facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/89e/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/89ee96267162bfe2708300a7eb64fb31.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
indira-sattybaeva-zh-ne-el-vira-hamitova-rt-rl-rly-ta-t-ryp-otbasy-bolu-zhayly
logo
Индира Саттыбаева және Эльвира Хамитова әртүрлі құрлықта тұрып, отбасы болу жайлы

Индира Саттыбаева, 45 жаста, туған жері — Алматы, кәсіпкер, «Бюро путешествий» туристік компаниясының басшысы , @indira_satty​

Эльвира Хамитова, 23 жаста, туған жері — Алматы, маркетинг менеджері, @elvica_​

25.02.2020

Индира Саттыбаева және Эльвира Хамитова әртүрлі құрлықта тұрып, отбасы болу жайлы


Отбасы жайлы


Индира. Отбасы — бұл менің балаларым, ата-анам және жақындарым. Мен оларды жақсы көремін және сыйлаймын. Отбасыны әрдайым бірінші орынға қоямын.

mamaidoch(1).jpeg

Мінсіз отбасы жоқ — әр отбасының өз қиындықтары бар. Бірақ отбасы — адамзат баласының тамыры. Жақындарың сені түсініп, ісінді қолдауы — өте керемет сезім.

Отбасы сені бар болмысынмен қабылдауы үшін керек. Мен үшін жалғыздық жоқ. Адамға адам керек.

Отбасы — бұл үлкен құндылық

Эльвира. «Отбасы» деген сөздің мағынасын 16 жасымда Канадаға көшкенде түсіндім. Сен басқа елде жалғыз жүргенде, отбасы — бұл үлкен құндылық екенін түсінесің. Отбасы — сені бар болмысыңмен қабылдап, саған сенетін және сені жақсы көретін орта.

mamaidoch(4).jpeg

Менің ұғымымда отбасы махаббаттан жаралады. Өмір жолын бірге өткізу үшін, бақытты болу үшін махаббат керек.

Индира. Ата-ананың міндеті — балаға тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік беру. Мен балаларды бар қасиеттерімен қабылдаймын. Бастысы тек жол нұсқау.

Балалар — біздің айнамыз. Олар біздің жақсы және жаман қасиеттерімізді көреді, өйткені ата-ана да — адамдар, олардың да қателесуге құқығы бар.

Балалар барлық шешімді өздері қабылдағаны маңызды

Балалар барлық шешімді өздері қабылдағаны маңызды. Сонда өз көзқарастары пайда болады. Олар өз өмірлерін, ал біз өз өмірімізді сүреміз.

Эльвира. Ата-ананың мақсаты — балаларға махаббат беріп, оның не екенін сезіндіру. Екінші мақсат — жеке өмірлерінде көмектесетін құралдарды беру. Ата-ана балаларды қадағалауға міндетті емес, олар тек балалардың ашылуына көмек берулері керек.

Отбасындағы баланың міндеті — ата-анасы үшін ұстаз болу.

Индира. Баланың міндеті — үлкендерден барлық жақсы, әрі пайдалы қасиеттерді алу.


Махаббат жайлы


Индира. Әйелдерге қамқорлық маңызды. Сол кезде біз гүлденеміз, қуаттанамыз. Және онымен басқалармен бөлісеміз. Бұл отбасы үшін маңызды.

mamaidoch(5).jpeg

Эльвира. Махаббат — басқа адамды бақытты етуге және қуантуға талпыну. Ортақ ымыраға келіп, жол беру, мүдделер мен ниеттерді құрметтеу. Екі жақ үшін де пайдалы болатын шешім қабылдау.

Махаббат қамқорлықта, қолдауда және сенімде, еш нәрсеге қарамастан адамдық қасиетті сақтауға деген ниетте көрінеді.


Армандар жайлы


Индира. Мен сүйікті адамыммен теңіздің жағасында өмір сүргім келеді, мысалы, Италияда қартаюды армандаймын.

mamaidoch(8).jpeg

Менің балаларым өздерін тауып, халықаралық білім алғандарын қалаймын. Эльвира Канадада оқып келді.

Эльвира. Саяхаттап, әдемі тұрып, бақытты отбасымның болғанын қалаймын.

Ең үлкен арман — басқа адамдардың өміріне үлес қосу. Мен блог жүргіземін, қоғамдық қызмет пен қайырымдылықпен айналысамын. Адамдарға жақсы, саналы және бақытты болуға көмектескім келеді.


Балалық пен есею жайлы


Индира. Бүгінгі күні балалардың әлемі басқа құндылықтар мен түсініктерден құралады. Олар тез есейіп келеді, бірақ біз олардың алаңсыз балалық шағын ұзартуға тырысамыз.

Эльвира. Бала болу оңай емес. Бірақ өсе келе қиындықтар мен жауапкершілік артуда. Жасөспірімдердің жасы — ең ауыр кезең.

mamaidoch(6).jpeg

Үлкен болу қиынырақ. Бірақ егер адам өмірге саналы және сауатты көзқараспен қараса, онда оңай. Саналы түрде барлық қиындықтарды жеңе аласыз.

Өз ісіне өзің жауап беретініңді түсінгенде, есею процессі басталады. Ол жасқа байланысты емес. Менің жағдайымда Канадаға көшу — есеюдің себебі болды. Солай болғанына қуанамын. 23 жаста мен ересек адаммын.

Индира. Адам өз өміріне өзі жауапкершілік алып, жеке шешімдер қабылдап, қателіктер арқылы түзеле бастағанда есейеді. Бұл 15 жаста да, 30 жаста да болуы мүмкін.


Хобби жайлы


Индира. Маған саяхаттаған ұнайды. Әлі болмаған қалалар мен елдерге жиі саяхаттаймын. Жаңа орындарды, дәстүрлерді, тағамдарды, адамдарды тануды жақсы көремін. Тарихқа қызығамын, сондықтан тарихи жерлерге көп барамын. Өзіммен бірге балаларды да жиі аламын. Бұл тек хоббиім ғана емес, сонымен қатар жұмысым да.

Эльвираны сирек көремін. Бірақ белсенді онлайн қарым-қатынастамыз.

mamaidoch(3).jpeg

Эльвира. Менің хоббилерім көп. Мені саяхаттар қызықтырады. Айына бір рет бір жерге барып отырамын. Отбасымызбен немесе анаммен жиі саяхаттаймыз.

Сондай-ақ киноматография әлемін жақсы көремін. Өзімді киноиндустрияда көремін.

Белсенді демалыс ұнайды: тауға шығамын, каякинг, серфинг, йогамен айналысамын, спортзалда жаттығамын.

Анам екеуіміздің ортақ нәрселеріміз көп

Анам екеуіміздің ортақ нәрселеріміз көп. Кітапқа деген махаббатты анамнан алдым. Ол Instagram желісінде блог жүргізеді — ол да ортақ нәрсеміз.

mamaidoch(7).jpeg

Мен үйде сирек боламын. сондықтан әр кездесуімізді бағалаймын. Есейген сайын, анамның жанында болғанын қалаймын. Ол сезімтал адам.

Индира. Менің төрт балам бар, кейде тепе-теңдікті ұстап, барлығына уақыт табу қиын. Эльвира туғанда мен 22 жаста болдым. Оған көп көңіл бөлдім. Көп уақыт үйден жұмыс істеп, балалардың дамуымен айналыстым. Солай олар қолдауды сезінді. Қазір олар есейді. Бірақ жиі киноға барып тұрамыз, тауға шығамыз. Балалар мені сноубордқа тұрғызды. Әр сенбі сайын ата-анамызға кешкі асқа барамыз.


Жоспарлар жайлы


Индира. Болашақта балалар біргіп, бір-біріне жақын тұрып, хабар үзбесе екен деймін. Эльвира — балалардың үлкен әпкесі, кішілер оны тыңдайды. Отбасында аға мен қарындастардан жақын адамдар жоқ.

mamaidoch(2).jpeg

Олар жетістікке жетіп, өз жолдарын тапқанын қалаймын.

Эльвира. Болашақта инфлюенсер болып, адамдардың өмірлеріне әсер бергім келеді. Жоспарымда қоғамдық қор ашып, әлеуметтік жұмыспен айналысу бар. Сондай-ақ үлкен тату отбасымның болғанын қалаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.