facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/55e/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/ga2ebvedkkmm4hohhe0tvyfl69o3mc6q.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
dizayner-zhurnalist-fotograf-zh-ne-bas-a-da-maman-ieler-ne-arnal-an-8-haly-araly-bay-au
logo
Дизайнер, журналист, фотограф және басқа да маман иелеріне арналған 8 халықаралық байқау

26.09.2023

Дизайнер, журналист, фотограф және басқа да маман иелеріне арналған 8 халықаралық байқау

Біз өз саласының кәсіпқойларына керемет мүмкіндіктердің тізімін жасадық. Дизайн, фотосурет саласының мамандарына, экологтар, қолөнершілер және т.б. маман иелеріне арналған байқаулармен таныс болыңыздар.


Kokuyo Design Award

Өнім дизайны бойынша халықаралық конкурс. Кез келген елден қатысуға болады. Ол үшін күнделікті өмірде, жұмыста немесе оқуда қолданатын кез келген затты қайта ойластыру қажет.

Биылғы тақырып — «Примитив». Жеңімпаздар 2 000 000 иенге дейінгі сыйлықтар мен Жапонияға барлық шығындары төленетін саяхатқа ие болады.

Дедлайн: 11 қазан.

iF Social Impact Prize

Байқау қоғамды жақсартуға ықпал ететін жобаларды қолдайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының біреуіне немесе бірнешеуіне қол жеткізу үшін жұмыс істеп жатсаңыз, сіздің жобаңыз қатысуға құқылы.

Байқау аясындағы үздік жобаларға 100 000 еуро көлемінде даму гранты беріледі.

Дедлайн: 5 қазан.

International Innovation Design Awards

UNESCO-ның дизайн идеяларының халықаралық байқауы. Түрлі мультимедиялық форматтағы жұмыстар қабылданады. Басты критерий: нысандардың дизайны тұрақты даму мәселелерін шешуге қалай көмектесетінін көрсету.

Оған әлемнің түкпір-түкпірінен оқушылар мен студенттер қатыса алады. Инновациялық дизайнды әртүрлі елдердің атақты профессорлары мен салалық сарапшыларынан тұратын беделді қазылар алқасы бағалайды.

Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар және барлық шығындары төленетін Шанхайда өтетін марапаттау рәсіміне жолдама беріледі.

Дедлайн: 30 қыркүйек.

Global Grengrants Fund

Халықаралық климаттық қордың Орталық Азияға арналған жобалар байқауы. Бағдарлама экология, климат, экологиялық мәселелер және жаңартылатын энергия көздері саласындағы бастамаларды қолдауға бағытталған.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан жобалар қабылданады. Грант сомасы 500 доллардан 15 000 долларға дейін болуы мүмкін.

Дедлайн: 2 қазан.

Loewe Foundation Craft Prize

Loewe сәнді бренді қолөнер шеберлігіне арналған халықаралық байқау өткізеді.

Жұмыс толығымен немесе ішінара қолмен жасалуы керек және бес жылдан аспауы керек. Қабылданатын заттар мынадай материалдардан жасалуы тиіс: керамика, эмаль, зергерлік бұйымдар, лак, металл, жиһаз, былғары, тоқыма, шыны, қағаз, ағаш сияқты.

Жеңімпаздың жүлдесі 50 000 еуроны құрайды. Шорт-тізімге енген жұмыстар 2024 жылдың көктемінде Парижде көрмеде ұсынылады және ілеспе каталогта жарияланады.

Дедлайн: 25 қазан.

Atlas Shrugged Essay Contest

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға арналған эссе байқауы. Қатысу үшін «Атлант расправил плечи» романы бойынша берілген тақырыптардың біріне жазған мәтініңізді жіберуіңіз керек.

Байқауда 50-ден астам жеңімпаз болады. Бас жүлде – 10 000 доллар.

Дедлайн: 6 қараша.

Shining a Light International Photography Contest

Луисвиллдегі Мұхаммед Әли орталығының халықаралық фотосурет байқауы. Әйелдердің спорттағы белсенділігі мен жетістіктерін көрсететін жұмыстарды қабылдайды.

Алғашқы үш жеңімпазға $1000, $750, $500 көлемінде ақшалай сыйлықтар беріледі. Ал іріктелген 30 фотосурет арнайы көрмеге қойылады.

Дедлайн: 31 желтоқсан.

Professional Development Grants for Environmental Journalism

Экология және қоршаған орта саласындағы зерттеулермен айналысатын журналистерге арналған гран тбайқауы. Кез келген елдің ұйымдары мен тіркелген заңды тұлғалар өтінім бере алады.

Жобаға бөлінген жалпы сома 85 000 € құрайды. Оны зерттеу жүргізуге, біліктілікті арттыруға және курстарды сатып алуға пайдалануға болады.

Дедлайн: 12 қазан.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
2024 жылы Қазақстанда қандай бизнес ашу керек: ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін идеялар
2024 жылы Қазақстанда қандай бизнес ашу керек: ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін идеялар
Қазақстандағы Ozon бас директорынан мансап құру туралы 6 кеңес
Қазақстандағы Ozon бас директорынан мансап құру туралы 6 кеңес
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: сапасыз тауарды қайтару және ақша қайтару қағидалары

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: сапасыз тауарды қайтару және ақша қайтару қағидалары

Нетворкингті қайда іздеуге болады: мамыр айындағы Қазақстандағы 10 керемет шара
Нетворкингті қайда іздеуге болады: мамыр айындағы Қазақстандағы 10 керемет шара
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері