facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
d-mdi-yma-tar-fastfudty-d-mdi-zh-ne-paydaly-ta-ammen-almastyrudy-zholy
logo
«Дəмдi құймақтар» – фастфудты дəмдi жəне пайдалы тағаммен алмастырудың жолы

24.03.2019

«Дəмдi құймақтар» – фастфудты дəмдi жəне пайдалы тағаммен алмастырудың жолы

Гүлмира Шамешова, 40 жаста, туған қаласы — Ақтɵбе, кəсiпкер


Кəсiбiнiң бастамасы


Барлығы Оренбург қаласындағы сапардан басталды. Бiз шаруаларымызбен келдiк жəне тез тамақтанып алуды қаладық. Бiзге кезіккен құймақхана мен үшiн үлкен ашылым болды. Сол жерде құймақтар мен кофеден бɵлек, кең кɵлемдi мəзiрдiң болғаны ұнады. Барлық тағам тез жəне дəмдi əзiрлендi. Сонда менде қазақстандық тұтынушымызға осындай қызметтi ұсыну идеясы пайда болды.

IMG_3817-20-03-19-06-38.JPG

Мен желiнiң негiзiн салушымен кездестiм, олар франшизаларын Қазақстанда дамытуды маған сенiп тапсырды. «Дəмдi құймақтардың» алғашқы нүктесiн 2015 жылы Ақтɵбеде Keruen City СОСО-да аштық.

Сонымен қатар мен туристiк фирманың жетекшiсiмiн жəне өткен жылы бiз кеңсемiздi Астанада аштық. Жыл бойы мен жергiлiктi мекемелердi, тамақтану орындарды зерттедiм. Осында құймақтарымыздың жетiспейтiнiн түсiндiм. Турфирмаға арналған орынды субаренда бойынша басқа компаниямен жалға алдық. Сол себептi олар кɵшiп кетудi шешкен кезде, бiз осы орынды толықтай жалға алу жайында ойладық. Қорқынышты болды, себебi Астана – ɵзiнiң түсiнiктерi мен қызығушылықтары қалыптасқан жаңа қала. Бiрақ бiр ай бұрын бiз жұмысымызды бастадық жəне мен нəтижеге ризамын.


Идея жайында


Желiлерiмiздiң негiзгi идеясы – тез жəне дұрыс тамақтану.

Заманауи адамдардың үйде тамақ əзiрлейтін уақыттары жоқ. Сол себептi кɵбiсi жол жɵнекей тамақ iшедi, фастфудтарды таңдайды, себебi бұл тез жəне тойымды. Ал бiз дəмдi үй тамағын ұсынамыз, ол да тез əзiрленедi. Пайдалы тамақтанып, уақытын үнемдеу үшiн адам бiзге келе алады.

Желiлерiмiздiң негiзгi идеясы – тез жəне дұрыс тамақтану



Тағам түрлері жайында


Бiзде құймақтың 25 түрi бар. Олардың 14 тойымды жəне 11 тəттi болып келедi. Барлық құймақтар тапсырыспен пiсiрiледi. Салындысы күн сайын қажеттiлiк бойынша əзiрленедi.

IMG_3814-20-03-19-06-38.JPG

Құймақтардан бɵлек, бiз кɵже əзiрлеймiз – тауық етiнен əртүрлi сорпалар, борщ, тұшпара, варениктер, салаттар дайындаймыз.

Сонымен қатар қарақұмық ботқасын дайындаймыз – ол пайдалы микроэлементтермен айрықша бай. Бiз оған əртүрлi салындылар мен тұздықтарды қосамыз. Таңғы асқа тəттi салындылар қосылған күрiш ботқалары бар. Мысалы, банан-шоколад, таңқурай-қойылтылған сүт.

Бiз қонақтарымызға түйiршiктелген табиғи кофе, мүкжидек морсын жəне шəй ұсынамыз.

Ал Ақтɵбеде жұмсақ балмұздақ дайындаймыз, оны Астанаға жазға қарай əкелудi жоспарлаймыз.

Бiз барлығын табиғи азық-түлiктерден дайындаймыз

Бiз барлығын табиғи азық-түлiктерден дайындаймыз. Əдетте желiлiк фастфудтарда аспаздар болмайды – олар бургерлердi вакуумдық дайындамалардан алады да, микропештерде жылытады. Бiз барлығын ɵзiмiз дайындап, пiсiремiз, бiзде ештеңе қуырылмайды. Тұз, бұрыш жəне лавр жапырағынан басқа ешқандай дəмдеуiштердi қоспаймыз. Тағамдарымыз түрлері ɵзiме ұнайды, мен үйде де осылай тамақтанамын. Бiз осы тағамды балаларымызға ұсынамыз және денсаулықтары үшін еш уайымдамаймыз.

Бiздiң аспаз əрдайым процесс үстiнде – тапсырыстардың түсуiне байланысты барлығын шағын порциялармен дайындайды.

Бiз ешкiммен жарыспаймыз жəне басқалардан күштiмiз деп айтпаймыз. Бiрақ бiз табиғи ɵнiмдерiмiз үшiн жауаптымыз.


Қиындықтар жайында


Ақтɵбеде ашылған кезде, адамдардың бургерлерге əлi де тоймағанын түсіндік. Кɵбiсi құймақтарды не үшiн бiр жерге барып жеу керек екенiн түсiнбейтiн. Бiрақ бiз бургерлердi де, пиццаны да, бешпармақты да үйде жей аламыз. Сонымен қатар сыртта да дəмдi тағамды iше аламыз. Үйде немесе сыртта бiзде əрқашан таңдау бар: пайдалы немесе зиянды тамақ iшу.

IMG_3815-20-03-19-06-38.JPG

Астанада барлығы басқаша. Бiз ашылуға дайындалған кезде, адамдар осы форматпен үлкен ынтамен қызығатын. Астанада бұндай ɵнiм жоқ, сол себептi бiз ɵз орнымызды айқындай аламыз деген үмiттемiн.


Жоспарлар жайында

Бiз күн сайын тұтынушымызға ɵзiмiздiң фисолофиямызды жеткiзуге тырысамыз жəне клиенттерiмiздiң пiкiрiне құлақ асамыз, дамып отырамыз.

Жақынарада Астанада екiншi нүктенi ашуды жоспарлап жатырмыз жəне тағы бiр нүктенi Ақтɵбеде iске қосуымыз мүмкін.

Бiздiң мiндетiмiз – брендiмiздi Қазақстанда дамыту.






Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.