facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
daniyada-y-aza-tar-alima-tulesheva-er-adamdardy-dekrett-k-demalys-a-shy-uy-zh-ne-y-zhinau-a-atsalysuy-zhayynda
logo
Даниядағы қазақтар. Алима Тулешева ер адамдардың декреттік демалысқа шығуы және үй жинауға атсалысуы жайында

20.02.2019

Даниядағы қазақтар. Алима Тулешева ер адамдардың декреттік демалысқа шығуы және үй жинауға атсалысуы жайында

Алима Тулешева, 29 жаста, туған қаласы — Семей, байер

77.jpeg


Алматы — Шанхай — Орхус


Мен Семейде тудым, бірақ көшіп кеткенге дейін Алматыда тұрдым және КИМЭП-те оқыдым. 2 жыл Тұңғыш Президент Қорында жұмыс істедім және 2013 жылы оқуымды жалғастыруды шештім. Мен Шанхайға магистратураға түстім. Сол жерде үш жарым жыл тұрдым және өзімнің болашақ күйеуімді кездестірдім. Даниялық жігітімен тұрмыс құрғаныма үш жыл болды.

Жолдасыма Данияда жұмыс істеу ұсынысы түскеннен кейін, біз көшіп кеттік. Қазір біз Орхус қаласында тұрып жатырмыз – бұл Копенгаген қаласынан кейін елдегі ең ірі қала. Бірақ қазақстандық өлшем бойынша бұл қала шағын болып саналады, тұрғындар саны 300 000 адам ғана.

 2.jpeg


Алғашқы әсер мен қиыншылықтар жайында


Данияға көшіп кеткенге дейін мен бұл ел жайында аз ақпарат білдім – бұл Ганс Христиан Андерсеннің және LEGO ойыншықтарының Отаны. Бірақ бұған қарамастан, жаңа елге бейімделу жеңіл өтті.

Дания – иммиграциялық ережелері ең қиын ел болып табылады

Дания – иммиграциялық ережелері ең қиын ел болып табылады. Қажетті құжаттарды алуға алты ай кетті, содан кейін маған дания тілін оқу бойынша тегін курстар ұсынылды. Дания тілі – казақ, орыс, ағылшын және қытай тілінен кейін менің бесінші тілім. Тұрғындардың 90 % ағылшын тілін меңгеріп жүргеніне қарамастан, жұмыс іздеген кезде тілді білу маңызды. Дания тілі, әсіресе оның айтылымы қиын, дегенмен кейбір дыбыстар қазақ тілінің дыбыстарына ұқсайды, мысалы, екі тілде де Ө әрпі бар.


Даниядағы өмір жайында


Дания – экономикасы тұрақты және жемқорлық деңгейі төмен өркендеуші мемлекет. Бұл ел әлемдегі ең бақытты ұлттар рейтингтердің құрамына жиі еніп тұрады және бұл шынайы ақпарат. Дания тұрғындарының басым бөлігі өз өмірлеріне қанағаттанған.

00.jpeg

Даниялық адамдар – ұстамды, бірақ әдепті және адал халық. Олар тұйық адамдар болып көрінгенімен, қазақтар сияқты қонақжай болып келеді. Данияда отбасы және достармен жайлы кештерді білдіретін Хюгге деген түсінік бар.

Спорт – даниялық азаматтың өмірінің маңызды бөлігі. Көшіп келген кезде, көзіме түскен алғашқы нәрсе – велошабандоздардың және әртүрлі жастағы жүгіретін адамдардың көп болуы.

Оған қоса даниялық адамдардың өмір сүру ұзақтығы таң қалдырды. Мысалы, күйеуімнің үлкен әжесі мен атасы 101 және 103 жас өмір сүрді, ал 90 жылғы атасы Қазақстандағы тойымызда белсенді түрде билерге қатысып жүрді. Бұның барлығы тегін медицина бойынша мемлекет саясатының және жақсы экологияның нәтижелері.

Danish architecture.jpeg

Даниялықтар экологияға үлкен көңіл аударады: электр қуатының 45 % жел диірмені арқылы өндіріледі, ал көлік сатып алатын кезде көлік бағасының 150 % салығын төлеу қажет.

Әйелдер мен ер адамдар арасында тең құқытық орын алады. Осында әйелдердің және ер адамдардың міндеттері бөлінбейді. Мысалы, ер адамдар да декреттік демалысқа шығады, тамақ әзірлеуге және үйді жинауға қатысады. Мен әкемді бір де бір рет ас үйде көрмегенімді естіген кезде, күйеуім таң қалды.

Осында әйелдердің және ер адамдардың міндеттері бөлінбейді

Даниялықтар Қазақстан жайында жиі сұрайды, оларды біздің мәдениетіміз бен тарихымыз қызықтырады. Мен Қазақстан елін туристік бағыт ретінде газеттер мен ТВ арналарында жиі көремін. Сонымен қатар Қазақстан даниялықтарға «Астана» спорт клубымен танымал, себебі клуб велошабандоздарының бірі даниялық азамат. 2017 жылы біздің дәстүрлі тойымыз Алматыда өтті, сол тойға Даниядан 43 қонақ келді. Олар біздің тойға қатысты дәстүрлерімізге тәнті болды және әлі күнге дейін сол сапарды қуанышпен еске алады.

Danes in Kazakhstan.jpeg

00.jpeg


Жұмыс жайында


Данияға көшіп келгеннен кейін бір жыл өткен соң, мен BESTSELLER деген даниялық ірі компаниялардың біріне орналастым. Бұл компанияға 16 киім брендтері тиесілі.

Данияның жұмыс мәдениеті қазақстандық мәдениеттен қатты ерекшеленеді. Осында нақты иерархия жоқ, басшылық пен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас достық және сенім негізінде құрылады. Жұмыс мәдениетінің негізінде тең құқықтық және ұйымдағы дәрежеге тәуелсіз өзара сыйластық идеясы жатыр. Бұл кеңседегі атмосфераның бос және ашық болуына ықпал етеді.

Біздің бас директорымыз – Forbes журналының нұсқасы бойынша Данияның екінші қатардағы ең бай адам болып табылады. Мен оны алғаш рет асханадағы жалпы кезектің соғында көрген кезде, таң қалдым. Осында бұл қалыпты нәрсе.

2.jpeg

Біздің компаниямызда жалпы барлық даниялық компаниялардағыдай дресс-код жоқ. Жұмыс күні сағат 16:00, ал жұма күндері сағат 15:00 аяқталады. Даниялық азаматтар үшін жеке өмір мен жұмыс арасындағы теңгерімнің болуы маңызды. Олар жұмыста жұмыс уақытын барынша тиімді өткізуге дайын, ал үйге барған кезде, олар өздерін толықтай отбасыға, хоббилеріне және достарына арнайды.


Ел қалай ықпал еткені жайында


Мен Данияда үш жыл бойы тұрып жатқан уақыт аралығында бұл елді ұнаттым және күйеуімнің Отаны мені жақсы ықыласпен қабыл алғаны үшін алғыс білдіремін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.