Тамила Умарханова, 26 жаста, туғанжері — Астана, скрипкашы
Астана — Чикаго
Құрманғазы атындағы Ұлттық академияны аяқтадым, кәсіби скрипкашымын. Концерттермен және шеберлік сабақтарымен әлем бойынша көп саяхаттадым. Жарты жыл бойы Англияда білім алдым. Астана Филармониясының Симфоникалық оркестрінде жұмыс істедім.

2016 жылы Филармония делегациясының құрамымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концертпен Нью-Йоркке бардым. Ал бір жылдан кейін тілдік мектепте оқып, Чикагода өмір сүру үшін көшіп келдім.
Ең бірінші әсерлер мен қиындықтар туралы
Бірден Чикагоға келдім, ол жерде жақын құрбым тұрды. Өзім тап болған әртүрлілік таңғалдырды. Және бұл барлығына қатысты болды — тауарлар, даладағы адамдар, мамандықтар өкілдері. Басымдағы бүкіл стереотиптер жойылып, барлығына басқаша қарай бастадым.

Жаңашылдыққа қарсы тұратын адамдар бар, алайда маған бұл өмір салтына ілесу қызық болды: адамдар қалай көліктерін қоятындары, қалай киініп, көңіл көтеретіндері. Барлығын білгім келді.
Көбінесе өмірге деген позитивті көзқарас көмектеседі. Әр адам әртүрлі Америкаға келеді. Кейбіреулері әділетсіз, қатыгез, ал басқалары әрбір адам президент болуға ықтималдылық бар, шексіз мүмкіндіктер Америкасына келеді.
АҚШ-ғы өмір туралы
Америкада тұрғаныма көп уақыт болған жоқ және бірден жергілікті адамдардың заңға бағынышты екендерін байқадым. Егер бір жерде белгі ілініп тұрса, оны бұзбайды, өйткені айыппұл төлейтіндерін біледі.

Американдықтар табиғаттан ләззат алып, демалуды біледі.
Чикаго — мәдениеттік оқиғаларға бай қала. Мұнда мұражайлар, түрлі фестивальдар, ерекше форматтағы кештер көптеп кездеседі. Музыкант ретінде мені адамдардың классикалық музыкаға деген қарым-қатынастары таңғалдырды. Қазақстанда бұл проблема екені барлығына мәлім. Адамдарды концертке жинау үшін өте көп тырысатынбыз. Ал бұл жерде әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды тыңдағысы келетін мыңдаған адамдарды көрдім. Ғаламторда оқып немесе көрген скрипкашылар, дирижерлер, күйсандықта ойнаушылардың концерттеріне барған кезде өте бақытты болдым. Мен секілді музыканы сүйетін адамға Америка — мінсіз қала.

Ашық аспан астында өткізілетін концерттерге американдықтар қонақ үйдің жартысын әкеледі — орындықтар, үстел, тіпті канделябрды да көрдім. Олар вино ашып, ірімшікті турап, жанды оркестрден рахат алады. Мен үшін бұл гедонизмнің шыңы.
Ел қалай әсер еткені туралы
Барлық өзгерістер көшуден көп уақыт бұрын пайда болады — материалды түрде, ойша дайындала бастайсың. Шетелге барған адамдардың барлығы мұнда кездейсоқ келмейді. Бұл көптеген факторлардың сәйкес келуі — ниет, жолыңыздың болуы, жағдайлардың сәтті орналасуы. Сен тек өзіңе сенім артуды үйренесің.
Мұнда ақшаға деген қарым-қатынасым өзгерді. Мұғалімнің жалақысының жартысын түскі асқа жұмсайтыныңды түсінген кезде шамамен үш күннен кейін ақшаны теңгеге айналдыруды қоясыз.
Бойымдағы еркіндік сезімі өзгерді. Барлық ұлт өкілдерінің алуантүрлілігін, бір-бірімен қалай тіл табысатындарын, өз мақсаттарыңызға жетудің көптеген жолдарын және оған қол жеткізуге көмектесетін түрлі мүмкіндіктерді көргенде — бұл масайратады.