facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
er-adamdar-a-arnal-an-k-sippen-aynalysatyn-sh-yeldi-gimesi
logo
Ер адамдарға арналған кəсiппен айналысатын үш əйелдiң əңгiмесi
Мамандықтар

08.05.2017

Ер адамдарға арналған кəсiппен айналысатын үш əйелдiң əңгiмесi


Әсел Өмірбекова, 40 жаста, Алматы облысы, Kadam_kz шеберханасының басшысы


Менің аяқ киім тігетін шағын шеберханам бар. Қазір бізде 5 адам жұмыс істейді. Біз әйелдер мен ерлерге барлық жыл мезгілдеріне арналған аяқ киім тігеміз. Аяқ киімдеріміз таза былғарыдан жасалады. Әзірше аяқ киімдерімізді Алматыда бір дүкеннен ғана сатып алуға болады.


асель.jpg


Мен бұл кәсіпті 2,5 жыл бұрын 2015 жылы бастадым. Аяқ киім шеберханасын ашу идеясы маған қытайлық өндірістің зиянды әрі сапасыз аяқ киімдерімізді киетіндіктен келді. Оның үстіне жан-жануарға бай кең байтақ қазақ жерінде жүріп, таза былғарыдан жасалған сапалы аяқ киім киюіміз қажет. Аяқ киім шеберханасын ашқанға дейін мен ұлттық стильдегі киімдер тігумен және тойбастарға арналған теңдессіз кәдесыйларды жасаумен айналыстым. Қазақстанда ұлттық стильде киім тігетіндердің көп екенін, ал аяқ киімнің жетіспейтінін көп еститінмін. Сондықтан, еш қорықпастан осы істі қолға алдым.


Басында шеберханада немере інім екеуміз ғана жұмыс істедік. Уақыт өте келе ісіміз алға басты, бүгінде тігумен айналысатын керемет шеберлеріміз бар, ал мен тек дизайнын жасап, жұмыс процесін ұйымдастырып, қажетті материалдарды сатып аламын.


Қолдан аяқ киім тігетін әйелдерді кездестірмедім. Алматыда менен басқа әйел етікші жоқ деп ойлаймын. Біздің серіктестеріміз бен бәсекелестеріміз — ерлер. Әрине, әйел адам болған соң олармен тіл табысу қиынға соғып жатады. Цехке қажетті материалдарды сатып алуға арнайы дүкендерге барғанда етікшілерді өте жиі кездестіремін, әрине, олардың барлығы ер адамдар. Менің бұл істе, материалдар бойынша жақсы білетінімді көріп, бәрі таңырқай қарайды. Менің өз шеберханамның бар екенін айтқанда тіптен таңғалады. Олар маған тамсанып, игі тілектерін білдіріп жатады. Былтыр үш миллион теңгеге қайтарымсыз грант ұтып алып, осы қаражатқа құрал-жабдық сатып алдық. Бірнеше күн бұрын ғана Астанадан хабарласып, біздің брендімізге «Халық маркасы» белгісінің берілетінін айтты және біздің аяқ киімдеріміз ЭКСПО кезінде Астанадағы «Халық маркасы» павильонына қойылады.


обувь от асель.jpg


Мен бұл істі қолға алғанда мұның ерлердің ісі екенін, өзіме қиын жолды таңдағанымды түсіндім. Бұл іс сабырлылық пен еңбекті талап етеді. Біздің саламыздағы ең қиыны — сату. Қазір тек Алматы қаласында сатып жатармыз, сондықтан да басқа қалалардан өзіме серіктес, дистрибьюторларды іздеу үстіндемін. Дағдарыс кезінде ешкімге оңай болып жатқан жоқ, тіпті ерлерге де оңай емес. Ерлер бизнесімен айналысатын әйел ретінде бұл салада мені бәрі құрметтейді.


Қазақстан нарығына шығуды жоспарлап отырмын. Біз аяқ киімді қолжетімді бағамен сатамыз, аяқ киім қарапайым азаматтарға арналған. Мен әрбір қазақстандықтың сапалы әрі таза былғарыдан тігілген, қазақтың ою-өрнегі салынған аяқ киімді киіп жүргенін қалаймын.




Александра Омарова, 32 жаста, «Тамерлан» ұрыс клубының басқарушы директоры


Мен жаттықтырушы болып 15 жыл қызмет етіп келемін. Алғашқы 10-12 жыл, мен өз-өзіме жұмыс істеп, залды жалға алдым. Төрт жыл бұрын жолдасым екеуміз күшімізді біріктіруді шештік, мен ұрыс клубының әкімшілік мәселелері жағынан көмектестім. Біздің ұрыс клубымызда кикбоксинг, бокс, самбо, каратэ, қоян-қолтық ұрыс, джиу-джитсу, ММА, ушу мен тай бо секциялары бар. Тай бо бұл — мен жаттықтыратын ұрыс өнері түріндегі фитнес.


Бала күнімде көркем гимнастикамен айналыстым, алайда үнемі кикбоксингке қызығатынмын. Кейін, есейе келе кикбоксинг секциясын тауып, айналыса бастадым. Менің ұрыс өнеріне сай жүз пайыздық спорттық дайындығым мен табиғи дарыным бар еді. Бес жыл айналысып, спорт шебері атандым.


Александра.jpg


Жаттықтырушы бола жүрып, мен модерн-балеттен сабақ бердім, алайда ұрыс өнеріне жақын бірдеңеге көңілім ауып тұратын. Сосын модерн-балет сәннен шығып, үлкендер фитнеске, балалар хип-хопқа бет бұра бастады. Фитнес бойынша түрлі шеберлік сыныптарына қатысып, тай бо бойынша жаттықтырушы болдым. Тай бо бұл —муай-тай, каратэ, капоэйра сияқты ұрыс өнерін біріктіретін музыкамен орындалатын фитнес-бағдарлама. Бұл жоғары интенсивті фитнес, мұнда нәтижеге тез жетуге болады.


Ұрыс клубымыздың мақсаты — ұрыс өнері, клиенттеріміздің басым көпшілігі ерлер. Жаттықтырушыларымыздың басым бөлігі де ер-азаматтар.


Александра 2.jpg


Мен ер мінездімін, сондықтан ерлермен жұмыс істеген ыңғайлы. Ерлер ұжымында жұмыс істеген жеңілдеу, себебі олар нақты істің адамдары — айтты ма, орындайды. Бұл жағынан мен қаталмын. Кейбір әйелдер сияқты болғым келмейді: басым ауырып тұр, күйеуіммен ұрысып қалдым, себебі істі қолға алсаң, оны соңына дейін жеткізу қажет, ал олай істей алмасаң, ол іске еш кіріспе. Мен әйелдер ортасын көп жақтыра бермеймін. Өнімді әрі сауатты ойлайтын әйелдер аз. Әйелдер эмоционалды болып келеді, шешімдерін жиі өзгертеді. Әрине, рухтандырып, соңына ерте білетін, бірдеңе үйреніп, сұрауға болатын мықты әйелдер де бар. Көбінесе, әйелдер жаялық тралы немесе қандай түсті бесік таңдау керек дегенді сөз етеді. Екі баланың анасы болып, үшінші сәбиге жүкті болсам да, мені бұл нәрселер еш қызықтырмайды және қызықтырмайтын болады.




Карина Загидуллина, 29 жаста, Faqbet спорттық-сараптамалық жобасының дамыту жөніндегі директоры


Біздің компаниямыз спорттық аналитика саласында консалтингпен айналысады. Бізде барлық спорт түрі бойынша сарапшылар бар: футбол, хоккей, америкалық спорт түрлері. Олар түрлі елдерден: Сингапур, Германия, Ресей, Қазақстаннан қашықтықтан жұмыс істейді.


Мен өзім бұрын спортшы болғанмын, спорттық акробатикамен айналыстым. Бес жыл бұрын мені Айдын Тусуповпен таныстырды. Ол спорттық аналитика жөнінде блог жүргізетінін айтып, бұл саланың өзекті болатынына сенімді болды. Мен оның пікірімен келісіп, біріккен жоба ашуды ұйғардық. Ол сараптамамен айналысты, ал мен ілгерілету мен безендірумен айналыстым. ВКонтакте желісіндегі топтан бастап, бүгінде 800 мыңнан астам жазылушымыз бар. Бұл спорт аналитикасы жөніндегі ТМД елдеріндегі ең танымал топ. Қазір YouTube каналымыз бар, онда біз бейнежазба-болжамдармен және қызықты теңдессіз бейнежазба контентімен бөлісеміз. Әлбетте, өз сайтымыз да бар. ТМД елдеріндегі спорт аналитикасы бағытының басшыларымыз.


Карина.jpg


Менің жұмыста араласатын адамдарымның 90%-ынан астамы — ерлер. Клиенттерді айтпағанда, эксперт-қыздар жоқтың қасы. Эксперт болу үшін де белгілі бір спорт түрінен үлкен жетістікке жету керек. Қазіргі спорттың жағдайын, турнирлер кестесін, қай ойыншының, команданың қандай нәтижені мақсат тұтқанын білуің қажет. Спорттық аналитика аптасына 24 сағаттан 7 күн жұмыс. Алайда, мен үшін бұл қиын емес, себебі өзіме ұнайды. Өзіңнің қызығушылығың жұмысыңмен сәйкес келсе, бұдан ләззат аласыз.


Мен ерлер сияқты ойлаймын, бірнеше жыл бұрын автоспорт бойынша турнирге, қысқы раллиге қатысқанмын. Менің барлық қызығушылығым ерлердікі, мен футболға қызығамын, Манчестер Юнайтедтің жанкүйерімін, Ұлыбританияға олардың матчы кезінде көп ұшамын.


Карина 2.jpg


Ерлердің ортасында жұмыс істегенде өзіңді қай жағыңнан көрсететінің маңызды. Егер сен өз ісіңе байланған адам болсаң, шынымен де сарапшы болсаң, ер немесе әйел болғаныңның еш айырмашылығы жоқ. Мысалы, менімен тең сөйлеседі. Ал бәрі өзіңе сенімді болудан басталады. Сенімділік іштен шығып, айналаға таралады. Мен бөлмеге кірген кезде бәрі мені өз орнымда екенімді біледі.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.