facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/7f5/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/7f5e889f721b0623b371d8cab55897dd.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
derekt-kino-ys-ametrazhdy-fil-mder-zharnama-rolikter-aza-stanny-zhas-rezhisserler-ne-t-s-red
logo
Деректі кино, қысқаметражды фильмдер, жарнама роликтер — Қазақстанның жас режиссерлері не түсіреді

14.03.2020

Деректі кино, қысқаметражды фильмдер, жарнама роликтер — Қазақстанның жас режиссерлері не түсіреді

Айсұлтан Сеитов, @aisultan


ais.jpeg

Айсұлтан Сеитов — Қазақстанның танымал режиссерлерінің бірі. New York Film Academy-да оқыды. Оның «Шакал» қысқаметражды фильмі Hollywood Boulevard фестивалінде жеңіске жетті.

Jah Khalib, Иван Дорн, Noize MC, Елена Темникова, 21 Savage, Joji, Offset-пен жұмыс істеді. Жұмыстарының ішінде Yves Saint Laurent және «BMW Қазақстан» компанияларына арнап түсірген жарнама роликтерін атап өтуге болады.

Режиссердің ең күрделі жұмыстарының бірі — Give No Fxk трегіне американдық Migos, Young Thug және Travis Scott Give No Fxk рэперлерінің бейнебаяны.


Медет Шаяхметов, @medet.pbc


medet.jpg

Медет Шаяхметов — музыкалық бейнебаяндардың режиссері, New York Film Academy-ын бітірді.

Медет ТМД елдерінің үздік әртістерінің бейнебаяндарын түсіреді: Скриптонит, MOLDANAZAR, Jah Khalib, Ёлка, Егор Крид, Елена Темникова, Feduk. Кейбіреулерімен бірнеше рет жұмыс істеді.


Қанат Бейсекеев, @beisekeyev


kana.jpg

Қанат Бейсекеев — деректі кинолардың режиссері. Шетелде және елде тұратын қазақстандықтардың өмірі жайлы қысқаметражды фильмдер түсіреді. Танымал жұмыстарының ішінде «Бала», «Освобожденная» фильмдерін атап өтуге болады.


Дархан Түлегенов, @darkhan_tulegenov


darkhan.jpg

Дархан Тулегенов — кино режиссері. Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында білім алды. Авторлық-әңгіме жанрында драмалар, триллерлер, клиптер мен жарнамалық және әлеуметтік роликтерді түсіреді. Оның жұмыстары кинофестивалдерде халықаралық марапаттарға ие болды ,оның ішінде «Қырғызстан- қысқа метражды фильмдер елі», Monaco charity film festival фестивальдерінде Гран-при иеленді.


Қыран Талапбек, @kyran_talapbek


kyran.jpg

Қыран Талапбек — режиссер және видеограф, Kyran FILMSнегізін қалаушы. Қазақстандық және әлемдік брендтер үшін коммерциялық роликтер түсіреді.


Берік Жаханов, @berikzhakhanov


berik.jpg

Берик Жаханов — ойын және деректі кино режиссері, Алматыда өнер Академиясында оқыды. Осы уақыт ішіндеЧехия, Санкт-Петербург, Нью-Йорк және Қазақстан фестивальдеріне қатысты.

Оның «Бабалар мұрасы» атты алғашқы деректі фильмі «Бастау» студенттік фильмдер кинофестивалінің «үздік деректі фильмі» сыйлығына ие болып, Лондондағы — The London International Filmaker Festival 2019 кинофестивалінде көрсетілді.


Даурен Қамшыбаев


dauren.jpg

Фотоның дерек көзі: daronoffsky

Даурен Қамшыбаев — режиссер-сценарист, Калифорния университетінің жазушы тобының мүшесі. Trinity Film FestivalХалықаралық фестивалінің лауреаты, Astana Action FilmFestival кинофестивалінің жеңімпазы, Канн кинофестиваліқысқа метражды кино секциясының қатысушысы. NO LIMITS деректі фильмін, QAISAR қысқа метражды фильмін, ST ресейлік орындаушысының «Родители» әніне бейнебаянтүсірді. Дәурен — Тараздық Taraz film school киномектебініңнегізін қалаушылардың бірі.


Бекентай Ажибеков, @bekentay


bekentay.jpg

Бекентай Ажибеков — жас режиссер. Оның қоржынында ондаған музыкалық клиптер, оның ішінде MOLDANAZAR, Данэлия Тулешова, ресейлік орындаушы Haruдың клиптері бар.


Айбат Рахманов, @rakhmanovsky


aibatrakhmanov.jpg

Айбат Рахманов — режиссер, жарнамалық роликтер мен клиптерді түсіреді. Сингапурда оқыды. Соңғы жұмыстардың бірі— қазақстандық әнші DEQUINE үшін «Убью» трегіне арналған бейнебаян.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.