facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
d-uren-zh-ne-sem-ker-mbaevtar-balalaryna-a-yl-aytudy-natpaytyndary-zh-ne-dosty-arym--atynasty-stanatyndary-zhayynda
logo
Дәурен және Әсем Керімбаевтар балаларына ақыл айтуды ұнатпайтындары және достық қарым-қатынасты ұстанатындары жайында

27.06.2019

Дәурен және Әсем Керімбаевтар балаларына ақыл айтуды ұнатпайтындары және достық қарым-қатынасты ұстанатындары жайында

Дәурен Керімбаев, 41 жаста, туған қаласы — Риддер, кәсіпкер

Әсем Керімбаева, 41 жаста, туған қаласы — Семей, IT Talant бағдарламалау мектебінің жетекшісі, @centertalant

Дилнұр Ғалымбекова, 18 жаста, туған қаласы — Семей, түлек

Дінмұхамед Ғалымбек, 15 жаста, туған қаласы — Риддер, Қажымұқан Мұңайтпасов ат. Спорт мектебінің оқушысы, жүзгіш

Алихан Ғалымбек, 11 жаста, туған қаласы — Ақтөбе, мектеп оқушысы, шахматшы

Алдияр Ғалымбек, 9 жаста, туған қаласы — Астана, мектеп оқушысы

B91DAEA5-E12F-46C2-BF1D-56D7C589345E.jpeg


Біз жайында


Дәурен. Біз – жерлеспіз, туыстарымыз бір-бірімен таныс болған. Менің ағам Әсемнің әкесінің досы еді және ол әрқашан біздің үйленгенімізді қалайтын. Мен ұзақ уақыт бойы ұялып, қашып жүретінмін. Әсем екеуміз дос болатынбыз, достарыма туыспыз деп айтатынмын.

Әсем. Біз бес жыл бойы Семейдің университетінде бірге оқыдық. Бастапқыда бізді достық байланыстыратын, ал бесінші курста біз кездесе бастадық.

Жастар бастапқыда достық қарым-қатынаста болып, қызуғышылықтары, өмірге деген көқарастары ортақ болған кезде – олардың қарым-қатынасы мен некесі берік және ұзақ болады. Біз доспыз, бір-бірімізге сенеміз, әзіліміз жарасқан – бұл отбасылық өмірде көмектеседі.

Дәурен. Бастапқыда университеттен кейін, біраз ақша тауып, кейін үйлену керек деп ойлайтынмын. Бірақ Әсем университеттен кейін үйленбесек, мансап құрайтынын айтты. Сол себепті біз институттан кейін бірден үйленетініміз жайында ортақ шешім қабылдадық. Ата-аналарымыз бізді қолдады.


Астана жайында


Дәурен. Біз көшіп кетуді шештік, себебі Семейде тар бола бастады, 2000 жылы Астанаға алғаш рет келген кезде, осында біз және балаларымыз үшін мүмкіндіктердің бар екенін түсіндім.

A009ED7F-9125-4D33-87AB-9DDBB8B44497.jpeg

2003 жылы біз Астанада пәтер сатып алдық, бірақ 5 жылдан кейін ғана көшіп келдік, себебі 2004 жылы мені ұзақмерзімді іссапармен Ақтөбеге жіберді. Жоба аяқталғаннан кейін, біз Астанаға көшіп кеттік. Елордада тұрып жатқанымызға он жыл болды, бүкіл отбасымыз осында қоныс аударды.

Әсем. Біздің қызымыз Семейде, Димаш Риддер қаласында, Алихан Ақтөбеде, ал Алдияр Астанада дүниеге келді. Бірақ балалар үшін Астана – туған қала болып табылады.

Дінмұхамед. Астана — басқа аймақтарға қарағанда әрдайым дамып отыратын әдемі қала.

Дәурен. Біз уақытымызды Бейбітшілік және Келісім сарайының жанында орналасқан Президент саябағында, Триатлон саябағында, жағалауда өткізуді ұнатамыз.


Отбасы жайында


Әсем. Біз ерте үйлендік, балаларымызды интуитивті түрде тәрбиеледік – бұл дұрыс болып шықты. Оларды шығармашылық және физикалық тұрғыдан дамытуға тырысамыз.

9D1A9D30-E021-4BE5-A7A1-F9581C573E09.jpeg

Үлкен қызымыз — Дилнұр. Біз оны бес жасынан бастап көркемөнер мектебіне бердік және бұл әуес мамандыққа айналды. Ол НЗМ бітіріп, болашақ мамандық ретінде графикалық дизайн мен анимацияны таңдады. Бұдан бөлек Дилнұр каратемен айналысады, белгілі жетістікке жетті. Ән айтады, ән жазады, волейбол, баскетбол, футбол құрамаларының мүшесі болып табылады.

Дінмұхамед кәсіби тұрғыдан жүзумен айналысады. Ол республикалық жарыстардың жүлдегері, ересектердің бірінші дәрежесіне ие, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының мүшесі, мамандандырылған мектепте оқиды. Оқудан тыс аптасына алты, күніне екі реттік жаттығулары бар. Сонымен қатар ол музыкалық мектепті бітірді, пианиношылар арасындағы еуропалық байқаудың жүлдегері болып табылады.

Алихан — шахмат бойынша Қазақстан чемпионы. Шахматпен бес жастан бастап айналысып жатыр – бұл да көп күш-жігерді, жаттығуларды талап ететін үлкен спорт. Ол Республикаға да, шетелдерге де шығып жатыр – әлем чемпионаттарына екі рет қатысты. Сонымен қатар баскетболмен айналысады.

Алдияр көпшіліктің назарында болуды, шулауды, әңгімелесуді ұнатады. Біз көп нәрселермен айналысып көрдік, ол болашақта шоумен немесе блогер болады деп ойлаймыз.

Дәурен. Мен балаларға жиі кітаптар ұсынамын, мақалаларға сілтемелер жіберемін. Біз олардың өздігінен таңдау жасауға, байқап көруге, қателік жасауға мүмкіндік береміз. Балаларымыздың үлкен мақсаттар қойып, оларға ешбір күмәнсіз жеткендерін қалаймыз.

Балалармен бастық болуға болмайды, оларға дос ретінде қарау керек және шынайы болу керек

Балалармен бастық болуға болмайды, оларға дос ретінде қарау керек және шынайы болу керек.

169F4438-738B-4AFC-A2CE-2C04C003D143.jpeg

Әсем. Біз балаларымызбен достық қарым-қатынасты құраймыз, олармен тең дәрежеде сөйлесеміз. Жиі кеңесеміз. Мысалы, Дилнұр – біздің отбасылық дизайнеріміз және біз оның талғамына толықтай сенеміз.

Оларды жаман бағалар немесе жеңілістер үшін айыптамаймыз. Ақыл айтпауға тарысамыз.

Тәрбиелеу қағидаларының бірі – баланың бойындағы дербестікті дамыту. Кішкентайларынан бастап үй бойынша міндеттерін үлестіріп бердік. Олар ерте жастан бастап өздері дүкенге барып, тамақ әзірлей алады. Оларға тапсырма берсем, оның орындалатынына сенімді бола аламын.

Тәрбиелеу қағидаларының бірі – баланың бойындағы дербестікті дамыту

Балалар ерте уақыттан бастап шешімдерді өздігінен қабылдап, жауапкершілік таныта алса, өздері үшін жақсырақ болады. Қазірде қиын жағдайларда өздері шешім таба алатындарына сенімдімін.

Мен оларға толықтай сенім білдіремін. Бұл оқуға да байланысты. Біз оқуға мәжбүрлемейміз, тапсырмаларын қадағаламаймыз. Балалар бұның өздеріне қажет екенін, бұл олардың жауапкершілігі екенін түсінеді.

2781B088-24E1-4019-86E3-BEC44C92CCC5.jpeg

Баланы тоқтатып, жоқ жерден мәселе шығарудың қажеті жоқ. Бала тоқтай алмайды, сол себепті қолынан келмейді деп алдын-ала ойламау керек. Бірдеңе істегісі келсе, оған мүмкіндік беру керек және соңына дейін сену керек. Балалар бізбен жарысады және біз оларды тоқтатпаймыз, қойылған мақсаттарға бірге жетеміз.

Соның арқасында балалар кішкентайынан еркіндікте өсіп, өмірден нені қалайтындарын біледі.

Дилнұр. Уақыттың басым бөлігінде әрқайсысымыз өзінің ісімен айналысады – жұмыс, оқу, спорт, әуестер. Бірақ бірге жиналған кезде, біз әңгімелесеміз, көп қалжыңдасамыз.

Әсем. Қызымыз мектеп бітірді және биыл шетелге оқуға барады, сол себепті біз уақытты бірге өткізуге тырысамыз.

Біз белсенді демалысты жақсы көреміз. Табиғатқа жиі шығамыз, тауға барамыз. Велосипед, коньки тебуді ұнатамыз.

Бізде кенеттен болатын жағдайлар көп, себебі біз оңай әрекет етеміз. Тез жиналып, бір-бірімізді қолдап, бір жерге кетіп қалуымыз мүмкін.

C85CBD5D-D6C0-4DA3-BCBF-0274CD737724.jpeg

Қазіргі сәттегі рухтың күйі


Дәурен. Біз позитивті толқындамыз. Жекеменшік мектебімізді ашып, сол жағалауға көшіп жатырмыз. Мақсаттарымыз үлкен және олардың барлығын жүзеге асыруға болады.

Осындай мүмкіндіктер үшін өзімізге, айналамызға, Астанаға алғыс білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.