарқұл есімді ұлы моджахедтердің құрамында соғысқа қатысқан. Біраз уақыт өтеді. Базарбайдың отбасы ұзақ күткен Қазақстанға көшу квотасына ие болады. Отбасы ұзақ жолға дайындалады.

Марапатттары: Непалда өткен 22-ші Халықаралық кинофестиваліндегі «Үздік шетел фильмі».

Қырғызстанда өткен «Ақ Ілбіріс» кинопремиясындағы «Орталық Азиядағы үздік актер»: Дулыға Ақмолда.


«Келін», 2009


Режиссері: Ермек Тұрсынов

Фильм жайында: Фильмнің негізгі оқиғасы біздің дәуірімізге дейінгі ғасырларында, ислам дәуіріне дейінгі кезеңді қамтиды. Кез-келген канондық негіздерге ұстындалған дін өзіндік заңдар мен догмалардан тұрады. Ал тәңіршілдік дәуірінің ерекшелігі тіршіліктің табиғатпен тұтасып жатуында.

Марапаттары: Monaco Charity Film фестиваліндегі Гран-при.

New York Eurasian Film Festival «Үздік ойын фильмі» және «Үздік операторлық жұмыс»: Мұрат Алиев


«Қызғалдақ», 2008


Режиссері: Сергей Дворцевой

Фильм жайында: Аса есімді жас жігіт әскери теңіз флотында Отан алдындағы борышын атқарып, туған жеріне оралады және мал бағумен айналысады. Бүкіл маңайда бір-ақ қыз қалған екен, бойжеткеннің есімі – Қызғалдақ.

Марапаттары: Үздік режиссура үшін Токио кинофестиваліндегі «Сакура» марапаты.

Канн кинофестиваліндегі «Ерекше көзқарас» байқауының бас жүлдесі.


Суреттің дереккөзі: brod.kz


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Бақтияр Адамжан балет әртісінің мансап жолы, бас тәлімгерлер және денсаулықтың маңызы туралы
Бақтияр Адамжан балет әртісінің мансап жолы, бас тәлімгерлер және денсаулықтың маңызы туралы
Топ 10 қазақша комедия
Топ 10 қазақша комедия
Қазақстанның ең әдемі 10 актрисасы
Қазақстанның ең әдемі 10 актрисасы
Әнші Plecto өз шығармашылығы мен болашақ жоспарлары туралы
Әнші Plecto өз шығармашылығы мен болашақ жоспарлары туралы
Жасөспірімдер мен мектеп туралы 20 сериал: Gossip Girls-тен «Джинни мен Джорджияға» дейін
Жасөспірімдер мен мектеп туралы 20 сериал: Gossip Girls-тен «Джинни мен Джорджияға» дейін