Сказ о розовом зайце
Режиссері: Фархат Шәріпов
Ауылдан шыққан Ерлан есімді жігіт – Алматыдағы жоғары оқу орынның студенті болашақта табысқа жету үшін қалаға келді. Ол түскен «алтын жастар» ортасы қиындық туғызды. Оның өзіндік заңдары мен тәртібі бар. Ақылақтық қағидаларды сақтап қалу үшін, көп сынақтардан өтуге тура келеді.
Жаужүрек мың бала
Режиссері: Ақан Сатаев
Фильм қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлікпен күрескен XVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Сол кезде қазақ жасақтары бірігіп, басқыншыларға тойтарыс беріп, майданда шешуші жеңістерге жеткен еді. Кино желісі бойынша, осы соғыста ел үшін күрескен жауынгер ер-азаматтар қатарында, жаужүрек Сартай батыр да өзіндей өрімдей жас, жеткіншек сарбаздарды ту көтеріп, жорыққа бастап шығады. Мың бала атанған Сартай жасағы қарасы әлдеқайда көп жауға азғана қол қарсы шауып, арасалмақты қазақ әскері пайдасына өзгертеді. Тарихта «Аңырақай шайқасы» деп танылған күрес фильмде шешуші орын алады.
Анаға апарар жол
Режиссері: Ақан Сатаев
Оқиғаның негізгі желісі қазақ халықының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйіне түседі, сұрапыл соғысты бастан кешіреді, тұтқынға алынады, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді.
Әміре
Режиссері: Джефф Веспа
Фильм қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. 1925 жылы Парижде өткен EXPO-ның аясында өткен бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы Әміре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, екінші орынды және күміс медаль иеленді.
Районы
Режиссері: Ақан Сатаев
Алматы, 1987 жыл. Фильмнің бас кейіпкері — 16-жастағы Арсен қаланың шеткі аймағынан орталыққа көшіп, жаңа мектепке барады. Жаңа ортаға бейімделу үшін, өзіне жат заңдылықтарға мойынсұнуға мәжбүр болады. Алайда, көп ұзамай Арсеннің ұстанымдары мен жаңа ортаның қағидалары арасында қарама-қайшылық пайда болады.
Бизнесмены
Режиссері: Ақан Сатаев
Фильмнің оқиғалары тоқсаныншы жылдары орны алады. Бас кейіпкері – Дамир есімді жігіт. Ол қарапайым өмір сүріп, өзінің мақсаттарын жүзеге асыруға тырысады. Жеке бизнесін ашуды қалайды, бірақ сол кезде бұл қиын болатын. Кейіпкердің өзіндік мінезі бар және ол берілуге үйренбеген. Ол жақсы нәтижеге жетеді және соған лайықты екенін дәлелдейді. Өмірдің әрі қарай қалай дамитыны және болашақта не болатыны белгісіз.
Финансист. Игра на вылет
Режиссері: Елена Лисасина
Брокерлер, қор биржасы. Кейіпкерлердің денсаулықтары, тіпті өмірлері конға қойылған ақшаның тартымды және қорқынышты әлемі. Дарынды Руслан Таир есімді досының арқасында қаржыгер болады. Аяқ астынан биржалық алып-сатарлықтың аясында олар адам өмірін бір тиын құнға да бағаламайтын адамдармен тартысқа түседі.
Суреттің дереккөзі: brod
Заманауи өнер жайында weart.media сайтында толығырақ оқи аласыздар.