facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
k-z-mausymynda-elordada-tet-n-13-koncert
logo
Күз маусымында елордада өтетін 13 концерт

03.09.2019

Күз маусымында елордада өтетін 13 концерт

Андрей Бебуришвилидің жеке Stand-up-концерті

19 қыркүйек күні сағат 19:00

Comedy Club-тың резиденті және бірінші дәрежелі стэндапері Андрей Бебуришвили елордаға жаңа жеке бағдарламасымен келеді.

Білімі бойынша хирург, дарынды әзіл-сықақшы, интелигентті және тапқыр Андрей өткір тақырыптарға әзіл айтумен кез‑келген адамды баурап алады.

Мекен-жайы: Республика даңғ., 34

Кіру: 5000 тг-ден бастап

Байланыс телефоны: 328 091, 326 781


Jah Khalib-тің үлкен концерті

21 қыркүйек күні сағат 20:00

Қазақстандық хип-хоп жанрының жарқын өкілдерінің бірі — Jah Khalib-тің жеке концерті.

Елордағы концерті – табынушылары үшін ең ұзақ күткен сый: жарық пен дыбыстың жүздеген киловаты, ең күрделі және заманауи техникалық жабдықтауы, Еуропаның және тағы басқа жасампаздардың үздік креативтік ресурстары.

Мекен-жайы: Сауран к., 44, «Конгресс Орталығы»​

Кіру: 9000 тг-ден бастап

Байланыс телефоны: 262 457


Алексей Чумаковтың концерті

3 қазан күні сағат 20:00

Алексей Чумаков Қазақстанға «Лучшее и новое» жеке авторлық бағдарламасымен келеді. Көрермендер жанды орындаудан мен сахналаудан рахат алады.

Мекен-жайы: Сауран к., 44, «Конгресс Орталығы»

Кіру: 10 000 тг​-ден бастап

Байланыс телефоны: 262 457


The Hatters тобының концерті

13 қазан күні сағат 22:00

The Hatters тобы Қазақстанға алғаш рет жеке концертімен келеді. Барлық хиттері және Forte & Piano жаңа альбомының тұсаукесері The Bus Music pub-та өтеді.

Мекен жайы: Қорғалжын тас жолы, 3, The Bus Music pub

Кіру: 5885 тг-ден бастап

Байланыс телефоны: 8 777 333 49 99


Ах Астахованың шығармашылық кеші

16 қазан күні сағат 19:00

Ирина өзінің лирикасында нәзік және күрделі қарым-қатынастар жайында жырлайды. Саяхат, өмірлік жолды іздеу және өзінің жолын табу, тұлғаның өзанықтамасы, ерсі қылықтармен күрес және тағы басқа тақырыптарды қозғайды. Ах Астахованың лирикасы көп қырлы.

Сахнада өлең оқу өнері де еліктіреді. Лирикалық өлеңдерінің жанды музыкалық әуенмен сүймелденуі ғажайып атмосфераны тудырады.

Мекен-жайы: Қонаев к., 4, «Қазмедиа орталығы»

Кіру: 5885 тг-ден бастап

Байланыс телефоны: 553 939


«ПЕСНИ» шоуы

19 қазан күні сағат 19:00

2019 жылдың маусым айында ТНТ арнасында «ПЕСНИ» жобасының екінші маусымы аяқталды, ал 4 шілде күні қатысушылары гастрольдік сапарға шықты.

Көрермендер алдында Say Mo, Slame, S, AMCHI, Боронина, Анет Сай, ARS-N, TRITIA өнер көрсетеді.

Мекен-жайы: Сауран к., 44, «Конгресс Орталығы»

Кіру: 7000 тг-ден бастап

Байланыс телефоны: 262 457


«ЗВЕРИ» тобының концерті

26 қазан күні сағат 19:00

«ЗВЕРИ» — посткеңестік кеңістікте ең көп концерт беретін топтардың бірі.

2019 жылы топ «У тебя в голове» атты жаңа гастрольдық сапарға шығады. Шығармашылық ұжым Астанамен қатар 50-ден астам қалаларға барады.

Бағдарлама Рома Зверь шығармашылығындағы барлық хит әндерін және соңғы жаңа шығармаларын қамтиды.

Мекен-жайы: Сауран к., 44, «Конгресс Орталығы»

Кіру: 8400 тг-ден бастап

Байланыс телефоны: 262 457


Miyagi & Andy Panda-ның концерті

27 қазан күні сағат 19:00

MiyaGi and Эндшпиль — танымал хип-хоп дуэті. Әндерінің мәтіндері терең мағынаға ие болып табылатын орындаушылардың талантына мыңдаған адамдар тамсанады.

Эндшпиль Қазақстанның қалаларында Энди Панда деген жаңа лақап атпен өнер көрсетеді.

Мекен-жайы: Сауран к., 44, «Конгресс Орталығы»

Кіру: 10 000 тг​-ден бастап

Байланыс телефоны: 262 457


Ани Лорактың концерті

2 қараша күні сағат 19:30

Ани Лорак Қазақстанға THE BEST атты жаңа концерттік бағдарламасымен келеді.

Концертте көпшілікке танымал үздік әндері, сонымен қатар 2019 жылдың күзінде жарияланатын альбомының жаңа әндері орындалады.

Мекен-жайы: Мәңгілік Ел даңғ., 10/1, «Қазақстан» ОКЗ

Кіру: 10 000 тг-ден бастап

Байланыс телефоны: 705 256, 705 241


Тима Белорусских концерті

3 қараша күні сағат 19:00

«Мокрые кроссы», «Незабудка», «Витаминка» хит әндерінің авторы — Тима Белорусских елордада алғаш рет жеке концертін береді.

Мекен-жайы: Сауран к., 44, «Конгресс Орталығы»

Кіру: 10 000 тг-ден бастап

Байланыс телефоны: 262 457


The Rasmus тобының концерті


7 қараша күні сағат 20:00

Баллада лирикасын бағалайтын адам The Rasmus тобы жайында естіген болар. Финляндиядан шыққан ең танымал топтардың бірі тоғыз альбом шығарып, әртүрлі марапаттарға ие болды.

2019 жылы The Rasmus тобы күйтабақтың 15-жылдығына орайластырылған үлкен еуропалық мерейтойлық сапарға шығады, соның қатарында екі қазақстандық қала болады.

Мекен-жайы: Сауран к., 44, «Конгресс Орталығы»

Вход: 10 000 тг-ден бастап

Байланыс телефоны: 262 457


«Каспийский груз» тобының концерті

9 қараша күні сағат 19:30

«Каспийский груз» тобы Брутто және Весъ екі қатысушыдан құралған. Топ Гуфпен бірге «Все за 1$» әнін орындағаннан кейін, танымалдылыққа ие болды.

Весъ және Брутто әндерінің мәтіндерінде өмір мен өлім, махаббат пен жек көрушілік, достық пен сатқындық жайында толғанады.

Мекен-жайы: ул. Сауран, 44, «Конгресс Орталығы»

Кіру: 5350 тг-ден бастап

Байланыс телефоны: 262 457


«ЛСП»-ның концерті

21 қараша күні сағат 20:00

«ЛСП»-ның әндерін әртүрлі адамдар тыңдайды. Бейнабаяндары миллиондаған қаралым жинайды, чарттардың бірінші орындарына ие болып, концерттеріне мыңдаған адамдар келеді.

Соңғы бірнеше жыл ішінде ұжым үлкен жұмыс атқарды. Бірнеше әндер шығарып, отандық сахнаның көптеген алдыңғы қатарлы әртістерімен бірігіп әндер жазып шығарды.

Мекен-жайы: Сауран к., 44, «Конгресс Орталығы»

Кіру: 7490 тг-ден бастап​

Байланыс телефоны: 262 457


Суреттің дереккөзі: kvitki.by


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.