facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
dostardy-gidoponikasy-bar-zhylyzhay-salyp-tabi-i-n-mderden-pesto-t-zdy-yn-dayyndap-shy-aratyn-k-s-pter-zhayynda
logo
Достардың гидопоникасы бар жылыжай салып, табиғи өнімдерден песто тұздығын дайындап шығаратын кәсіптері жайында
Өмір сүру стилі

21.04.2019

Достардың гидопоникасы бар жылыжай салып, табиғи өнімдерден песто тұздығын дайындап шығаратын кәсіптері жайында

Арман Тапашев, 33 жаста, туған қаласыҚостанай, мұнайгаз саласындағы экономист

Болат Тынымбаев, 33 жаста, туған қаласы— Көкшетау, ақпараттық қауіпсіздік бойынша кеңес беруші

@theshopshop_astana

DSC_5214.jpg


Кәсіптің бастамасы


Арман. Біз МГУ университетінің механика-математикалық факультетін бітірдік және бұл сала бойынша жұмыс істедік. Бірақ әрқашан өзіміздің қолымызбен бір нәрсені жасап шығару ниетіміз болды.

Алматыдағы достарымыздан жылыжайды жүзеге асыру жайында білдік. Бізге бұл жоба ұнады, біз өндіріс процесімен қызыға бастадық. Адамдардың шағын тобын жинадық және олар идеямызды қолдады.

Бастапқыда біз руккола, жалбыз, насыбайгүл сияқты көк шөптерді өсіруге арналған жылыжайды салдық. Бұның барлығы біз үшін жаңа бағыт болды, бұл бағытта алғашқы қадамдарымызды жасадық.

Жылыжай үшін арнайы контейнер таңдап алдық. Оны орнату үшін бір күннің ішінде жалға алынатын жерді табуға және фундаментті дайындауға тура келді.

Өсіру процесінде логистика және өнімді өткізу тұрғыдан мәселелер туындады, себебі көк шөп тауарлық күйін тез жоғалтады. Біз бұл мәселені шешудің жолдарын ойластыра бастадық. Песто тұздығын өндірумен айналысқан Алматыдағы достарымыз мәселені шешу жайында ақыл-кеңестерін берді. Оларда өндіріс технологиясы болды, ал бізде насыбайгүлді өсіруге арналған жылыжай болды. Біз франшизаның шарттарын келісіп, елордада көк шөптен тұздық өндірісін жасап шығару кәсібін ашуды шештік.

Болат. Бұрын өнімді бірнеше күн бұрын сатып тастау керек болды, ал қазірде ол тұздық ретінде бір айға дейін сақталып тұра алады. Бұл өндіріс пен сатылымның көлемдерін жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жылыжаймен және өндіріспен жұмыстан кейінгі уақытта және демалыстарда айналысамыз.

1-63.jpg


Өндіріс жайында


Болат. Біз контейнер сатып алдық, оны қаптап, көк шөпті өсіруге болатындай жылытып қойдық. Ішінде гидропоника жүйесін жасап қойдық. Су құйылған бак және көп шөпті өсіруге арналған бірнеше науалар бар. Контейнерде арнайы жасанды led-жарығын орнаттық. Біз зиянды химикаттары жоқ қоректік ерітіндіні қолданамыз.

Гидропоника жүйесі шағын ауданда жақсы егін алуға мүмкіндік береді


Арман. Астанада осындай өнімді өсіріп шығаратын ыңғайлы аудан болған жоқ және климатттық жағдайлар сай болмады. Ал гидропоника жүйесі шағын ауданда жақсы егін алуға мүмкіндік береді. Насыбайгүл бапшыл емес екенін түсіндік, сол ебепті тек бұл өнімді өсіру шешіміне тоқталдық.

1-5.jpg

Болат. Қыста базарларда сапасы жақсы көк шөп жетіспейді. Тек импорттық және өңделген өнімдер бар. Егер өткен жылы мәселе көк шөптің қымбат болуымен байланысты болса, қыста насыбайгүл базарларда тіптен табылмады.

1-51.jpg

Арман. Бастапқы уақытта біз жылыжайда өзіміз жұмыс істедік, қазірде командамызға адамдарды тартып жатырмыз. Егінді жинау және өнімді өсіру бойынша жауап беретін адамдар бар. Және өндіріс цехында жұмыс істейтін адам бар.


Өнім және оның ерекшеліктері жайында


Арман. Біздің өнім Shöp Shop деп аталады, бірінші сөзі – қазақ тіліндегі «шөп» сөзі, ал екінші сөзі ағылшын тілінен аударғанда «дүкен» деген мағына береді. Песто тұздығы Алматыда өз орнын тапты және Астанадағы көптеген адамдар дүкенге келіп, қазақстандық өнімді сұрайды. Біздің тұздығымыз дәстүрлі рецепт бойынша дайындалады – жаңадан пісіп өскен насыбайгүл мен ешқандай қосындысыз, пастерленусіз және жасанды хош иістендіргішсіз табиғи өнімдердің қосындысымен жасалады. Қалада осындай өнім жоқ.

222

Арман. Бізде жыл бойы жаңа егін, жаңа өнім болып тұрады – бұл біздің ерекшелігіміз. Өнім пайдалы қасиеттерін және дәрүмендерін сақтайды. Цехта песто тұздығын насыбайгүлден, пармезан ірімшігінен, балқарағай жаңғақтарынан, зәйтүн майының суық сығындысынан дайындалады. Біз жасап шығаратын әрбір құтыны қадағалаймыз. Әрқашан клиентпен ашық диалогқа дайынбыз.

Біз жасап шығаратын әрбір құтыны қадағалаймыз


Болат. Песто тұздығын таңғы асқа қолдануға болады. Сонымен қатар оны пастаға немесе капрезе салатына қосады. Біз Instagram парақшамызда дәмді тағамдардың рецептерімен бөлісіп отырамыз.

333

Арман. Песто тұздығы дұрыс тамақтанудың және «Невредный», Gastronomy lab және Ecoshop экоөнімдерінің дүкендерінде ұсынылады. Сонымен қатар біз қаланың супермаркеттерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Болат. Дұрыс тамақтанудың дүкендерінде біздің өнімімізге деген сұраныс жақсы. Ресейлік песто тұздығы мен қазақстандық өнімнің арасында адамдар жергілікті өнімді таңдайды. Қазірде дұрыс тамақтанудың тренді кеңге таралған, адамдар өнім құрамындағы табиғи ингредиенттерге назар аударады.

DSC_5258.jpg


Қиындықтар жайында


Арман. Бұндай өндіріс кезінде операциялық жоспардың қауіп-қатерлері бар. Насыбайгүл – ауруға шалдыға алатын нәзік өсімдік. Сол кезде өнімді қайтадан өсіруге тура келеді. Тұздықты дайындаған кезде, біз бағалары әрдайым өсіп тұратын балқарағай жаңғақтарын қосып отырамыз. Бұның өзінде түсімнің төмендеуі арқылы өніміміздің бағасын ұстап тұруға тырысамыз. Біздің кәсібіміз жолдың басында және клиенттерге өнімнің сапасын таныту маңызды. Өсім мен түсім жайында кейін ойлануға болады. Песто тұздығының құтысын жекелеп 2000 теңгеге сатамыз.

DSC_5248.jpg


Нәтижелер мен жоспарлар жайында


Арман. Осы уақыт аралығында біздің брендіміз танымалдылыққа ие болды. Өнімімізді жәрмеңкелерге қойған кезде, бір күннің ішінде пестоның 100 құтысын сата аламыз. Адамдар тұздықтың сапалы және дәмді екенін біледі. Біз одан да кеңейтілген нарыққа шығуды қалаймыз, тұздықтардың түрлерін кеңейту жоспары бар.

Арман. Бұл қызықты жоба. Қазіргі деңгейде бұл үлкен хобби болып табылады, бірақ бұл істің табысты бизнеске айналатынына үміттенеміз. Жұмыс процесі кезінде жақсы нәтижелерге жету – үлкен ынта болып табылады.

Болат. Бізге өнімді жасап шығару ұнайды, себебі біз нәтижесін көріп жатырмыз. Клиенттер жақсы пікірлерін қалдырып жатады – бұл істің көрсеткіші болып табылады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.