facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
d-lbek-b-ken-ly-men-zarema-ramazanovany-otbasyly-ndyly-tary
logo
Әділбек Әбікенұлы мен Зарема Рамазанованың отбасылық құндылықтары

Әділбек Әбікенұлы 45 жаста, туған қаласы — Арқалық, кәсіпкер

Зарема Рамазанова 35 жаста, туған қаласы — Семей, Triumph Group event-компанияның негізін салушы

19.03.2019

Әділбек Әбікенұлы мен Зарема Рамазанованың отбасылық құндылықтары


Біз жайында


Зарема. Бізді 2002 жылы дискотекада ортақ досымыз таныстырды. Әділбек менен он жас үлкен – сол кезде мен студент едім, ал ол жұмыс істейтін. Мен бір көргеннен ғашық болған жоқпын, бірақ Әділбекті көрген кезде «Неткен сүйкімді және дарынды жас жігіт» деп ойладым. Қызықтысы – біздің отбасымызда әкемнің барлық ағаларының бойлары ұзын және біз Алматыдан көшіп келген кезде, анам осында мен өзімнің тағдырымды кезіктіремін деп айтқан болатын, себебі солтүстікте барлық жігіттер ұзын бойлы болып келеді. Мен бұл сөдерді есіме сақтадым және Әділбекті көрген кезде, бірден оның бойына назар аудардым.

Әділбек. Алғашқы кездескеннен-ақ оның күлімдегені менің есімде сақталып қалды. Зареманың күлімдегені әдемі еді және мен бірден танысуды шештім.

Зарема. Алғаш рет Әділбек: «Қарындас, сіздің күлімдегеніңіз өте әдемі! Жұлдызнама белгіңіз қандай?» деп сұрады. «Балықтар» деп жауап қайтардым, сол кезде ол «сіз маған сай келесіз» деді.

2018-04-25 18.43.11.JPEG

Әділбек. Ол маған ұнады, мен ғашық болдым. Кейін біз Заремамен екі жыл кездестік. Мен ұсынысты жағалауда, Кенесары хан ескерткішінің алдында жасадым. Сол уақытта мен үйленуді қаладым және егер Зарема екеуміздің тағдырымыз қосылмаса, мен ешқашан үйленбеймін деп ойладым. Менің белгілі бір өмір салтым қалыптасқан болатын, мен үйде тәртіптің болғанын, барлық нәрселер өз орнында жатқанын ұнататынмын. 31 жасқа дейін осылай өмір сүрген кезде, тұрмыс салтыңды өзгерту қиынға соғады.

Бір қызығы – Зарема екеуміз кездесіп жүруді бастаған кезде, барлық өткен қарым-қатынастар қыздардың бірден тұрмыс құру жайындағы әңгімені бастаған себебінен көпке созылмайтын. Екі жыл ішінде Зарема тұрмысқа шығуды қалайтынын бір де бір рет айтқан емес. Мен өзім осы шешімге келдім.

Зарема. Мен тұрмысқа шығуды жоспарлаған жоқ едім. Менде басқа жоспарлар болды, мен Мәскеуге оқуға баруды қаладым. Бірақ кейін скинхедтердің әрекеттері басталды және әкем мені жібермеді. Әрине, мен Әділбекті кездестіргеннен кейін, Мәскеуге баруды қатты қалаған жоқпын.

2018-04-25 18.42.27.JPEG

Тойымыз салтанатты түрде өтті. Қыз ұзатуды Алматыда жасадық, шамамен 150 қонақ болды. Тойдың үстінде көп қызықты сәйкестіктер болды. Біз Әділбек екеуміз кездейсоқ кездесулер мен кездейсоқ нәрселердің болмайтынына сенеміз.

Тойға деген дайындық қызу үстінде болды, біз шаш үлгісін таңдап жүрдік және анам қалыңдық образындағы қыздың суреті бар журналды алып келді. Біз осындай шаш үлгісін жасап, соған сай келетін көйлекті таңдап алу үшін, журналдың бетін қайырып қойдық. Біз көйлек таңдауға бардық, сай келетін көйлекті ұзақ уақыт таңдадық, ал таңдағаннан кейін журналдың бетін ашып қарасақ, қыздың үстінде дәл мен таңдаған көйлек болған екен.

Алғашқы кездескеннен-ақ оның күлімдегені менің есімде сақталып қалды



Астана жайында


Әділбек. Мен Қарағандыдағы әскери мектепті бітірдім. Ата-анам Астанаға, сол кездегі Целиноград қаласына 1988 жылы көшіп келді. Сол уақыттан бері біз осында тұрып жатырмыз.

Зарема. Менің туған қалам — Семей. Мен жеті жаста болған кезде, біз Алматыға көштік. Алғашқы мемлекеттік қызметкерлерді Астанаға көшіріп әкелген кезде, солардың қатарында менің әкем де болды. Мен де осында көшемін және осында оқимын деп шештік.

2018-04-25 18.45.00.JPEG

Бастапқыда, Астананың қалыптасуы кезінде және жалғыз орталық көше болған кезде, Алматыдан кейін бұл қала кішкентай болып көрінді. Бірақ мен осында көп жақсы достарға ие болдым, біз студенттік кезден бастап әлі күнге дейін араласамыз, ал қазірде отбасыларымызбен араласамыз.

Мен Астананы ұнатамын. Бұл мен үшін нөмірі бір болып табылатын қала. Себебі осында менің балаларым дүниеге келді, осында мен өз махаббатымды кездестірдім. Мен Астананы оның заманауи, озық болып табылатыны үшін, оның кең көшелері үшін, тіпті оның ауа райын да жақсы көремін.

Біздің балаларымыз «Мимиорияны» жақсы көреді. Сол жерде көңілді уақыт өткізуге, тамақ ішуге болады. Ауа-райы жақсы болған кезде, біз Бурабайға шығып тұруға тырысамыз. Қазірде балалар өсіп қалды және жол жүру жеңілірек болды.

Мен Астананы ұнатамын



Отбасы жайында


Зарема. Біздің төрт баламыздың барлығы әртүрлі.

Әділбек. Біздің тұңғышымыз туған кезде, біз ата-ананың алғашқы эмоцияларын басымыздан кешірдік. Біз үшін барлығы жаңадан болды – баланы шомылдыру үшін су қайнататынбыз, мен тіпті шыбын-шіркейлерді он метр қашықтыққа қуатынмын.

2018-04-25 18.28.58.JPEG

Зарема. Шомылдыру кезінде, жанымызда атасы мен апасы тұратын, барлығы суды шынтақтарымен тексеретін. Балаға ешбір жерден суық келмегенін, жанында ешкімнің түшкірмегенін қадағалайтын, барлығын спіртпен сүртіп қоятын. Қазірде осының барлығын есімізге алғанда, күлкіміз келеді. Әрбір баламен тәжірибеміз одан сайын өсетін. Уақыт өте, барлық нәрселерді өз қалпында қабылдасаң, жақсырақ болатынын түсіндік. Бұл біздің өзіндік ұранымыз – барлығына жеңілдікпен қарау.

Балаларды тәрбиелеген кезде, оларды өмірге жеңіл қарауға үйретуге тырысамыз. Мысалы, оқуды жеңіл қабылдауға үйретеміз. Біздің жолымыз болды, біздің өмірде Мұқашева Лейла Саламатқызы кездесті – мен оны өзімнің алғашқы ұстазым деп санаймын. Біздің балаларымыз оның жетекшілігімен Монтессори жүйесі бойынша жұмыс істейтін «Жұлдыз» балабақшасына барады. Біз балаларымызды басқа балабақшаларға беріп көрдік, бірақ Лейла Саламатқызы жасаған орталық әлдеқайда жақсырақ екенін түсіндік.

Монтессори жүйесі бойынша әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарайды және бұл бізге ұнайды, бұл маңызды. Қазірде мүлдем басқа ұрпақ өсіп келе жатыр, олар бізден қатты ерекшеленеді, әркімнің жеке пікірі болуы тиіс. Монтессори жүйесі қазақ менталитетіне сауатты түрде бейімделген. Тіпті балалардың тамақ ішуіне дейін олар таңдау еркіндігіне ие.

2018-04-25 18.16.15.JPEG

Балалар балабақшаны бітірген кезде, біз оларды классикалық мектепке – бұрын 9 лицей болған қазіргі Экономикалық лицейге беруді шештік. Сол жерде бұрынғы түсінікпен қалыптасқан мұғалімдер қалды. Бұл мектептің білім беру жүйесі біз тәрбиелеп жатқан жүйемізге сәйкес келмейді. Үлкен ұлымыз Сағдиді мектепке берген кезде, бұл жайында уайымдаған болатынбыз, бірақ осындай балабақшадан шыққан бала тұлға болып қалыптасқанын және оған ешбір жүйе ықпал етпейтінін түсіндік. Бұл үлкен көрсеткіш еді.

Мектеп мәселесіне келсек, біз мұғалімдерге баға үшін оқымайтынымызды бірден айттық. Біз үшін балалардың үлгерімінен бұрын олардың мейірімді болғанын, жанжалға ұрынбайтынын, қиын жағдайдан шыға білетінін көру маңызды. Ұстаздар балаларымызды жақсы көреді. Біздің балаларымыз ерекше және еркін екенін жиі естиміз.

2018-04-25 18.13.09.JPEG

Біз балаларымыздың шығармашылық қасиеттерін дамытамыз, себебі мен бұл ғасыр шығармашылық адамдардың ғасыры болады деп санаймын. Балалар үш жастан бастап бимен, ән айтумен, фортепианода ойнаймен айналысады. Әділбектің өзі ән айтады, гитарада ойнайды. Бізде демалыс күндері отбасылық концерттер ұйымдастыру дәстүрі бар. Біз барлығымыз бірге ән айтып, билейміз. Бұның өзінде балаларға артық міндет жүктемейміз: олардың таңертеңнен кешке дейін үйірмелерде жүргенін қаламаймыз. Қазіргі кезде бұл ата-аналардың үлкен мәселесі.

Біздің отбасылық дәстүріміз – туған күндерімізді көңілді өткізу. Таңғы алтыдан бастап туған күн иесінің бөлмесіне шарлармен, плакаттармен, ашық хаттармен кіріп, құттықтаймыз. Жалпы біз мерекелерді ұнатамыз.

Менің жеке бизнесім бар, отбасымен, балаларымен, күйеуіммен қатар ісімді аяққа тұрғызу қиын болды. Түнімен жұмыс істеп, күні-түні ұйықтамаған кездер де болды. Қазірде барлығы жеңілірек, менің сенім білдіретін жауапты адамдарым бар.

2018-04-25 18.46.53.JPEG

Біз бос уақытты бірге өткізуге тырысамыз. Отбасымызда мынадай ереже бар – күні бойы бір-біріміздің жанында жүрумен қатар басқа іспен айналысқаннан гөрі жарты сағат бірге болып, осы уақытты сапалы өткізгенді жөн санаймыз.

Әділбек. Біздің отбасымыз мейірімді және сезгіш. Балалар махаббаттың ортасында өсіп жатыр.

Зарема. Біздің отбасымыз көңілді. Біз әрдайым позитивті көңіл күйде жүреміз.

Балаларды тәрбиелеген кезде, оларды өмірге жеңіл қарауға үйретуге тырысамыз



Қазіргі сәттегі рухтың күйі


Әділбек. Біздің алғашқы ережеміз – дәл осы сәтте және дәл осы жерде өмір сүру.

Зарема. Біз өзімізді жайлылықта сезінеміз. Қазірде балалар достарымызға айналып бара жатыр, олармен үлкендердің тақырыптарына әңгімелескен кезде, оларды басқа қырынан таныған кезде, шынайы түрде рахаттанасың.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.