Өмірі жайында
Мен Алматыдағы Philip Morris компаниясында жұмыс істедім, Краков қаласындағы бұл фирмада бос орын пайда болған кезде, мен сол жаққа баруды шештім. 2011 жылдан бастап мен осында тұрамын, себебі полякқа тұрмысқа шықтым.
Некелесу рәсімі Польшада өтті және қазақ тойынан өте ерекшеленді. Бұл діни ел, халқының 90% католиктер және олардың барлығы костелде үйленеді. Біз әртүрлі діннің өкілдері болғандықтан, жай ғана некемізді тіркедік, бұл небәрі 15 минут уақытты алды. Қонақта 30 адам ғана болды. Қызығы – тойларында толымды түскі ас беріледі: кеспе, екінші ас, салаттар және шайнамалар.
Балаларымыз болмаған кезде, күйеуімізбен қыста жұмысқа кетер алдында батарея жылуын тоқтататынбыз. Қазірде, әрине, суық кезде үйді жылылықта ұстаймыз. Қалада «каменицы» ескі үйлер бар, адамдар отын, көмір жағып үйлерін жылытады.
Мемлекеттік балабақшаларда балалар көп дегенде кешкі сағат беске дейін қалады, көбінесе сағат үш-төрт кезінде алып кету керек. Бұл өте ыңғайсыз, себебі үлкен қызым жекеменшік балабақшада оқиды. Мектепке жеті жастан барады, жалпы 12 жыл оқиды. Мемлекеттік мектептерде оқу тегін.
Фирмамыздың жұмыс кестесі икемді, яғни 8:00 немесе 9:00 келіп, өзіңнің сегіз сағаттық жұмысыңда атқарып, үйге кетуге болады. Аптасына бір рет қашықтықта, мысалы, үйден шықпай жұмыс істеуге болады.
Осында пошта үйі бар – интернетте жасалған тапсырыстар пошта жәшіктеріне келеді. Тек пошта үйлерінің орналасқан жеріне келіп, телефоныңа келген кодты енгізіп, затты алып кету керек. Бұл өте ыңғайлы, себебі жіберілген затыңды кез-келген уақытта алып кете аласың және курьерді күтудің қажеті жоқ.
Сонымен қатар стиркомат деген орын бар – киімдерді қалдыратын ұяшықтар, оларды жуып шығады, кейін алып кетуге болады.
Қызығы – Польшада ұлттық телевидение бар, оның құны электр энергиясының төлеміне кіреді. Мен таң қалғанмын, ал күйеуімнің айтуынша, Еуропада бұл қалыпты жағдай.
Осында келгенде, Польшаның моно мемлекет екенін байқадым. Краковта шетелдіктер көп емес, мен азиялық болғандықтан, барлығы маған қарап таң қалатын. Бірақ қазірде осында басқа елдерден көп адам келеді. Бастапқыда қазақтар аз, ал украиналықтар көп болатын. Қазақтардың саны өскен кезде, мен Фейсбукте Польшадағы қазақтар үшін топ құрдым. Біз жазда жиналып, өзеннің жанында пикник ұйымдастырдық.
Краковта өмір деңгейі Алматыдағыдай, бірақ Қазақстанға қарағанда Польша мейрамханаларындағы бағалар арзанырақ. Күйеуім Алматыға келген кезде, бағаларымыздан таң қалатын. Бірақ қала оған өте ұнады.
Қала жайында
Краков – тарихи қала, оның орталығы ЮНЕСКО дүниежүзілік мұраның тізіміне енген.
Дереккөзі: feerie.com.ua
Бұл таулары бар жасыл қала, Алматыны есіме салады. Климаты бойынша да екі қала ұқсайды, тек Краковтың ауасы әлдеқайда ылғалды болып келеді. Бұрын қыста қар көп болатын, ал қазірде аз. Ғаламдық жылынудың әсері деп ойлаймын.
Орталыққа көлікпен кіру тұрғындарына ғана рұқсат берілген. Жергілікті тұрғындарда осы ауданда тұрып жатқаны туралы арнайы тақтайшалары бар. Біз көлігімізді орталықтан тыс жерде немесе көлік қоятын жекеменшік орында қалдырамыз.
Осында барлығы адамдар үшін жасалған және кедей мен байлар арасында үлкен айырмашылық сезілмейді, адамдар сенің автомобильмен немесе қоғамдық көлікпен жүретініңе қарамайды.
Өзіңе қажетті автобусты немесе трамвайды интернет арқылы немесе қанша уақыттан кейін келетінін аялдамадағы табло арқылы көруге болатыны ұнайды. Жол жүру үшін ай сайын толықтырып тұруды қажет ететін картаны сатып алуға болады. 20-40 минут немесе бес сағаттың ішінде басқа көлікке орын ауыстыруға болатын билеттер де бар.
Тамақ жайында
Тамақтары орыс халқының тағам түрлеріне ұқсайды. Осында «Орыс бәліштері» деп аталатын варениктер әзірлейді.
Оған қоса поляктар барлығын ұнға аунайтынын байқадым. Егер котлет босла, ол ұнға аунатылып қуырылады. Барлық дерлік тағамдар шошқа етінен дайындалады.
Дереккөзі: findfood.ru
Сонымен қатар олар кеспені ұнатады, бірақ негізінен етсіз, макарондармен немесе картоппен ұсынады. Мен бешпармақты дайындап берген кезде, олар түсінбей қалды. Себебі олар үшін сорпа – бұл кеспе, оны басты тағамның алдында ішу керек.
Үйде кейбір кезде өз тағамдарымызды әзірлеймін. Күйеуім палауды және самсаны жақсы көреді.
Адамдары жайында
Поляктар бізге ұқсайды, олар да қонақжай халық. Бірақ біз қонақ шақырғанда, міндетті түрде дастархан жаямыз. Ал осында тек шәй немесе кофе ұсынуы мүмкін.
Отбасылық қарым-қатынастары берік. Олар барлық мерекелерде, отырыстарда бірге жиналады. Бірақ алыстағы туыстар – бөлелер, жиендер тек үлкен мейрамдар кезінде келеді. Кейбір кезде оларды тойға шақырмауы да мүмкін. Және бұл қалыпты жағдай.
Мен осында қазақ келіннің міндеттерін атқармаймын. Дегенмен ата-енемнің үйіне қонаққа барған кезде, ыдыс-аяқты жуып, оларға көмектесуге тырысамын.
Біз пәтерде тұрамыз және үйіміздегі көршілер бір-бірін таниды. Аулаларда бізде сияқты апалардың шығып, әңгімелесе алуы үшін отыратын жерлер де жоқ.
Достармен бірге мейрамханаға барған кезде, әркім өзінің шоты үшін төлейді. Жігіт қызды шақырған кезде, қыз өзі үшін төлейді. Тіпті біреудің туған күніне келген кезде, өзіңнің бөлігің үшін өзің төлейсің, әрине, сыйлығыңды да әкелесің.
Олар, әсіресе, жастар әрдайым көмектесуге дайын екенін байқадым. Көлікпен жүрген кезде, жолыңды ешкім кесіп өтпейді, барлығы байқап жүреді.
Польшадағы өмірі жайында бөліскен – Мадина Тұрсынқұлова.
Суреттер Мадина Тұрсынқұлованың жеке мұрағатынан алынған.