facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/bda/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/bda298ad95d276d20c06f411e8cf25c1.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
diplomat-zh-ne-k-s-pker-aza-tardy-franciyada-alay-t-ratyndary-zhayly
logo
Дипломат және кәсіпкер қазақтардың Францияда қалай тұратындары жайлы

22.02.2020

Дипломат және кәсіпкер қазақтардың Францияда қалай тұратындары жайлы

Берлин Иришев, 74 жаста, Қостанай облысы, Жітіқара, экономист, дипломат, қоғам белсендісі

BerlinIrishev(2).jpg


Қазақстан — Франция


Мені Франциядағы дипломатиялық жұмысқа таңдап алды. Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесші-елшісі қызметін атқардым.

Елшілікте алты жыл жұмыс істедім. Басқа да ұсыныстар болды, соның ішінде басқа елдердегі дипломатиялық қызмет бойынша. Бірақ маған Францияда ұнайды, сондықтан осы елде қалуға шешім қабылдадым.

BerlinIrishev(4).jpg


Көшу кезіндегі қиындықтар


Адамдар басқа елге көшкен кезде құжаттар, жұмыс, баспана бойынша қиындықтармен кездеседі.

Францияға дипломат ретінде келгендіктен қызметтік көлігім, Париждің орталығында орналасқан пәтерім


Менде мұндай қиындықтар туындаған жоқ. Францияға дипломат ретінде келгендіктен қызметтік көлігім, Париждің орталығында орналасқан пәтерім және долларлық көрсеткіштегі жалақым болды. Сондықтан тез үйренісіп кеттім.

BerlinIrishev(6).jpg

Бірақ басқа қиындықтар болды. Мамандығым бойынша банкирмін, экономикалық білімім бар. Бұл елге келгенде дипломатиялық жұмыста тәжірибем болған жоқ. Француз тілін де білмедім. Барлығын тез меңгеруге тура келді. Экономикалық әдебиеттерді талдап, француз тілінің ерекшеліктерін біліп алдым.


Франциядағы өмір жайлы


Францияға алғаш рет келгенде алдымен танымал орындарына назар аударасың.

Бірақ мені басты таңқалдырған нәрсе — Француз шармы: ескі Париж кварталдары мен монмартрлары. Парижде адамды шабыттандыратын ерекше атмосфера бар.

BerlinIrishev(3).jpg

Францияда азаматтық алдым. Қалуға тұрарлық болды. Париж — кешке қайда баратыңынды таңдауға тура келетін әлемдік мәдени орталық.

Мұнда күн сайын көптеген қызықты оқиғалар өтеді: концерттер, спектакльдер, кино. Адамдардың таңдауы бар, бұл адамның рухани өсуі үшін шабыт береді.


Қызметі жайлы


Францияда қаламын деп шешкеннен кейін дипломатиялық қызметтен кетіп, өзімнің жеке компаниямды аштым. Француз компанияларының инвестициялық жобаларға деген қажеттілігін білемін. Сондықтан инвестиция, энергетика және банк қызметі саласындағы жұмыс бойынша консалтингтік компания құрдым.

Сондай-ақ қоғамдық қызметпен де айналысамын. Франциядағы қазақтардың Қауымдастығын құрдым. Соңғы бірнеше жыл бойында қазақтың қаны бар, модель, Кристиан Диордың музасы болған, Алла Ильчунның өмірі мен қызметі жайлы зерттеулер жүргізудеміз.

Франциядағы қазақтардың Қауымдастығын құрдым


Мен оның бейнесі бар, суретті сатып алып, оның тарихымен қызықтым. Әріптестерімнен ол жайлы ақпаратты білуге көмектесулерін сұрадым. Белгілі бір ақпарат жинағаннан кейін «Муза Dior. История Аллы Ильчун» атты кітап шығардым. Бір жыл бұрын оның тұсауын кестік.

BerlinIrishev(5).jpg

Кейін деректі кино жасаймыз деп шештік. АҚШ, Ұлыбритания, Франциядан архивтік деректерді, кинохроникаларды, фотоларды сатып алдық. Бұрын олар еш жерде көрсетілмеген. Сондай-ақ Dior және YL сән үйлерімен жұмыс істедік. Олар бұрын Алланы білген адамдармен бізді байланыстырды. Онымен тығыз байланыста болған адамдарды, ұлын, кіндік қызын таптық. Олар Алла туралы қызықты деректерімен бөлісті.

Біз кітаптарымызға негізделген фильм шығардық. Олардың біреуі жарыққа шықты, екіншісі жақын уақытта шығады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.