facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
europada-y-nemese-ba--deg-s-y-kt-rt-s-zd-koncert-ne-baru-ansha-bolady
logo
Еуропадағы немесе БАӘ-дегі сүйікті әртісіңіздің концертіне бару қанша болады

13.04.2023

Еуропадағы немесе БАӘ-дегі сүйікті әртісіңіздің концертіне бару қанша болады

Көптеген адам сүйікті әртісінің немесе тобының үлкен концертіне баруды армандайтын шығар, бірақ кейбірі мұның қанша тұратынын білмейді. Біз БАӘ мен Еуропаға ұмытылмас саяхат жасаған жастардың әңгімелерімен бөлісіп отырмыз.


Наргиз Жұмашева, 27 жаста, қаласы — Алматы, маркетолог, @zhum.n

Наргиз Ж

Өзі туралы

Мен Алматыда тұрамын. Маркетолог болып жұмыс істеймін. 2023 жылдың қаңтарында достарыммен бірге БАӘ-ге Imagine Dragons концертіне ұшып бардық. Бұл топ әрқашан плейлистімдегі ең сүйікті 5 орындаушымның қатарында болатын.

БАӘ-дегі концертке бару қанша тұрады

Концерт 26 қаңтарда Etihad Arena-да өтті. Билеттерді біз қараша айында, концертке екі ай қалғанда сатып алдық. Ешқандай жеңілдіктер болған жоқ, бірақ билеттер шамамен 50 000 теңгеден 200 000 теңге аралығында еді, яғни 110-450 $ құрады. Біз балконнан емес, бүйірлік аймақтан алдық. Билет құны 495 дирхам, яғни шамамен 60 000 теңге немесе 130 долларға шықты.

Қазақстан азаматтарына БАӘ визасы қажет болмағандықтан, құжат рәсімдеуге ақша жұмсамадық. Мен 300 000 теңгеге (660 $) ары-бері ұшуым мен тұратын жерім кіретін тур сатып алдым.

Қосымша шығындар тек жол жүруге, тамаққа, Абу-Дабидегі мешіт пен Луврға кетті.

Жалпы, 350 000-380 000 теңге — 800 $ шамасында жұмсадым. Бірақ бұл соған тұрарлық концерт болды.

Алған әсері туралы

Стадион 18 000 адамға арналған және ол тұтастай толды. Сондықтан біз концерт басталардан екі сағат бұрын келіп алдық. Залда жерлестеріміз көп болды. Концерт бір жарым сағатқа созылды. Алдымен Dj өнер көрсетті, содан кейін әртістердің өздері шықты. Концерттің бір жарым сағаты көзді ашып-жұмғанша зымырап өте шықты. Осылай тез өтіп кеткені өкінішті-ақ. Дегенмен атмосферасы керемет болды. Барлығы қосылып ән айтты. Осылайша, біз тамаша уақыт өткіздік.


Азамат Нұрмғамбетов, 28 жаста, қаласы — Астана, кәсіпкер, @azamat_nurmagambetov

Азамат Н

Өзі туралы

Мен өзімнің саяхаттау агенттігімді дамытып жүрген кәсіпкермін. Адамдарға виза алуға және туристік маршруттарды ұйымдастыруға көмектесемін.

Бала кезімнен үлкен жұлдыздың концертіне баруды армандадым. Сөйтіп өткен жазда, шілде айында, Нидерландының Арнем қаласында өткен Lady Gaga-ның концертіне бардым. Бұл Амстердамға жақын шағын қала. Маған бұл әртістің шығармашылығы, оның ән айтуы, энергиясы ұнайды.

Еуропадағы концертке бару қанша тұрады

Lady Gaga-ның бұл туры 2020 жылы өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты кейінге қалдырылған болатын. Нәтижесінде концертті қайта екі жылға кейінге шегерді. Бірақ сатылымдар ашылған бойда билет сатып алдым. Тіпті сатылымның ашылуын жіберіп алмас үшін телефоныма ескерту белгісін де қойдым, өйткені мұндай жұлдыздардың концерттеріне билеттер әп-сәтте сатылып кетеді. Ал кейінірек билетті делдалдардан сатып алсаңыз, ол қымбатқа түседі. Сахна жанында тұру орындары бар Golden Circle-ге билетімді 151 еуроға сатып алдым.

Виза 80 евро болды.

Ол кезде мен Ұлыбританияда, Манчестерде тұрып жатқан едім. Манчестерден Амстердамға және кері қайтуға әуе билеті 200 еуроны құрады. Мен оны ұшардан бір апта бұрын сатып алдым. Ұшу шамамен бір жарым сағатқа созылды.

Сондай-ақ Амстердамнан концерт өтетін Арнем қаласына жетуіме тура келді. Мен ол жаққа пойызбен бардым, билетті бір жаққа 17 еуроға сатып алдым. Бір сағат жол жүрдім.

Тұратын жерімді алдын ала қарастыруым керек еді. Бірақ мен бір апта қалған кезде ғана қонақүй іздей бастадым, сөйтіп ештеңе таппадым. Еш жер бос емес еді. Әрине, шағын қаладағы концертке бір уақытта 40 000 адам ұшып келсе, қайдан бос болсын! Сондықтан келгесін мен жай ғана әр қонақүйге, хостелге кіріп, бос орын сұрастырдым. Ақыры хостелден түніне 30 фунтқа орын таптым. Бірақ ол жерде сол қалпы түнемедім, өйткені концерттен кейін сол жерде танысқан жастармен таң атқанша серуендеп жүрдім. Таңертең Амстердамға пойызбен жеттім де, одан кейін Манчестерге ұшақпен қайттым.

Жалпы, Манчестерден концертке бару 433 еуро болды. Ал Қазақстаннан Манчестерге билет құны шамамен 300 000 теңге тұрды.

Алған әсері туралы

Концерт керемет өтті. Барлығы жақсы ұйымдастырылды. Үш сағатқа созылған концертте су таратылып, полиция, жедел жәрдем және өрт сөндірушілер жұмыс істеді. Стадион лық толы болды. Мен 18:00-де келдім және бізді бірден кіргізді. Леди Гага сахнаға үш сағаттан кейін, 21:00-де шықты.

Концерт барлық үмітімді ақтады. Lady Gaga-ның энергиясы керемет. Үш сағатымыз үш минуттай өтіп кетті.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.