facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/b78/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/4w04jdbnr9u61c51l1pkuaz0immvm7e6.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
edtech-zhas-sp-r-m-mektep-o-ushysy-rdastary-sh-n-b-l-m-beru-zhobasyn-alay-zhasaydy
logo
EdTech жасөспірім. Мектеп оқушысы құрдастары үшін білім беру жобасын қалай жасайды

20.12.2023

EdTech жасөспірім. Мектеп оқушысы құрдастары үшін білім беру жобасын қалай жасайды

Қазіргі зумер жасөспірім кезіндегі жетістіктерімен таң қалдырады. Құрдастары үшін жобалар жасай отырып, ол өңірдегі білім деңгейін дамытуға үлес қосуға ұмтылады.


Ерболат Сембаев, 18 жаста, Қостанай қаласы, ойын әзірлеуші, @celeteneo

erbolat

Өзім туралы

Мен Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысымын. Сүйікті сабағым — ойындарды әзірлеу. Бос уақытымда шахмат ойнаймын, жүзумен айналысамын және әр түрлі рубик текшелерді жинаймын.

Идея қалай келді

Өткен жылы математика пәнінің мұғалімі біздің сыныпта квест форматында сабақ өткізді. Қызықты болды, барлық оқушылар процеске тартылып, тақырыпты оңай меңгерді. Алайда, іс-шараны дайындау мұғалімнің көп уақытын алды, бұл әрбір тақырыпты осындай тәсілмен зерделеуге мүмкіндік бермеді. Сондықтан мен уақытты үнемдейтін және мұғалімдердің жұмысын жеңілдететін, сондай-ақ студенттерге қызықты интерактивті форматта білім алуға мүмкіндік беретін 3D ойын жасауды ұйғардым.

Маған оқулықтар бойынша оқытудың стандартты түрі қызықтырмайды, сондай-ақ 3D ойындар жасауды ұнатамын. Егер оқыту әдістерін түрлендірсек, оқушылардың қызығушылығына қол жеткізуге болады, ал бұл елдегі кадрлық жағдайға оң әсерін тигізеді деп санаймын.

Жоба туралы

Conludus — интерактивті оқытудың квест-жүйесі. Бұл материалды зерделеуге, сондай-ақ оны квесттен өту немесе түрлі тақырыптар бойынша дағдыларды пысықтау арқылы практикалауға болатын 3D ойын, оған «Вектор» ішкі ойын дауыстық ассистенті көмектеседі. Сонымен қатар, оқушылар бір-бірімен жарыса алады.

Бұл жобаға мен авторлық құқық алдым, Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі арасындағы ғылыми жобалардың ресми конкурсында бірінші орын алдым, Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі арасындағы «IT әлемінде» ғылыми жобалар конкурсында, Science. Technology. Algorithmization. және «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми жобалар конкурсында жеңіп алдым.

Өзімнің энтузиазмымның арқасында ойындарда түрлі механика мен логиканы іске асыруға үйрендім. Ойын жасау туралы жобаның басына қарағанда анағұрлым көп білемін. Мен үшін алған білім — басты артықшылық.

Елдегі EdTech-қоғамдастықты дамыту туралы

IT-саланы, әсіресе Astana Hub-ты насихаттайтын түрлі ұйымдардың ықпалымен Қазақстанда жас ғалымдар, стартаперлер мен кәсіпкерлер қауымдастығы қарқынды дамуда. Instagram-да таспаны парақтаған сайын адамдардың өмірін жақсартатын кезекті стартапты көруге болады.

Жоспарлар туралы

Жоспарда Қазақстанның білім беру мекемелеріне өз жобасын енгізу бар. Бұл ақпараттық технологияларды зерделеуге қызығушылықты арттыруға көмектеседі, бұл өз кезегінде білім сапасын және болашақ мамандығы үшін IT таңдайтын оқушылар санын арттырады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.