facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ferma-u-doma-tabi-i-olzhet-md-n-mder-bar-almatyly-d-ken
logo
«Ферма у дома» — табиғи қолжетімді өнімдері бар алматылық дүкен

30.06.2018

«Ферма у дома» — табиғи қолжетімді өнімдері бар алматылық дүкен

Анжела Копылова, 38 жаста, туған жері — Алматы, «Ферма у дома» дүкенінің атқарушы директоры



Барлығы қалай басталғаны туралы



Дүкенді Алматы қаласының әкімшілігімен бірігіп 2016 жылдың күз мезгілінде аштық. Жобаның мақсаты — Қазақстанның фермерлік және шаруа қожалықтарының өнімдерін тұтынушылар үшін қолжетімді етеді.

DSC_0038.JPG

Біздің серіктестер «Байсерке Агро» шару қожалығын дамытуды бастаған кезде олар өнімдерін супермаркеттерге өткізуді бастады және супермаркеттердің жұмысқа, шарттарға жауап бергілері келмейтіндігіне тап болды. Нарықтағы үлкен ойыншылар ұсынатын шарттар шаруа қожалықтарына қиындық әкеледі: бұл торыға кірудің жоғары төлемі, үлкен ретро-бонустар, орта есеппен 21-30 күнге созылатын тауар үшін ұзақ төлемдер. Осылайша қымбат коммерциялық шарттарсыз жұмыс істеп, делдал бола алатын дүкен ашу идеясы келді.

Ашылу сәтінде біз табиғи сүт өнімдеріне бағдарланған тұңғыш дүкен болдық және бұл қатынасты әлі күнге дейін сақтап келеміз. Бізде табиғи емес бір де бір өнім, бір де бір атау жоқ.

Біз фермерлерге нарыққа барынша аз немесе ірі көлемде кіріп, тұтынушыға қол жетімді болуға көмектесеміз


Негізгі мақсат сүт өнімдеріне көзделген. Біз фермерлерге нарыққа барынша аз немесе ірі көлемде кіріп, тұтынушыға қол жетімді болуға көмектесеміз. Адамдар тек қана табиғи өнімдермен тамақтануға болатынын білгендерін қалаймыз. Өкінішке қарай, егер тұрғындар арасында сауалнама өткізсек, онда табиғи сүт өнімдерінің бар екендігі туралы білетін аз ғана адам бары анықталады, оған қоса жергілікті өнімнің, себебі бұл айтарлықтай белгісіз сегмент.

SwG_oIM53-g.jpg

Дүкеннің дизайнымен аса қиын болды. Ұзақ дискуссиялар мен даулар арқылы туындаған, әркім өз үлесін қосу арқылы шыққан микс пайда болды. Дүкенді жертөле немесе соған ұқсас секілді істеу туралы көптеген ұсыныстар болды, бірақ нәтижесінде біз еуропалық форматқа тоқталдық. Дәл осы себептен біздің дүкен ерекше — барлығы шыныдан жасалған.



Қиындықтар туралы



Негізгі қиындық өнімге деген ерекше назарда және сақтау мерзімінің аздығында. Яғни, біз қосымша қор ретінде сақтап қоятын қоймаларды жасай алмаймыз. Мәселен, табиғи сүттің ең көп жарамдылық мерзімі бес күн, сол себепті өнімдік қор жасау мүмкін емес. Табиғи сүт химиялық өнім секілді бір-екі ай тұрмайды, бұл негізгі қиындық.

DSC_0036.JPG

Тауар тапсырысын күнделікті жасап отырамыз. Бұл бізге де, өндірушіге де қиын. Мәселен, біздің бөлмеде тұрған барлық сүт өнімдері кешке дейін сатылып, ал өндірушіде жеткізумен немесе өндіріспен сәтсіздік туындаса, сату автоматты түрде алынып тасталады.

Табиғи сүт химиялық өнім секілді бір-екі ай тұрмайды, бұл негізгі қиындық


Демалыс күндері де оңай емес екендігін атап өту керек. Бұл уақытта барлық адамдар үйдерінде отырады және негізінен жексенбі күні біздің дүкен толығымен жуылады.



Өнім туралы



Біз сүт, айран, био йогурт, сары май, ірімшік сатамыз, сондай-ақ балық өнімдерін, жергілікті өндірушілер тұздығын, тәтті кондитер өнімдерін және т.б.

DSC_0011.JPG

Барлық өнімдер желісі қымбас емес және премиум қлассқа бөлінеді. Егер біріншісі жайлы айтатын болсақ, онда ол «Байсерке Агро» шаруа қожалығының өнімдері — сауда белгісі «Разия». Олар адамдарға қолжетімді болу үшін қолайлы баға саясатын ұстап тұрады. Олардың сүттерінің бір литрі 300 теңге, бұл нарықтағы жасанды сүттің бағасымен бірдей.

Премиум класс желісінің өнімдеріне «Хуторок» сауда белгілерін жатқызуға болады — олардың баға сегменті әлдеқайда жоғары. Сүттің бір литрі 470 теңге. Менің ойымша, адамдар үшін бұл аса сезілетін айырмашылық.

DSC_0015.JPG

Егер айырмашылық себептері жайлы айтсақ, онда «Байсерке Агро» бұл ірі агрохолдинг екенін білу керек. Олардың өнімдері арзанырақ, себебі олар қол еңбегін алмастыратын құрылғылардың көп санын қоя алады, нәтижесінде ол өнімнің арзандығына әкеледі. «Хуторок» — кішігірім отбасылық ферма, негізінен олар қолмен өндіреді, сондықтан бағасы да қымбаттырақ.

Біз сүт, айран, био йогурт, сары май, ірімшік сатамыз, сондай-ақ балық өнімдерін, жергілікті өндірушілер тұздығын, тәтті кондитер өнімдерін және т.б.

Біздің сатып алушылар енді әкелген, жаңа дайындалған өнімдерді сатып алуды көздейді. Дәл осы себептен біз өнімнің бүкіл күнге жетуін және келесі тауар келгенше ертеңгі күннің таңына дейін қалдыруға тырысамыз.

Нарықтағыдай ашық өнімді сата алмаймыз. Біздің барлық өнімдеріміз оралып, жарамдылық мерзімімен белгіленген. Әр таң сайын қызметкерлер әрбір өнімді қатаң тексеріп шығады, сапасы мен жарамдылық мерзімін бақылайды.



Жоспарлар туралы



2019 жылдың ортасына дейін осы дүкенге ұқсас 20 шақты дүкен ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл дүкен біздің компания үшін тәжірибелік жоба болды. Жаңа нүктелердің тұжырымдамасы дәл осыған ұқсас болады.

Сонымен қатар бұдан да ірі форматқа шыққымыз келеді — ол шамамен 1000 шаршы метр.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.