facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
kaspiy-te-z-haly-araly-kemezhaylar-zh-ne-lken-zh-kter-a-tauly-tar-te-z-portynda-y-zh-mys-turaly
logo
Каспий теңізі, халықаралық кемежайлар және үлкен жүктер: ақтаулықтар теңіз портындағы жұмыс туралы
Мамандықтар

21.06.2018

Каспий теңізі, халықаралық кемежайлар және үлкен жүктер: ақтаулықтар теңіз портындағы жұмыс туралы

Ғазиза Еликбаева, 44 жаста, туған жері— Ақтау, тиеу-түсіру кешеніндегі жүк қоймасының бастығы


Жұмыс бастамасы туралы



Біздің аудандағы Ақтау порты әрбір адам жұмыс істегісі келетін кәсіпорындардың бірі. 2010 жылы әлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан қоймаға тальман қызметіне жұмысқа орналастым.

232.jpeg

Тальман орнын жүк қоймасындағы мансаптың бірінші сатысы деп атауға болады. Тальман жүк есебімен айналысады. Теңіз портында жүк ауыстырылады. Ол теңіз арқылы, теміржол арқылы келеді. Барлық жүктің есебін тальман жүргізеді. Шындығында, бұл адам далада тұрып, жүкті қабылдайды, ал құжат бойынша деректерді бағдарламаға басқа адам, яғни инженер енгізеді.

Менің «бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша жоғары білімім бар. Алайда тальман қызметі арнайы білімді талап етпейді. Жұмысқа енді келген сәттен бастап, аға әріптестеріміз жұмыстың бар қисынын үйретті. БХАӨ-нің ауыспалы көмекшісі - бұл жұмыстың барлық үрдісін түсіндіретін шынайы тәлімгер.

Қызметім жоғарылап, қазір деректерді енгізу және есеп беру маманы деп аталатын инженер болып жұмыс істей бастаған кезде бізде бағдарламамен жұмыс үшін арнайы оқыту өтті. Бұл маман жүкпен бірге жүретін құжаттармен жұмыс жасайды. Жүк туралы барлық анықтамалар бағдарламаға енгізіледі.



Ерекшеліктері, жұмыс тобы және қиындықтары туралы



2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүк қоймасының бастығы болып жұмыс істеймін. Бұған дейін коммерциялық бөлімде аз уақыт жұмыс істедім, бірақ мені қайтадан қоймаға ауыстырды.

Менің міндетіме жалпы қойманы бақылау кіреді. Жүк қойма — бұл арнайы бөлме.

Алайда, біздің жағдайда порт — бұл үлкен, ашық алаң


Жүктер тонналап осы алаңда тұрады. Олардың орнында болуын бақылау менің міндетіме кіреді.

Жұмыс үрдісінде әртүрлі жағдайлар болып тұрады, алайда олардың кейбіреулерін қиындық деп атауға болмайды. Жұмыс айқын түрде қалыптасып, ұзақ уақыт жұмыс істейді. Біздің порт — бұл бастапқы нүкте немесе соңғы саты, сол себептен қиындықтар туындамайды.

Өз жолымды тальман қызметінен бастағандықтан жұмыста мені барлығы таниды. Барлық әріптестеріммен жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Айтарлықтай тұрақсыздық жоқ, сондықтан жұмыс басында бірге жұмыс істеген адамдар әлі күнге дейін істеп келеді.



Жоспарлар туралы



Жетіспейтін білімдерді меңгеру жоспарымда бар. Порттағы жұмыс — ауқымды сала. Ол көптеген білім мен белсенді оқытуды талап етеді. Бұл жағдайда біздің оқыту тәжірибені беруден құралады. Басқа мемлекеттердің ірі порттары білім берудің үздік алаңдары болып есептеледі.


Қайрат Нурбаев, 37 жаста, туған жері— Ақтау, тиеу-түсіру аумағының стивидоры



Жұмыс бастамасы туралы



2017 жылдың қыркүйек айында маған жұмыс ұсынды. Бұл докер-механизатордың бос орны болды. Мен үшін бұл қызық болды, аты да қызығушылық танытты. Ол қандай мамандық екенін біле бастадым, деректерді зерттедім. Оның үстіне порттың халықаралық деңгейі қызықтырды. Ұсыныс ұнап, жұмысқа келдім.

Докер-механизатор түрлі жұмыстармен айналысады. Мәселен, порттағы Ресейден немесе Ираннан жүк әкелген кезде ол жүкті түсүрумен, ал жүкті экспортқа дайындаған кезде тиеумен айналысады.



Ерекшеліктері, жұмыс тобы және қиындықтары туралы



Қазір стивидор қызметінде жұмыс істеймін. Жүк операцияларына тікелей бақылау жасаймын: тиеу, түсіру, жүк қозғалысы.

Порттағы жұмысқа алғаш келген кезде орта техникалық білімім болды. Оған қоса стивидор қызметі үшін жоғары білімнің қажеті жоқ. Алайда жұмыс барысында оқып, жоғары білімді алдым.

Докер-механизатордың жұмысынан кейін бригадир қызметіне тағайындалдым. Қол астымда 30 шақты адам болды. Олардың ішінде докер-механизаторлар, краншылар, жүк тиегіштерінің жүргізушілері де бар.

Қазір қол астымда бұрыннан істеп жүрген адамдар. Алайда, менің жұмыс бағытым ауысты. Бригадир жұмысы докер секілді механикалық болып табылады, ал стивидор инженерлі-техникалық жұмыс. Ол жауапкершілікке көбірек тартылады.

Тоғыз жылға жуық бір жұмыс тобында докер-механизатор, стивидор және бригадир болып жұмыс істеп келемін


Қызметке өтпес бұрын, тағылымдамадан өттім. Бірақ, өткенде бригадир болып істегенім маған көмектесті:барлық міндеттер мен фукнцияларды білдім. Тағылымнан өту кезінде портқа ауысыммен емес, аптасына бес рет келіп үйрендім. Тағылымның аяқталуы кезінде қызметке кірісу және нұсқаулық бойынша емтихан тапсырдым. Тек осыдан кейін үшінші стивидор қызметіне бригададағы ауысымды кестеге өттім.

Жұмыс тобымыз тату. Тоғыз жылға жуық бір жұмыс тобында докер-механизатор, стивидор және бригадир болып жұмыс істеп келемін. Жақында, қаңтар айында мені басқа бригадаға ауыстырды. Олар да тату.

Оншалықты қиындықтар жоқ. Қиындық туғызатын құжаттарда да көп емес. Ауысым алдында нұсқаулыққа қол қоямыз, ал соңында нарядты жабамыз. Транзит бойынша келетін үлкен көлемді жүктермен қиындық пайда болу мүмкін. Барлық қиын жағдайлар аса маңызды емес. Қолымыздан барлығы келеді.



Жоспарлар туралы



Стивидор қызметіне ауысу туралы ұсыныс жасаған кезде таңғалдым


Ондай нәтижені күтпеген едім. Бізде өз бетіңмен мансаптық баспалдақпен көтерілуге ешкім сенбейді. Алайда, мен бұны істей алдым. Бір орында тоқтап қалғым келмейді, әрі қарай дамығым келеді, бірақ көбісі басшылыққа байланысты.


Бауыржан Утепов, 42 жаста, туған жері — Ақтау, тиеу-түсіру кешенінің басшысы



Жұмыс бастамасы туралы



Ақтау — теңіз қаласы. Мен әрдайым теңіз маңында, жүк крандармен жұмыс істегім келді.

233.jpeg

Жұмысымды тальман қызметінен бастадым, кейін стивидор, аға стивидор және аға стивидор-технолог болып жұмыс істедім. Кейін тиеу-түсіру кешені басшысының орынбасары қызметіне тағайындалдым, нәтижесінде басшы лауазымына да жеттім.

Жұмысқа 2001 жылы келдім. Бір кезде қызмет саламды өзгерткім келді, бірақ бейімділік артық екенін түсініп, 2006 жылы портқа қайтып оралдым.

Тальман қызметіндегі жұмыс үшін арнайы білімнің қажеті жоқ. Барлығын тәжірибе кезінде үйрендім. Аға әріптестерім арасында үйретіп, көмектесетін оқытушыларым болды. Алайда, кейін менің теориялық білімдерім жеткіліксіз болды. Тәжірибем болды, ал теорияны қосымша Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті «тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша алдым.



Ерекшеліктері, жұмыс тобы және қиындықтары туралы



Қазір тиеу-түсуру кешені басшысының қызметін атқарып жүрмін және тиеу-түсіру жұмыстарының ұйымдастыруы мен бақылауымен айналысамын. Бақылау бойынша жауапты адаммын. Сонымен қатар біз жүктің артықтығына да жауаптымыз.

Жүктер әртүрлі болады. Бұл халық қолданысындағы тауарлар, автокөліктер, құрылыс материалдары, контейнерлер, металдар болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта қол астымда 160 жұмысшы бар


Портта 15-20 жылдан жұмыс істеп келе жатқан, өз істерінің нағыз мамандарынан және тәжірибелі адамдардан қүралған жұмыс тобымыз өте тату.

Жұмыс ерекшеліктері деп ірігабаритті жүктермен немесе металл, газ, химиялық элементтер секілді өзгешеліктерге ие жүктермен жұмыс жасауды айта аламын.



Жоспарлар туралы



Қазіргі уақытта алып жатқан қызметім үлкен жетекшінің лауазымы болып табылады. Алдағы уақытта өз қызметімде белсенді жұмыс жасауды жоспарлап жүрмін. Қалғанын басшылық өз қалаулары бойынша шешеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.